Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет405/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   596
ЭНТОНИ ГИДДЕНС
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
LSE Library/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/ commons/8/84/Anthony_Giddens_F
arewell_R
eception%2C_10th_
July_2003_%284149855573%29.jpg


583
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
ңістік бойында қозғалатын бейне. Соған қарамастан, бұл бейне Гидденс ерекше 
мән берген агенттің билігіне сәйкес келіп тұрған жоқ. Қуатты күшті бейнелеу 
модерн механизмдерінің оны басқаратын агенттерге қарағанда әлдеқайда күш-
тірек болуынан көрінеді (Mestrovic, 1998:155). Бұл мәселе Гидденстің таза тео-
риялық жұмысында агенттікке жасалған екпін мен «біздің әлемді өзгерте алу 
қабілетімізге қарсы жүйелік үрдістердің басымдығын көрсететін» маңызды та-
рихи талдаудың арасында сәйкессіздік бар деген жалпы сынаумен сәйкес келеді 
(Craib, 1992:149).
Модернизм және оның салдары
Гидденс модернизмді негізгі төрт институт арқылы анықтайды. Бірінші – тұр-
пайы тауар өндірісі және капиталды жекеменшіктену, кедейлік, жалдамалы 
жұмыс күші және осы сипаттамалардан шығатын таптар жүйесі ретінде сипат-
талатын капита лизм. Екіншіден – индустриализм – табиғаттың энергия көз-
дерін және тауар өн ді рісі үшін құрал-жабдықтарды қолдану. Индустриализм 
жұмыс орнымен ғана шек телмейді және оған басқа да өлшемдер, атап айтқан-
да, «көлік, байланыс және тұрмыс» та әсер етеді (Giddens, 1990:56). Гидденстің 
модернизм туралы алғашқы екі теориясын толыққанды еңбек дей алмаймыз, 
үшіншісі – қадағалау қабілеті – бұл еңбегін Мишель Фуконың еңбектерінің не-
гізінде жазған (17-тарауды қараңыз). Гидденс бұл еңбегінде: «Қадағалау дегені-
міз – қол астыңдағы халықтың жүріс-тұрысын бақылау», – деп анықтама берген 
(1990:58). Оның ойынша, қазіргі замандағы қадағалаудың соңғы өлшем бірлі-
гі – әскери күш немесе күш көрсетуді тежеу десек, оның ішіне соғыс индуст-
риясы да кіреді. Бұған қоса, Гидденс модернизмге жасаған талдауында, әсіресе 
макродеңгейдегі талдауында, ұлттық мемлекеттерге баса назар аударып, олар-
ды осы дәуірге дейінгі қоғамның әлеуметтік сипатынан тіпті басқаша тұрғыда
қарастырады. 
Модернизм, Гидденстің құрылымдау теориясының үш маңызды аспектісі 
бойынша, қозғалыста көрсетіледі: арақашықтықты сақтау, ығыстыру және реф-
лексивтілік (distanciation, disembedding and reflexivity). Бірінші – уақыт пен
кеңістіктің бөлінуі немесе арақашықтықтың сақталуы (бұл бөлінудің ұлғаю
процесі болғанымен, Гидденстің еңбегінің барлық аспектілері сияқты, бір ізді емес, 
ол – диалектикалық). Модернизмге дейінгі қоғамдарда уақыт бар лық жағдайда 
кеңістікпен байланысты болып, уақыттың өлшенуі дәл болған емес; жаңарумен 
байланысты уақыт стандартталды, ал уақыт пен кеңістіктің арасындағы байланыс 
бұзылды. Осы мағынада уақыт пен кеңістіктің мағынасы «босап қалды»; ешқан-
дай нақты уақыт немесе кеңістік артықшылыққа ие бол ған жоқ. Олар таза түрге 
айналды. Модернизмге дейінгі қоғамдарда кеңістік, не гізінен алғанда, физикалық 
жанасумен анықталды және соның негізінде жергіліктендірілген кеңістік бола-
ды. Модернизмнің келуімен кеңістік біртін деп орнынан ажырайды. Физикалық 
жанасу мүмкін емес және, арақашықтық тың алшақтығына қарамастан, қарым-қа-
тынас ықтимал бола бастайды. Гид денс тің ойынша, орын соғұрлым «фантасма-
горлық» бола бастайды; яғни «жергілікті және біршама алыс жатқан әлеуметтік 
әсерлермен астасып, солардың көз қарасы тұрғысынан қалыптаса бастады... Жер-
гілікті әсердің «көріну түрі» оның табиғатына сәйкес келмейтін қарым-қатынас-
тарды жасырады» (Giddens, 1990:19).
Модернизмде уақыт пен кеңістік бір-бірінен бірқатар себептермен алыстап 
кетті. Біріншіден, динамизммен ерекшеленетін (қазіргі заманға дейінгі түрлер-


584
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
мен салыстырғанда) және жергілікті, жаһандық тараптарды байланыстыруға 
қабілетті бюрократия және ұлттық мемлекет сияқты рационалдандырылған 
ұйымдардың өсуі мұны мүмкін етеді. Екіншіден, модернизм әлемдік тарихтың 
радикалдық мәнімен байланыстырылады және қазіргіні қалыптастыру үшін 
тарихқа сүйенуі тиіс. Үшіншіден, мұндай арақатынастың сақталуы, Гидденстің 
ойынша, қазіргі заманғы қозғалыстың екінші қайнар көзі – ажыратудың алғы-
шарты болып табылады. 
Гидденстің айтуынша, ығыстыру өзіне әлеуметтік қатынастарды өзара әре-
кеттестіктің жергілікті аясынан «шы ғарып алу» және оларды анық емес уақыт 
аралықтары арқылы қайтадан құрылымдауды» қамтиды (1990:21). Модерн 
қоғамында маңызды рөл атқаратын ығыстырып шығару механизмдерінің екі 
типі бар. Екеуі де «абстракті жүйелер» тақырыбына кіреді. Бірінші – неғұрлым 
атақтысы ақша болып табылатын символикалық жетондар. Ақша уақыт-кеңіс-
тіктің арақашықтығын сақтауға мүмкіндік береді, біз уақыт пен кеңістік арқы-
лы өзімізден алшақ тұрғандармен байланыса аламыз. Екінші – «біз өмір сүріп 
отырған материалдық және әлеуметтік ортаның үлкен бөлігін ұйымдастыратын 
техникалық жетістіктер жүйесі немесе кәсіби білімдер жүйесі» арқылы анық-
талатын эксперттік жүйелер (Giddens, 1990:27). Неғұрлым анық эксперттік 
жүйелер заңгер, дәрігер сияқты мамандарды қызықтыратын болса, онда біздің 
автокөліктер, үйлер сияқты күнделікті құбылыстар эксперттік жүйелер арқылы 
жасалады. Эксперттік жүйелер уақыт пен кеңістіктің өнімділігіне кепілдік бере-
ді (бірақ тәуекелсіз емес).
Уақыттық және кеңістіктік үлкен арақашықтықтарға негізделген абстракті-
лі жүйелерге тәуелді қазіргі қоғамда сенімнің рөлі өте маңызды. Сенімділіктің 
қажеттілігі осы арақашықтықтардың сақталуымен байланысты: «Біз үшін ылғи 
да тікелей көз алдымызда тұратындарға және іс-әрекеттерін тікелей бақылауға 
болатындарға сенудің қажеттілігі жоқ» (Giddens, 1991:19). «Уақыт және кеңіс-
тік тұрғысынан алғанда, арақашықтықтың ұлғаюы нәтижесінде бізде әлеумет-
тік құбылыстар туралы толық мәлімет болмаған жағдайда сенім қажет бола-
ды» (Craib, 1992:99). Сенім – «алынған мәліметтер жиын тығы мен оқиғаларға 
қатысты адамның немесе жүйенің сенімділігіне, олардың адалдығына немесе 
басқаның махаббатына, немесе абстрактілік прин циптерінің дұрыстығына (тех-
никалық біліміне) шүбә келтірмеушілік» (Giddens, 1990:34). Сенім, тұтасымен 
алып қарағанда, қазіргі қоғамда ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде ажыра-
ту үшін қызмет ететін символикалық бел гілерге және эксперттік жүйелерге қа-
тысты да маңызды. Мысалы, ақша эко номикасы мен құқық жүйесі жұмыс істеу 
үшін адамдар оларға сенуі тиіс.
Модернизмнің үшінші сипаттамасы – оның рефлексивтігі. Рефлексивтік Гид-
денстің құрылымдау теориясының (сонымен қатар, оның көзқарасы бойын ша, 
адамдардың өмір сүруінің) фундаменталдық сипаты болып табылғанымен, «әлеу-
меттік тәжірибелер ұдайы зерттеліп, осы тәжірибелерге қатысты және олардың 
сипатын түбегейлі өзгертетін мәліметтердің түсуіне байланысты ре формаланып 
отырады (Giddens, 1990:38). Қазіргі әлемде ой-толғаулар еркіндігі, тіпті бейнелік 
тұрғыдан да, бізді екіұштылық сезімде қалдырады. Одан да зоры, бұл екі есе ин-
терпретациялау мәселесінің (13-тарауды қараңыз) орын алуы әлеуметтік әлемді 
эксперттердің ережеге сай өзгерту үрдісіне алып келеді. 
Модернизмде өмірдің ығыстырушылық сипаты бірқатар оғаш мәселелерді 
тудырады. Олардың бірі тұтасымен абстрактілік жүйелерге және соның ішінде 
эксперттік жүйелерге сенімнің қажеттілігін көрсетеді. Өзінің күмән туғызатын 


585
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
бір теңеуінде Гидденс балаларды балалықтың әлеуметтенуі кезеңіндегі сенім 
«мөлшерімен» «егілгендер» ретінде қарастырады. Әлеуметтенудің бұл аспек-
тісі адамдарды «қорғаныс қабатымен» қамтамасыз ету арқылы, ересек жасқа 
келгенде олардың жетілуі есебінен онтологиялық қауіпсіздік пен сенім өлшемі-
мен қамтамасыз ететінін көрсетеді. Бұл сенім, ережеге сай, күнделікті өмірде біз 
кездесіп қалатын процедуралар сериясы арқылы бекітіледі. Алайда жаңарумен 
байланысты қалыптасып, барлық уақытта біздің сенімімізге қауіп төндіріп және 
жаппай онтологиялық қорғансыздыққа әкелетін жаңа және қауіпті тәуекелдер 
бар. Гидденстің көзқарасы бойынша, ығыстыру механизмі түрлі салаларда қауіп-
сіздікті қамтамасыз еткенімен, олар ерекше «тәуекелдер көрінісін» қалыптас-
тырды. Тәуекел қарқыны бойынша жаһандық (ядролық соғыс біздің бәрімізді 
өлтіруі мүмкін) және кенеттен болатын оқиғалар бүкіл әлемде көптеген адамды 
(мысалы, бүкіләлемдік еңбек бөлінісіндегі өзгерістер) қамтуда. Содан соң біздің 
материалдық дүниені басқарудағы күш-жігерімізге қатысты тәуекелдер де бар. 
Сонымен қатар олар жаһандық инвестициялық нарықтар сияқты институттық 
тәуекел орталарын жасауға да тікелей байланысты. Адамдар қауіп-қатер туралы 
көбірек біледі, ал діндер мен әдет-ғұрып – бұл қауіп-қатерлерді нақты өзгерте 
алатынына сенудің жолдары. Демек, қалың көпшілік бетпе-бет келетін тәуекел-
дер туралы біледі. Эксперттік жүйелердің бұл тәуекелдерді жеңу қабілеті шек-
теулі. Дәл осы тәуекелдер қазіргі заманды тежеусіз жойқын күшпен толықты-
рып, соның кесірінен біздің бойымызды онтологиялық сенімсіздіктер билейді.
Не болды? Біз неліктен модернизмнің қуатты күшінен шет қалудың жағым-
сыз салдарынан зардап шегеміз? Гидденс оған бірқатар себептерді көрсетеді. 
Біріншіден, модерн әлеміндегі дизайнның жеткіліксіздігі; модерн элементтерін 
жобалаған адамның қателік жасауы. Екінші, оператордың бас тартуы; мәсе-
ле – дизайнерлерде емес, заманауи әлемді басқаратындарда. Гидденс алдын 
ала болжанбаған салдар мен әлеуметтік білімнің рефлексивтігі жөніндегі осы 
екі факторға айрықша мән береді. Яғни іс-әрекеттердің салдарын толық болжау 
жүйе үшін мүмкін емес және жаңа білім жүйені жаңа бағыттарға бұруда. Осы 
себептерге байланысты біз қуатты күшті (juggernaut), яғни модерн әлемін толық 
бақылай алмаймыз.
Алайда Гидденс бас тартудың орнына утопиялық реализмнің қарама-қайшы 
жолдарын ұсынады, яғни модерн әлеміндегі утопиялық идеалдар мен шын өмір 
арасынан теңгерім іздейді. Ол сонымен қатар қазіргі әлемнің бірқатар тәуекел-
дерімен күресуде әлеуметтік қозғалыстардың рөліне үлкен мән беріп, бізге бұл 
тәуекелдерді азайтудың жолдарын көрсетеді.
Гидденстің (1994) ымырашылдық саяси позицияны іздеуге талпынған әре-
кеті оның кейініректегі Beyond Leftand Right: The Futureof Radical Politics («Сол-
ға және оңға: радикалдық саясаттың болашағы») деп аталатын кітаптарының 
бірінің атауынан көрінеді. Саяси позициялардың жойылуымен бірге, Гидденс 
қоғамдық өмірдегі зорлық пен күш көрсету, тәуелді билік, қоршаған ортаның 
ластануы, кедейлік мәселесін шешуде утопиялық реализмге негізделген «ра-
дикалдық саясатты» ұсынады. Гидденстің саяси позициясы, ең болмағанда, ка-
питализмнің кейбір аспектілерін (мысалы, нарықтар) қабылдауды және социа-
лизмнің көптеген аспектілерінен (мысалы, революциялық субъект) бас тартуды 
көздейді. Осылайша, Гидденс өте күрделі және тар саяси соқ пақтан жол табуға 
тырысады.
Модернге деген көзқарасын қарасақ, Гидденс постмодернді жақтай ма? Ол, 
бір жағынан, біз әдетте постмодернмен байланыстыратын тұжырымдардың 


586
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
көпшілігін жоққа шығарады. Мысалы, жүйелі білімнің жоқтығы, Гидденстің 
ойынша, «интеллектуалдық іс-әрекеттен тұтастай бас тартуға» алып келеді
(1990:47). Гидденс біздің модернизмнің жоғары кезеңінде өмір сүріп жатқа ны-
мызды көріп тұрып, постмодерн туралы түсінік алуға мүмкіндік барын айтады. 
Мұндай әлем, оның ойынша, постдефициттік жүйе сипатында көп қабатты де-
мократиялығымен, демилитаризациямен және гума нис тік технологиялармен 
айқындалады. Соған қарамастан, постмодерндік сипаттамалардың бәрін айт-
пағанда, әлем қандай да бір бағытқа қарай қозға латынына ешкім кепілдік бере 
алмайды. Дегенмен осындай жайттар, Гидденстің ойынша, рефлекторлық түрде 
көмек көрсетуде ерекше рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет