Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет39/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   596
Әлеуметтік фактілер. Дюркгейм әлеуметтану пәнінің нақты тұжырымдама-
сын түзді, кейін оны эмпирикалық жолмен тексерді. Дюркгейм өзінің The Rules 
of Sociological Method («Әлеу меттану әдісі ережелері») ([1895] 1982) атты ең-
бегінде әлеу меттанудың ерекше міндеті – өзі атап кеткен әлеуметтік факті-
лерді зерттеу деп айтқан (Nielsen, 2005, 2007a). Ол әлеуметтік фактілерді ин-
дивидке қатысты сыртқы және мәжбүрлі сипатқа ие күштер (Takla and Pope, 
1985) мен құрылымдар деп таныған. Мұндай кең ауқымды құрылымдар мен 


22
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
күштерді зерттеу, мысалы, институттандырылған заң мен жалпы моральдық 
нанымдарды және олардың адамдарға әсері көптеген әлеуметтану теорияшы-
лардың (мысалы, Парсонс) алаңдаушылығын тудырды. Дюркгейм Le Suicide 
(«Суицид») ([1897] 1951) кі та бында өзін-өзі өлтіру секілді оқшау мінез-құлық 
пен әлеуметтік себептер (әлеуметтік фактілер) арасындағы байланысты дә-
лелдей алған болса, онда ол әлеуметтану пәнінің маныздылығы үшін игілікті 
іс болатын еді. Оның негізгі дәлелі – өзін-өзі өлтіру көрсеткіштерінің әртүрлі 
деңгейіне әкелетін әлеуметтік фактілердің сипаты және өзгерістері. Мысалы, 
соғыс немесе экономикалық тоқырау ұжымдық депрессия жағдайын қалыптас-
тырады, бұл, өз кезегінде, өзін-өзі өлтіру көрсеткішінің өсуіне алып келеді.
Дюркгейм «Әлеуметтану әдісі ережелерінде» ([1895] 1982) әлеуметтік 
фак тілердің екі типін ажыратады: материалдық және материалдық емес. Ол 
өзінің еңбегінде екеуін де қарастырғанымен, негізінен материалдық әлеу-
меттік фак тілерге (мысалы, бюрократия, заң) қарағанда, материалдық емес 
әлеуметтік фактілерге (мысалы, мәдениетке, әлеуметтік институттарға) кө-
бірек назар ау дарады. Оның материалдық емес әлеуметтік фактілерге деген 
қызығушылығы ертеректегі The Division of Labor in Society («Қоғамдық еңбек 
бөлінісі») ([1893] 1964) атты басты жұмысында-ақ анық көрінген. Бұл ең-
бекте ол көне және заманауи кезеңдерде қоғамды не біріктіргеніне қатысты 
салыстырмалы талдауға ерекше көңіл бөледі. Ол ерте қоғамды, ең бастысы, 
материалдық емес әлеуметтік фактілер, әсіресе қатаң ұжымдық мораль неме-
се, өзі атағандай, ұжымдық сана біріктіреді деген қорытынды жасады. Алайда 
заманауи қоғамның қиындықтарынан ұжымдық сана күші төмендеді. Қазіргі 
замандағы әлемде ең алғашқы біріктіруші – күрделі еңбек бөлінісі, ол адамдар 
арасындағы тәуелді қарым-қатынастарды құрды. Сонымен қатар Дюркгейм-
нің ойынша, заманауи еңбек бөлінісі кейбір «ауытқушылықтарды» тудырды, 
басқаша айтсақ, бұл қоғамды біріктірудің қолайсыз әдісі болды. Дюркгеймнің 
консервативті әлеуметтануын ескере оты рып, бір нәрсені анық байқаймыз: 
ол аталған мәселелерді шешу үшін революция қажет деп есептеген жоқ. Ке-
рісінше, ол заманауи жүйені «түзетіп», оның өмір сүруін қолдайтын әртүрлі 
реформаларды ұсынды. Ол ұжымдық сана үстемдік еткен заман қайта орал-
майтынын мойындағанмен, заманауи қоғамдағы ортақ моральды нығайтаты-
нын және адамдар өздері душар болған ауыт қушылықтарды жеңе алатынын 
сезінді.
Дін. Дюркгеймнің кейінірек шыққан еңбектерінде әлеуметтік фактілер бұ-
рын ғыдан да маңызды позицияларды ұстанды. Шындығында, ол өзінің The 
Elementary Forms of Religious Life («Дін ұс танудың қалыпты формалары») 
([1912] 1965) атты соңғы негізгі жұмысында материалдық емес әлеуметтік 
фактінің түпкі формасы – дінге назар аударды. Дюркгейм діннің түп тамы-
рын тапқысы келіп, примитивті қоғамдарды зерттеді. Ол «заманауи әлемнің 
күрде лілігіне қарағанда, оларды примитивті қоғамның салыстырмалы қара па-
йым дылық жағдайларында байқау жеңілірек болады» деп пайымдады. Оның 
пайым дауынша, діннің көзі қоғамның өзі еді. Қоғам белгілі бір нәрсені діни, 
ал бас қаларын дүниелік деп бағалайды. Соның ішінде Дюркгейм зерттеген мы-
салдың бірі – қауымдастық өсімдіктер мен жануарларға табынған діннің көне 
түрі – тотемизмнің шығу тегі болды. Өз кезегінде тотемизм ұжымдық сананың 
формасы секілді материалдық емес әлеуметтік фактінің ерекше түрі ретінде 
қарастырылған. Ақыр аяғында, Дюркгейм «қоғам мен дін (немесе ұжымдық 


23
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
сана) екеуі бір нәрсе» деген тұжырымға келді. Қоғам діннің көмегімен өзін 
материалдық емес әлеуметтік фактінің формасында көрсетеді. Кейін Дюрк-
гейм қоғам мен оның негізгі өнімдерін белгілі бір мағынада дәріптей бастады. 
Ол қоғамды аса дәріптеп, Құдайды немесе оның әлеуметтік шығу көзін жоққа 
шығарудан бас тартатын, әсіреконсервативті позицияны ұстанғаны түсінік-
ті. Бұл кітаптар және басқа да маңызды туындылар Францияның дәуір ара-
лығындағы академиялық әлеміндегі әлеуметтану үшін белгілі бір ауқымын 
белгілеуге жағдай жасап, осы дамып келе жатқан салада Дюркгеймге жетекші 
орынды иеленуіне мүмкіндік берді. 1898 жылы Дюркгейм әлеуметтануға ар-
налған L’année sociologique (Besnard, 1983) атты ғылыми журнал ашты. Бұл 
журнал әлеуметтанулық идеяларды дамыту мен таратудың қуатты күшіне 
айналды. Дюркгейм әлеуметтануға деген қызығушылықты көтермелеуге тал-
пынып, өз журналын кейінгі ізбасарлар тобын қалыптасатын ядроға айнал-
дырды. Кейінірек олар оның идеяларын дамытып, сол идеяларды өзге көп-
теген аумақтарға және әлеуметтік әлемнің (мысалы, заң әлеуметтануы мен 
қала әлеуметтануы) басқа аспектілерін зерделеуге көшірді (Besnard, 1983:1). 
1910 жылы Дюркгейм Францияда әлеуметтанудың мықты орталығын құрды, 
нәтижесінде әлеуметтанудың академиялық институттануы осы елде дамып 
қалыптасты (Heilbron, 1995).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет