Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Микро- және макроинтеграцияның мысалдары



Pdf көрінісі
бет376/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   596
526
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Микро- және макроинтеграцияның мысалдары
Интеграцияланған әлеуметтанулық парадигма. Бұл тарау Джордж Ритцер-
дің (Ritzer, 1979, 1981) микро-макроинтеграциялау саласындағы жетістіктері-
нен, соның ішінде интегралды парадигма микро-макробайланыс мәселелері ту-
ралы көзқарасынан басталады.
Жалпы біріктірілген парадигмаға, микро-макробайланысқа деген Рит-
цердің көзқарасы бірқатар ізашарлардың, әсіресе Абрахам Эдель (Edel, 1959) 
мен Джордж Гурвич (Gurvitsh, 1964; Bosserman, 1968) шығармашылықтары-
ның әсерімен қалыптасқанын айта кеткен жөн. Гурвичтің пікірінше, әлеумет-
тік әлемді микродан макроға дейін көтерілетін тәртіпте көрсетілген «көлде-
нең» деңгейлер (Смелзер [Smelser, 1997] төрт деңгейді белгілейді) тұр ғысы-
нан зерттеуге болады: әлеуметтік формалар, топтық құрылымдар, әлеу мет-
тік тап, әлеуметтік құрылым және жаһандық құрылымдар. Сонымен қатар
осы иерархияны толықтыру үшін Гурвич «тік» немесе «терең» он деңгей ұсы-
нады. Олар аса объективті әлеуметтік құбылыстардан (мысалы, эколо гия лық 
факторлар, ұйымдар) басталып, аса субъективтілермен (мысалы, ұжымдық тү-
сініктер мен құндылықтар, ұжымдық сана) аяқталады. Гурвич әлеуметтік тал-
даудың сансыз көп деңгейін қалыптастыру үшін көлденең және тік өлшем дерді 
айқастырады.
Ритцердің біріктірілген әлеуметтанулық парадигма бойынша еңбегі ішін а-
ра Гурвичтің идеяларына негізделіп, бірақ көбінесе тиімді модель құру қажет-
тілігін насихаттаған. Ол жеке ойлау мен әрекеттен әлем-жүйелерге дейін жү-
ре тін микро-макроконтинуумнан (Гурвичтің көлденең деңгейлері) басталады 
(13.1-сызба). Берілген континуумға жеке әрекет пен бюрократиялық құрылым-
дар секілді материалды құбылыстардан, сана-сезім, нормалар мен құндылықтар 
(13.2-сызба) секілді материалды емес құбылыстарға дейін түрленіп отыратын 
объективті-субъективті континуум қосылады. Гурвич секілді, Ритцер бұл екі-
континуумды айқастырады, бірақ нәтижесінде әлеуметтік талдаудың көп теген 
деңгейлерінен гөрі, басқарылмалы төрт деңгейі ғана пайда болады. 13.3-сызбада 
Ритцердің әлеуметтік талдаудың негізгі деңгейлері көрсетілген.
Микро-макромәселесіне қатысты Ритцердің пікірі «оларды объективті-
субъек тивті континуумнан ажыратып қарастыруға болмайды» дегенге саяды. 
Бар лық микро-, сондай-ақ макротәртіптегі әлеуметтік құбылыстар объектив-
ті немесе субъективті. Онан мынадай қорытынды жасауға болады: әлеуметтік 
талдаудың негізгі төрт деңгейі бар, әлеуметтанушылар олардың арасындағы 
диа лектикалық өзара байланысты зерттеулері тиіс. Макро-объективті деңгей 
ауқым ды материалдық құбылыстарды қамтиды: қоғам, бюрократия және техно-
логия. Макро-субъективті деңгей нормалар мен құндылықтар секілді ауқымды 
мате риалдық емес құбылыстарды қамтиды. Микродеңгейлерде микрообъектив-
тілік әрекет пен өзара әрекеттесу үлгілері сияқты кішігірім объективті болмысқа 
қатысты болса, ал микросубъективтілік адамдар әлеуметтік шын дықты қа лып-
тастыратын кішігірім ақыл-ой процестерімен айналысады. Бұл төрт дең гейдің 
әрбірінің өзіндік орны бар, алайда олардың арасындағы және әрқайсысының өз 
ішіндегі диа лектикалық байланысы аса маңызды. 
Ритцер Expressing America: A Critique of the Global Credit Card Society («Аме-
риканы сипаттау: жаһандық кредиттік карта қоғамының сыни көзқарасы») 
еңбегінде (Ritzer, 1995; see also R. Manning, 2000) интегративті микро-макро-
бағытты қолданады. Сондай-ақ ол Ч. Райт Миллстың (C. Wright Mills’s 1959) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет