Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет379/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   596
Көп өлшемді әлеуметтану. Джеффри Александер өзі «әлеуметтанудың 
жаңа «теориялық логикасы»» атаған ұғымды ұсынды (Alexander, 1982:xv). Ол 
«интеллектуалды континуумның әрбір деңгейінде әлеуметтанулық ойлауға» 
ықпал етеді (Alexander, 1982:65). Бұл тұрғыда Александер көп өлшемді әлеу-
меттану деп атаған ұғымды ұсынады. Көпөлшемділік оның жұмысында бірне-
ше мәнге ие болса да, әлеуметтік талдаудың деңгейлеріне көп мағына бергені 
туралы айту орынды.
Оны алдымен Александер (Парсонстың ізімен) тәртіп мәселесі деп атаған 
ұғымнан бастаймыз. Александердің пікірінше, микро-макроконтинуум («ин-
дивидуалды» немесе «ұжымдық» талдау деңгейі» [Alexander, 1982:93]) қо-
ғамда тәртіп әртүрлі деңгейде қалай орнайтынына байланысты. Континуумның
макро- жағында тәртіп сырттан қалыптасып, өзінің табиғаты бойынша ұжым-
дық, яғни ол қоғамдық құбылыстардан туындайды. Ал микро- жағында тәртіп 
ішкі факторлардан пайда болады, ол өзінің табиғаты бойынша индивидуалды 
түрде, яғни жеке келіссөздермен жүзеге асады.
Тәртіп мәселесіне классикалық парсонстық үлгіде әрекет мәселесі қосыла-
ды. Іс-әрекет Ритцердің интеграцияланған әлеуметтану парадигмасында қол-
данылатын объективті, субъективті континуумға сәйкес келетін материалистік- 
идеалистік континуумды қамтиды. Материалдық жағынан іс-әрекет инстру-
менталды, рационалды және шартты тұрғыда сипатталады. Ал материалдық 
емес жағынан ол нормативті де, рационалды да емес және аффективті болып 
көрсетіледі. Александердің тәртібімен әрекетіне байланысты айтсақ, Ритцер 
ұсынған төрт деңгейге ұқсайтын әлеуметтік талдаудың төрт деңгейін ұсына-
мыз (13.4-кесте).


531
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Терминология түрленгенімен, Александер мен Ритцер ұсынған модельдер 
арасында айырмашылық жоқ десе болады. Негізгі айырмашылық төрт дең-
гейдің қатысына байланысты. Ритцер төрт деңгей арасындағы диалектикалық
өзара байланысқа көңіл бөлгісі келсе, Александер деңгейлердің біреуіне ба сым-
дық беруге тырысады.
Александердің ойынша, микродеңгейге басымдық беру «теориялық тұрғы-
дан қате» (Alexander, 1987а:295). Ол жеке-нормативтік деңгейде нормативтік 
емес ерікті агенттігімен басталатын және макродеңгейге дейін қалыптасатын 
симво ликалық интеракционизм сияқты барлық теорияларға сыни баға береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет