Алеуметтану тероиясы indb


13-тарау • Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция 13.1-СЫЗБА



Pdf көрінісі
бет377/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   596
527
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
13.1-СЫЗБА 

 Микроскопиялық-макроскопиялық континуумда анықталған 
кейбір негізгі нүктелер
13.2-СЫЗБА 

 Объективті-субъективті континуумда анықталған кейбір аралас 
типтер
13.3-СЫЗБА 

 Ритцердің әлеуметтік талдауының негізгі деңгейлері
Микроскопиялық
Макроскопиялық
Жек
е
ойлар
мен
әрек
ет
те
р
Өзар
а
әрек
ет
те
су
Топтар
Ұйымдар
Қоғамдар
Әлем-жүйелер
Акт
орлар,
әрек
ет
те
р,
өзар
а
әрек
ет
те
су
,
бюрокр
атиялық
құрылымдар
,
заңдар
және
т.б
.
Әр
түрлі
дәреж
еде
об
ъективті
және
су
б
ъ
ективті
элемент
те
р
д
і
біріктіретін
ар
алас
типт
ер
.
Мысалы,
мемлек
ет
,
о
тбасы
,
жұмыс,
дін
Шындықтың
әлеумет
тік
құрылыс
ы
,
нормалар
,
құндылықтар
және
т.б
.
Объективті
Субъективті
МАКРОСКОПИЯЛЫҚ
ОБЪЕКТИВТІ
СУБЪЕКТИВТІ
МИКРОСКОПИЯЛЫҚ
I. Макрообъективті
Мысалдар – қоғам, заң,
бюрократия, сәулет,
технология
және тіл
II. Макрообъективті
Мысалдар – мәдениет,
нормалар мен
құндылықтар
III. Микрообъективті
Мысалдар – мінез-құлық,
іс-әрекет және
өзара әрекеттесу
IV. Микросубъективті
Мысалдар – қабылдау,
нанымдар; шындықтың
әлеуметтік құрылысының
әртүрлі қырлары
Note that this is a “snapshot” in time. It is embedded in an ongoing historical process.


528
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мені жас кезімнен әлеуметтік әрекет пен әлеуметтік тәр-
тіптің мәселелері, осы мәселелерді шешу жолын табу 
мүмкіндіктері толғандырды, сол үшін бір жақты ойлаудан 
алшақ болдым. Демократиялық қоғамдағы идео логиялық 
ағымдар ретінде өмірлік маңызы бар шиеленіскен дихо-
томиялар теориялық жағынан оң шешілетініне әрдайым 
сендім.
Менің теориялық көзқарасым алғаш рет 1960 жылдар-
дың аяғы мен 1970 жылдардың басында қалыптасты, 
ол кезде Гарвард колледжінің студенті және Берклиде-
гі Калифорния университетінің аспиранты болып жүріп 
студенттік наразылық қозғалыстарына қатысқан бола-
тынмын. Жаңа солшыл марксизм өрескел марксизмнің 
экономизмін басып озу үшін күрделі қадамға барды, 
өйткені ол акторды тарихқа қайта енгізуге тырысты. Ол 
материалдық құрылымдардың мәдениетке, тұлғаға және 
күнделікті өмірге өзара сіңуін сипаттағандықтан, жаңа 
солшыл марксизм (оның жақсы не жаман жағын уақыт 
көрсетер) – ғылыми мансабымның бастауы болған теориялық синтез бойынша алғашқы дайын-
дығымды қамтамасыз етті.
1970 жылдардың басында көбіне саяси және эмпирикалық себептерге байланысты жаңа сол-
шыл марксизмге көңілім толмай жүрді. Оның сектанттық пен зорлыққа бет бұрысы мені қорқыт-
ты әрі көңіл күйімді түсірді, ал Уотергейт дағдарысы Американың өзін сынай алатын қабілетін 
көрсетті. Мен капиталистік демократиялық қоғам марксистік ойдың жаңа солшыл нұсқасының 
аясында да қарастырылмайтын қосылу, плюрализм мен реформалар үшін мүмкіндіктер ұсына-
ды деп шештім. Дегенмен марксистік тәсілден синтезге кетуімнің әлдеқайда абстрактілі теория-
лық себептері де болды. Классикалық және қазіргі теориямен толыққанды айналысуыма орай, 
осындай синтезге әрекет пен тәртіптің орталық категорияларын ашып көрсету арқылы емес, 
көбінесе психоаналитикалық марксизм, мәдени марксизм, феноменологиялық марксизмдер 
арқылы қол жетті деген шешімге келдім. Шын мәнінде сана-сезім, іс-әрекет, қауымдастық пен 
мәдениет неомарксистік категориялары – жұмбақ қара жәшік. Бұл мені жаңа солшыл марксизм 
негіздеген теориялық ресурстарды қамтамасыз ететін дәстүрлерге жетелеп әкелді. Аспиранттық 
зерттеуіме Роберт Белла мен Нил Смелзер жетекшілік етіп, жолым болды. Олардың мәдениет, 
әлеуметтік құрылым және әлеуметтану теориясы туралы идеялары мен үшін ұмытылмас әсер 
қалдырып, әлі күнге дейін рухани азық болып келеді.
Мен Theoretical Logic in Sociology («Әлеуметтанудағы теориялық логика») (1982–1983) атты ең-
бекте көп күш жұмсаған зерттеуімнің нәтижесін жарияладым. Бұл көп томдық жұмыстың идея-
сы 1972 жылы Толкотт Парсонстың The structure of socialaction («Әлеуметтік іс- әрекеттердің құ-
рылымы») атты ерекше еңбегімен танысқаннан кейін туындады. Бұл еңбек марксизм мә селе-
лерін жаңа қырынан көруге мүмкіндік берді. Кейінірек Белл, Смелзер және Лев Лоуэнтальдың 
жетек шілігімен осы жаңа құрылымды ескеріп, классикалық және қазіргі теорияларды пай дала-
на отырып еңбек еттім.
«Әлеуметтанудағы теориялық логика» еңбегімдегі мақсатым Маркс елемеген мәдениеттің 
ауқымды теорияларын Дюркгейм мен Вебер қамтығанын, сондай-ақ Вебердің алғашқы нағыз 
әлеуметтану синтезін құрастырғанын көрсету болды. Алайда мен «Дюркгейм ақыр аяғында 
идеалистік бағытта жылжыды, Вебер заманауи қоғамға қатысты механистік көзқарасты қалып-
тастырды» деген шешімге келдім.
Менің ойымша, Парсонстың еңбегін функциялық бағыттағы теория емес, синтез бойынша за-
манауи жұмыс деп қарастырған жөн. Дегенмен Парсонс та теориясын аса шартты және норма-
тивтік деңгейде қалдырып, шынайы синтез жасай алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет