Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет404/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   596
Модернизмнің қуатты күші 
Энтони Гидденс құрылымдау теориясына сай болуға ұмтылып қана қоймай 
(13-тарауды қараңыз), сонымен қатар Вебер және оның «темір торы», өзге де 
классикалық ойшылдардың еңбектерін талдай келе (1990; Mestrovic, 1998, Гид-
денстің қазіргі заман теориясын өткір сынауын қараңыз), заманауи әлемді (оның 
XVII ғасырда Еуропадан шығу негіздерінен) қуатты аяусыз күш (juggernaut) 
деп бейнеледі. Нақтырақ айтқанда, ол бұл ұғымды модерн заманының алдың-
ғы қатарлы кезеңін – радикалды, жоғары немесе кейінгі модернизмді бейнелеу 
үшін қолданады. Осылайша, Гидденс постмодерн кезеңіне аяқ бастық деушілер-
ге қарсы шыққанымен, болашақта постмодерннің бірқатар типтері болатынын 
айтады. Біз әлі де заманауи кезеңде өмір сүріп отырғанымызбен, Гидденстің 
көзқарасы бойынша, бүгінгі әлем классикалық әлеуметтану теорияшыларының 
әлемінен өте ерекшеленеді.
Төмендегі жолдар Гидденстің заманауи әлемнің қуатты аяусыз күштерін қа-
лай сипаттайтынын көрсетеді.
«Адам ағзасы секілді біртұтас, үлкен күшке ие, зымырап бара жатқан 
процестің белгілі бір деңгейдегі екпініне ілесе аламыз, бірақ ол кез кел-
ген сәтте бақылаудан шығып кету қаупін тудырып, күтпеген жағдайға 
ұшыратуы мүмкін. Қуатты аяусыз күш өзіне қарсы келгендерді басып-
жаншып тастайды. Кейде қауіпсіз секілді көрінгенімен, біз болжамаған 
бағытқа қарай кілт бұрылуы ықтимал. Процесс барысы үнемі тар жол, 
тайғақ кешу емес, тіпті қуанышты сәттері де жиі болады, үміт отын да 
жаға алады. Алайда әзірге жаңа заман институттары сақталып отырған-
дықтан, біз ешқашан жол бойын немесе сапар қарқынын толық бақылай 
алмаймыз. Сондықтан біз үнемі өзімізді толық қауіпсіз ете алмаймыз, 
өйткені жол өтетін жердің тәуекелдік деңгейі әрқашан жоғары».
(Giddens, 1990:139)
Заманауи кезең қуатты қатал күш түрінде өте динамикалы; бұл – өзгеріс қар-
қыны, ауқымы мен маңызы жағынан бұрынғы жүйелерге қарағанда күштірек, 
«шапшаң әлем» (Giddens, 1991:16). Гидденс бұл аяусыз күштің бір ғана жолмен 
жүрмейтінін айтты. Сонымен қатар ол бір ғана бөлімнен емес, бір-біріне қарама-
қайшы және шиеленіскен әлденеше бөліктерден құралады. Гидденс бізге ескі 
түсінікке сай ұлы теорияны немесе тіпті де бір бағыттағы күрделі, әсірелі баян-
дауды ұсынбайтынын айтады.
Қуатты аяусыз күш идеясы құрылымдық теориясымен, оның ішінде кеңістік 
пен уақыт түсінігімен, үйлесім тапқан. Juggernaut – уақыт және физикалық ке-


582
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Энтони Гидденс – Ұлыбританияның ең әйгілі модер-
нист әлеуметтанушысы және әлемдегі бірден-бір 
беделді теорияшы (Stones, 2005a). 1938 жылдың 
18 қаңтарында дүниеге келген (Clark, Modgil and 
Modgil, 1990). Ол Халл университетінде (University 
of Hull), Лондонның экономика мектебінде және 
Лондон университетінде оқыды. 1961 жылы Гидденс 
Лестер университетіне оқытушы болып орналасады.
Оның ертеректегі жұмысы эмпирикалық сипатта-
ғы суицид мәселесіне арналды. 1969 жылы бедел-
ді Кембридж университетінде әлеуметтану оқы-
тушысы қызметіне тағайындалып, содан соң Ко-
рольдік колледжге ауысты. Оның мәдениетаралық 
жұмыспен айналысуы халықаралық деңгейде кең 
танылған The Class Structure of Advanced Societies 
(«Жетекші қоғамның таптық құрылымы») (1975) 
еңбегінің жазылуына алғышарт болды. Келесі он-
жылдықтар барысында Гидденс бірқатар маңызды 
теориялық жұмыстарын жариялады. Құрылымда-
лу теориясы деп аталатын еңбектерін бірінен соң бірін жаза бастады. Сол жылдары Гидденс зор 
шабытпен жұмыс істеді, 1984 жылы The Constitution of Society: Outline of the Theory of Structuration 
(«Қоғам конституциясы: құрылымдау теориясының жоспары») атты кітабы жарық көрді. 1985 жылы 
Гидденс Кембридж университетінің профессоры қызметіне тағайындалды.
Гидденс отыз жылдан аса әлеуметтану теориясының ең білікті маманы болды. Сондай-ақ ол қазіргі 
британдық әлеуметтанудың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Біріншіден, ол Макмиллан және 
Хатчинсон баспаларында кеңесші редактор болып қызмет етті. Оның басшылығымен көптеген еңбек 
жарық көрді. Тағы бір айта кететін маңызды дүние – әлеуметтану теориясы бойынша еңбектер жа-
риялауда ерекше белсенді әрі беделді Polity Press баспасының ортақ құрылтайшысы болды. Гидденс 
америкалық стильдегі әлемдік деңгейде танымал Sociology («Әлеуметтану») оқулығын шығарды.
Теорияшы ретінде Гидденс Құрама Штаттарда, сондай-ақ әлемнің басқа да аймақтарында өте 
ықпалды болды. Бір қызығы, оның еңбегі өз елі – Ұлыбританияда соншалықты танымал емес. 
Мұның себебі көптеген британдық әлеуметтік теорияшылар қол созған жетістікке бұрын жетіп, 
бүкіләлемдік мойындауға ерте ие болуымен байланысты болуы ықтимал. Крейбтің айтуынша: 
«Гидденс өздерін толығымен әлеуметтануға арнаған біздің қиялымызды шындыққа айналды-
рып, қызу әрі тартысты дебаттарда өзінің құрылымдау теориясы төңірегінде ойланып, зерттеуді 
бастап та кеткенге ұқсайды» (1992:12).
1990 жылдары Гидденстің зерттеу бағыты күрт басқа арнаға бұрылды (Bryant and Jary, 2011). 
Бірнеше жыл бойы жүргізілген терапия оның жеке өміріне, сонымен қатар Modernity and Self-
Identity («Модернизм және өзін-өзі тану») (1991), The Transformation of Intimacy («Интимдік транс-
формация») (1992) сияқты кітаптарының жазылуына түрткі болды. Терапия оның өзіне деген 
сенімділігін нығайтып, танымал тұлғаның рөлін атқаруына, тіпті Ұлыбритания Премьер-министрі 
Тони Блэрдің кеңесшісі болуға дем берді. 1997 жылы беделді Лондон экономика мектебінің (LSE) 
директоры болып тағайындалды. Ол Ұлыбританияда және басқа елдерде сөйлеген сөзімен LSE-
нің ғылыми беделін арттырды. Соңғы жылдары климаттың өзгеруі және жаһандану мәселесін 
көтерген жиындарға қатысып, Runaway World («Тұрлаусыз әлем») (2000) және Politics of Climate 
Change («Климатты өзгерту саясаты») (2009) атты еңбектерін жариялады. Қоғамдық өмірдегі 
белсенділік Гидденстің ғылыми еңбектеріне бірқатар теріс әсерін тигізген тәрізді (өйткені оның 
ең соңғы кітаптарына ертеректегі еңбектеріне тән тереңдік пен ой ұшқырлығы жетіспейді, әйтсе 
де оның қоғамдық өмірден өз орнын алуға бет бұрғаны анық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет