Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет47/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   596
Зиммель теориясы. Георг Зиммель Вебердің замандасы және Неміс әлеу мет-
тану қоғамының негізгі құрылтайшысы болды. Зиммель әдеттегідей әлеу мет-
танушы-теорияшыл болған жоқ (Frisby, 1981; Levin, Carter, and Gorman, 1976a, 
1976b). Бір жағынан, ол америкалық әлеуметтану ойының дамуына тікелей 
және терең әсер етті, алайда жұрт Маркс пен Веберді біраз жылдар бойы елемей 
жүрді. Зиммельдің еңбектері америкалық әлеуметтанудың ежелгі орталықта-
рының бірі – Чикаго университеті мен оның негізгі теориясын, яғни символ-
дық интеракционизмді қалыптастыруға жағдай жасады (Jaworski, 1995; 1997). 
Біздің білуімізше, Чикаго мектебі және символдық интеракционизм 1920 және 
1930 жылдардың басында америкалық әлеуметтануда үстемдік етті (Bulmer, 
1984). Зиммельдің көзқарастары Чикагода айтарлықтай танымал болды. Бұған 
ерте кездегі Чикаго мектебінің басты өкілдері – Альбион Смолл мен Роберт 
Парк Зиммельдің теориясымен Берлинде 1800 жылдардың соңында танысқан-
дары айтарлықтай себеп болды. Парк 1899–1900 жылдары Зиммельдің дәріс-
теріне қатысты, ал Смолл Зиммельмен 1890 жылдары жиі хат жазысып тұрды. 
Олар оның идеяларын Чикагодағы студенттер мен оқытушы-профессорларға 
таныстырды, оның жұмыстарының кейбірін ау дарып, америкалық үлкен ауди-
торияға шығарды (Frisby, 1984:29).
Зиммель шығармашылығының басқа ерекше аспектісі – оның талдау «дең-
гейі» немесе Америкада танылуына негіз болған деңгейі. Вебер мен Маркс қо-
ғам мен капиталистік экономиканың рационалдандырылуы секілді кең ауқым-
ды мәселелермен айналысса, Зиммель шағын көлемдегі мәселелерге, нақтырақ 
айтсақ, дара әрекет пен өзара әрекеттесуге арналған еңбектерінің нәтижесінде 
атағы шықты. Ол Кант философиясымен өзектес өзара әрекеттесу формала-
ры (мысалы, конфликт) және өзара әрекеттесуші тұлғалардың типтері (мы-
салы, бейтаныс адам) туралы ойларының арқасында танымалдыққа ие болды. 
Зиммельдің ойынша, адамдардың арасындағы өзара әрекеттің мәнін ұғыну – 
әлеуметтанудың негізгі міндеттерінің бірі. Алайда әлеуметтік өмірдегі өзара 
әрекеттесулерді тұжырымдамалық құралдарсыз зерттеу мүмкін емес. Өзара 
әрекеттесу формалары және өзара әрекеттесуші тұлғалардың типтері осы қа-
жеттілік салдарынан қалыптасты. Зиммель сан алуан әлеуметтік жағдайларда 
кездесетін өзара әрекеттесу формаларының шектеулі санын ғана атауға болады 
деп есептеді. Осылайша, өзара әрекеттесу формалары туралы ақпаратты білу 
арқылы әртүрлі өзара әрекеттесу жағдайларын талдауға және түсінуге болады. 
Өзара әрекеттесуші тұлғалар типтерінің шектеулі санын қалыптастыру өзара 
әрекеттесу жағдайларын түсіндіруге септігін тигізеді. Бұл жұмыс символика-
лық интеракционизмге үлкен әсерін тигізді. Символикалық интеракционизм, 
аты айтып тұрғандай, негізінен, өзара әрекеттесумен байланысты құбылыс. 
Сондай-ақ Зиммель, Маркс пен Вебер секілді, әлдеқайда ірі көлемдегі мәсе-
лелермен де айналысқан. Бірақ бұл еңбектер оның өзара әрекеттесуге қатысты 
жазған жұмыстарымен салыстырғанда аса маңызды болмады. Дегенмен қазіргі 
уақытта Зиммель әлеуметтануының ауқымды аспектілеріне деген қызығушы-
лықтың артуы байқалып келе жатыр. Зиммельдің ішінара өзара әрекеттесу та-
қырыбына жазылған еңбегінің стилі ерте америкалық әлеуметтанушы-теория-


35
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
шыларына анағұрлым ұғынықты болды. Маркс пен Вебер сияқты көп томдық 
еңбектерден басқа, Зиммель кедейлік, жезөкшелік, сараңдық пен ысырапшыл-
дық, бөгделік секілді қызықты тақырыптар да бірсыпыра эссе жазды. Мұндай 
эсселердің қысқалығы және материалға қызығушылықтың жоғары деңгейі 
Зиммель идея ларының таралуын едәуір жеңілдетті.
Зиммельдің микроәлеуметтануына деген ерте америкалық көзқарас оның 
жұмысының мына төменгі екі аспектісіне теріс әсерін тигізді. Біріншіден, Зим-
мель lebensphilosophie (өмірлік философия) қозғалысындағы ықпалды тұлға 
болды. «Өмір» ұғымы Зиммельдің барлық жұмыстарының бастамасына негіз 
еді (Pyyhtinen, 2010). Негізінен, ол «адамның әрекеті – үнемі өзгеріп тұратын, 
динамикалық өмірлік күштердің көрінісі» деген пікірді ұстанған. Адамзат қо-
ғамы тіршілік қозғалысы мен әлеуметтік, мәдени формалардағы өмірді оңтай-
ландыру үшін адамның күш салуы арасындағы қысым ретінде өмір сүреді. Зим-
мельдің The View of Life («Өмірге көзқарас») ([1918] 2011) және Рембрандтың 
жақын арада жасалған ағылшын аудармалары оның жұмысындағы бұл аспектіге
деген академиялық қызығушылықты тудырды.
Екіншіден, Зиммельдің шағын эсселеріне деген ықылас оның көлемді және 
макроәлеуметтанулық жұмыстарын көлеңкеде қалдырып, теріс әсерін тигізді. 
Мысалы, Зиммельдің ағылшын тіліне аударылған The Philosophy of Money («Ақша 
философиясы») [1907–1978]; Poggi, 1993) еңбегі мәдениет пен қоғамға қызығу-
шылық танытқан көптеген теорияшылардың зор ықыласына бөленді.
Зиммельдің «Ақша философиясы» макробағыт анығырақ байқалғанмен, ол 
оның еңбектерінде әрдайым болды. Мысалы, Зиммельдің әйгілі диада мен триада 
жайлы жұмысында айқын байқалады. Зиммельдің пікірінше, екі адамнан тұратын 
топқа (диада) үшінші жақ қосылып, триадаға айналған шақ та әлеуметтану тұрғы-
сынан кейбір маңызды оқиғалар орын алады. Диадада бола алмайтын әлеуметтік 
мүмкіндіктер пайда болады. Мысалы, триадада мүшелердің бірі, қалған екеуінің 
арасындағы келіспеушіліктерге төреші немесе делдал бола алады. Ең маңыздысы, 
мүшелердің екеуі бірігіп, үшінші мүшеден басым бола алады. Бұл индивидтерден 
дараланып, оларға үстемдік ететін ірі құрылымдардың пайда болуына мүмкіндік 
туғызатын шағын көлемді көрсетеді.
Дәл осы тақырып – «Ақша философиясы» атты еңбегінің негізі. Зиммель, 
ең алдымен, заманауи қоғамдағы индивидтерден оқшауланып, оларға үстемдік 
ететін ақша экономикасының пайда болуымен айналысқан. Осы тақырып, өз 
кезегінде, Зиммельдің еңбегіндегі ірі және аса танымал тақырыптың бір бөлігі 
болды. Ол жалпы мәдениеттің индивидке үстемдік етуіне байланысты. Зим-
мель дің пікірінше, қазіргі заманда мәдениет және оның әртүрлі құрамдас бө-
лігі (ақша экономикасымен бірге) әлдеқайда кеңейіп жатыр, олардың дамуы 
барысында индивидтің маңыздылығы азайып келеді. Осылайша, мысалы, за-
ма науи экономикамен байланысты өнеркәсіптік технологиялар кеңейіп, одан 
әрі күрделенетін болса, жеке еңбектенушінің дағдылары мен мүмкіндіктері өз 
маңыздылығын жоғалтады. Соңында, жұмысшы әрі кетсе тек елеусіз бақылау 
жасай алатын өнеркәсіптік машинамен қақтығысады. Жалпы алғанда, Зиммель 
«заманауи әлемде жоғары мәдениеттің өркендеуі индивидтің маңыздылығы-
ның төмендеуіне алып келеді» деп санаған.
Әлеуметтанушылар Зиммельдің еңбегінің әлдеқайда кең ауқымды саласы-
на бет бұрса да, оның ертедегі ықпалының зор болуына – бірінші кезекте өзара 
әре кеттесу формалары мен өзара әрекеттесуші тұлғалардың типтері секілді ша-
ғын әлеуметтік құбылыстарды зерттеуі бірден-бір себеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет