Алеуметтану тероиясы indb


Модернизм және бірегейлік



Pdf көрінісі
бет406/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   596
Модернизм және бірегейлік
Модернизмнің салдары модернизм мен өзіндік сәйкестік кейінгі модернизмнің 
микроаспектілеріне, әсіресе өзіндік ұғымының деңгейінде айрықша назар ау-
дарған макробағыттағы еңбектерді («Модернизм және бірегейлік») тудырды 
(Giddens, 1991). Гидденс өзін модерн әлеуметінің институттарымен диалекти-
калы түрде байланысқан ғалым ретінде санаса да, үздіксіздіктің микросоңына 
айрықша назар аударған. Сол сияқты, біз де микромәселелерге назар аударатын 
боламыз, дегенмен үлкенірек диалектикалық мәселелерді де назардан тыс қал-
дырмауымыз қажет. 
«Өзін анықтаудағы және жаһанданудағы өзгерістер... жоғары модернизм 
жағдайындағы жергілікті және жаһандық диалектиканың екі полюсі бо-
лып табылады. Адам өмірінің ішкі жақтары... сол адамның өте кең кө-
лемдегі әлеуметтік байланыстарды орнатуымен тікелей байланысты...
Немесе адамзат тарихында алғаш рет «өзіндік» пен «әлеумет» ұғымдары 
жаһандық деңгейде өзара байланысқа түсіп тұр».
(Giddens, 1991:32)
Көріп отырғанымыздай, Гидденс модерн әлемінің рефлексті сипатына 
назар аударып, «модернизмнің рефлексінің сыры өзіндік мәннің ядросында; 
...өзіндік мәннің рефлексиялы сипатына ие болады» дейтін түсініктермен ке-
ліспей (1991:32), «өзіндік мәннің өзі де рефлексияға ұшырап, өзгеріп, қалып-
тасып отырады» деген. Яғни адам өзіндік мәнді жасағаны және оған ие болға-
ны үшін ғана жауапты емес, адамның жауапкершілігі үздіксіз және жан-жақты 
болады. Өзіндік мән өзін-өзі танудан және әлеуметтік жақын қарым-қаты-
настың дамуынан пайда болады. Модерн әлемінде адамның тәні «әлеуметтік 
өмірдің рефлексиялы құрылымына еніп кетеді» (Giddens, 1991:98). Демек, біз 
өзіміздің өзіндік мәніміздің құрылымына ғана емес, (тиісінше) тәніміз үшін 
де жауаптымыз. Өзіндік мәнді рефлексиялы жолмен жасау және оған ие бо-
луда басты рөл тәннің пайда болуы мен әртүрлі жағдайлар мен орындардағы 
соған сәйкес жүріс-тұрысына тиесілі. Адамның тәні дене мүшелерін қалып-
тастырып қана қоймай, өзіндік рефлексияға әкеліп соғатын, сондай-ақ жалпы 
модернизмнің рефлексиялығына ұшырататын әртүрлі «режимдердің» (мыса-
лы, диетаның, кітаптың, косметикалық хирургияның) де ықпалына ұшырай-
ды. Модерн әлемінде тән мен өзіндік мән туралы көп ойлайтынымыз да со-
ның әсері. Модерн әлемінде «тәжірибені байланыстыру» немесе «қарапайым 


587
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
өмірді ақымақтық, қылмыс, сырқат, ажал, сексуалды тартымдылық, табиғи-
лық сияқты құбылыстардан бөліп тұратын астарлы байланысқан процестер» 
бар (Giddens, 1991:149, 156). Мұндай байланыс күнделікті өмірдегі абстракті 
жүйелердің рөлінің өсуінің нәтижесінде пайда болған. Бұл байланыс біздің 
онтологиялық қауіпсіздігімізді күшейтсе де, «әлеуметтік өмірді адамзаттың 
моральды дилеммасын басты орынға қоятын фундаменталды экзистенциалды 
сұрақтардан алыстатады» (Giddens, 1991:156). 
Модернизмді негативті де, позитивті де дамуға себеп болған семсер сияқ-
ты десек, Гидденс сол модернизмді «жеке тұлғаның мәнсіздігіне төнген қауіп» 
дейді (1991:201). Бұл жерде кез келген мәнді ұғым күнделікті өмірден ажырап 
қалған; мәнін жоғалтқан. Дегенмен, диалектикалық тұрғыдан, өзіндік рефлек-
сия сол мәнін жоғалтқан нәрсенің қайта қалпына келуіне жол ашуы тиіс. Бұл 
орайда Гидденс адамзат «ұжымдық деңгейде және күнделікті өмірде моральды/
экзистенциалды сұрақтар басты рөлге қайта ие болатын» әлемге аяқ басты дей-
ді (1991:208). Гидденстің ойынша, модерннен кейінгі әлем – «моральға қайта 
келу» әлемі. Бір-бірімен байланысып жатқан басты мораль мен экзистенциалды 
сұрақтар, Гидденстің ойынша, кейінгі модерн дәуірінің өзіндік рефлексиясында 
орын алуы тиіс әлеуметте басты рөлге шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет