Алеуметтану тероиясы indb


Микро- және макроинтеграция



Pdf көрінісі
бет374/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   596
Микро- және макроинтеграция
Микро- және макроэкстремизм
Қазіргі америкалық әлеуметтану теориясындағы ең ірі жікке бөлінудің бірі – 
полярлық микроскопиялық және макроскопиялық
2
теориялар (және теория-
шылар) арасындағы, сондай-ақ одан да маңыздысы – әлеуметтану теорияларын 
түсіндірушілер арасындағы конфликтілер (Archer, 1982). Осындай экстремалды 
теориялар және олардың анықтамалары әдеттегідей микро- және макротеория-
лар, жалпы мағынада әлеуметтану теориясындағы жанжал мен ретсіздік ара-
сындағы үлкен алшақтықты күшейтеді (Gouldner, 1970; Wardell және Turner, 
1986a; Wiley, 1985).
Бұл кітаптың бірінші бөлімінде қарастырылған (Маркс, Дюркгейм, Вебер, 
Зиммель) классикалық әлеуметтану теорияшыларын микро-макроэкстремис-


524
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тер деп түсіндіруге (көпшілігі солай істеді) болар еді, бірақ ең орынды және осы 
бөлімде бағдар беретін көзқарастардың бірі – олардың микро- және макродеңгей-
лерді байланыстырумен айналысуы (Moscovici, 1993). Марксті капиталистік қо-
ғамның жеке жұмысшыларды (және капиталистерге) мәжбүрлі шеттетуі қызық-
тырды деп санауға болады. Ал Веберді формалды рационалды қоғамның қатаң 
қыспағындағы индивидтің қиын жағдайы толғандырды. Зиммель болса негізінен 
объективті (макро-) және субъективті (немесе дара, микро-) мәдениеттердің ара-
сындағы қатынастарды зерттеді. Дюркгеймді макродеңгейлік әлеуметтік факті-
лердің индивидтер мен индивидуалды мінез-құлыққа (мысалы, суицид) әсері 
алаңдатты. Егер біз әлеуметтану теориясы классиктерінің осындай сипаттамасын 
қабылдасақ, онда өткен ғасырдағы америкалық әлеуметтану теориясының едәуір 
бөлігі микро-макробайланысқа деген қызығушылықты жоғалтты және микро-
макропозициялардың поляризациясымен, яғни микро- немесе макродеңгейге 
жоғары мән, маңыз беретін теорияшылар мен теориялардың басымдығымен си-
патталады. Макро-экстремистік жағында жанжал теориясы, құрылымдық функ-
ционализм және неомарксистік теорияның кейбір түрлері (әсіресе экономикалық 
детерминизм) болды. Микро-экстремистік жақта символдық интеракционизм, 
этноәдіснама, айырбас және рационалды таңдау теориялары болды.
ХХ ғасырдағы аса елеулі теориялардың ішінде Парсонстың «мәдени детер-
минизмін»
3
(1966); императивті үйлестірілген ассоциацияларды қарас тырған 
Дарендорфтың конфликт теориясын (1959); «Мен – құрылымдық детерминис-
шімін» деп жариялаған Питер Блаудың макроструктурализмін (1977a:х) атап 
көрсетуге болады. Макроқұрылымдық «экстремизмнің» басқа да қайнар көзі 
бар (Rubinstein, 1986), оның ішінде Уайт, Борман және Брейгер (1976) секіл-
ді желілік теориясы өкілдерінің, Дункан мен Шнор секілді (1959) экологтер-
дің, Мэйхью (1980) секілді структуралистердің тұжырымдамалары. Әрбір адам 
Мэйхью позициясының максимализмінен асып түсе алмас, ол: «Құрылымдық 
әлеуметтануда талдаудың бірлігі ешбір жағдайда индивид болмайды, әрқашан 
әлеуметтік желі болады», – дейді (1980:349).
Микро-экстремистік тұрғыда символдық интеракционизмге жататын бір-
шама теорияларды және Блумердың идеясын (1969a) қарастыруға болады. 
Блумер символикалық интеракционизмді микродеңгейлі құбылыстарға толы-
ғымен шоғырланған әлеуметтану теориясы ретінде анықтап, көбінесе дәл осы 
құрылымдық функционализмді ойда ұстаған (9-тарауды қараңыз, онда Блумер 
көзқарастарының мүлдем басқа түсіндірмесі беріледі). Экстремистік микро по-
зицияның тағы бір аса айқын мысалын Джордж Хоманстың (1974) айырбас тео-
риясынан табамыз. Хоманс құрылымдық функционализмнің баламасын іздеп, 
оны Скиннердің бихевиоризмінің аса радикалды микробағытынан тапты. Сон-
дай-ақ оған акторлардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөлетін этно әдіснама жа-
тады. Гарфинкель (1967) құрылымдық функционализмнің макротәсілдері және 
оның әрекет етуші акторларды «мінеуші меңіреулерге» айналдыру беталысын 
жақтырмаған. Шефф (2007) «микроәлеуметтану» мысалына неғұрлым жалпы 
оқиғаларды келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет