Алеуметтану тероиясы indb


14-тарау • Модернизмнің заманауи теориялары Модернизмнің қиялдағы әлемі



Pdf көрінісі
бет419/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   596
603
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Модернизмнің қиялдағы әлемі
Sources of the Self («Өзіндік мәннің шығу көздері») заманауи индивидуалдықты 
дамытуға мүмкіндік беретін құрылымдарды зерттейді. Modern Social Imaginaries 
(«Модернизмнің қиял әлемі») (C. Taylor, 2004) заманауи әлеуметтік тәртіпті 
сақтауға мүмкіндік беретін құрылымдарды қарастырады. Тейлор Бенедикт Ан-
дерсонның (1991) ұғымын пайдалана отырып, модернизмнің әлеуметтік қиял-
дардан қалыптасқанын дәлелдейді. Әлеуметтік қиял – қоғам туралы күнделікті 
тәжірибемен
3
 астасып жатқан идеялар жиынтығы. Әлеуметтік қиялдарға мына-
дай сипаттамалар тән:
• Олар зиялы адамдарға қарағанда, «қарапайым» адамдардың өз әлеуметтік 
ортасын «елестетуіне» назар аударады (C. Taylor, 2004:23).
• Олар «суреттерде, әңгімелерде және аңыздарда» жиі кездеседі, бірақ олар-
дың анық түрде танылуы және сипатталуы қажет емес; олар – күнделікті 
тіршілік аясын түсінудің бір бөлігі (23).
• Олар, бүкіл қоғамға болмаса да, адамдардың ауқымды тобына тиесілі (23).
• Әлеуметтік қиял – «ортақ іс-әрекеттермен
3
 кеңінен таралып, заңдылық се-
зімін тудыратын жалпы түсінік» (23).
Әлеуметтік қиялдар философтар мен басқа да әлеуметтік элиталардың жұ-
мысында пайда болғанымен, уақыт өте келе күнделікті тіршілік үшін алынған 
ақпараттың бір бөлігіне айналды.
Тейлор модернизм қиялының бірегей элементтерін анықтау үшін оны за-
манауилыққа дейінгі Батыс қоғамының әлеуметтік қиялдарынан ажыратады. 
Модернге дейінгі кезеңді сипаттауда Тейлор иерархиялық қосымша тұжырым-
дамасын атап көрсетеді:
«Қоғам әртүрлі тапсырыстарды жасау тұрғысынан қарастырылады. Олар 
бір-бірін қажет етеді және толықтырады, бірақ бұл шын мәнінде оларда 
өзара қарым-қатынас болатынын білдірмейді, өйткені бір деңгейде бол-
майды. Керісінше, кейбіреулері басқаларына қарағанда көбірек бедел мен 
құндылыққа ие иерархияны қалыптастырды. Бұған мысал ретінде үш 
түрлі тәртіптен тұратын ортағасырлық қоғамды идеалдандыруды атауға 
болады: дұға ететіндер, соғысатындар және жұмыс істейтіндер. Әрқай-
сысы бір-біріне қажет болатыны анық, бірақ онда абырой межесінің тө-
мендейтініне күмән жоқ; кейбір функциялар мәні жағынан басқаларынан 
жоғары болды (2004:11)».
Қазіргі заманға дейінгі әлеуметтік қиялдар «әлем түрлі құндылықтар мен 
құн қабаттарынан тұрады» деген идеяның төңірегінде өрбіді. Бұл әлем адамдар 
мен олардың мүдделеріне қызмет етпейді, бірақ оның орнына діни және ғарыш-
тық тапсырыстарды бейнелейді.
Заманауи түсінікте барлық адам, тым болмағанда, тең құндылыққа ие болды. 
1600 жылдан бері қарай, қазіргі заманғы Батыс өзін «өзара тиімділік» (C. Taylor, 
2004:19) тәртібіндегі құрылым ретінде елестете бастады. Енді адам дар өздерін 
өз қалауымен ғана қарым-қатынас жасайтын тұйық жан санады. Индивидуум 
мен жеке тұлға арасындағы байланыс бірдей (2004:13). Бұл еркіндік, теңдік, 


604
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
абырой және құрмет құндылықтары әлеуметтің заманауи идеясының бөлігі 
болып саналатын дәуірдің басталуы еді.
Өзара тиімділіктің заманауи тәртібі төрт институт: экономика, қоғамдық 
сала, егемен халық және сән арқылы жүзеге асырылады. Біріншіден, енді эко-
номика үй шаруашылығын басқарумен теңестірілмейді (алдыңғы замандар-
да болғандай), бірақ қазір тауарлар мен қызметтерді айырбастауда адамдар-
ды өзара байланыстыратын тәуелсіз сала ретінде саналады. Бұл айырбастар
өзара пайда әкеледі. Осы сипаттаманы «біздің ізденісіміз біздің жеке өзіміз-
дің гүлденуімізге, жалпы әл-ауқатымыздың көтерілуіне әсер етеді» деген Адам 
Смидтің көрінбейтін қол туралы әйгілі теңеуінен табуға болады (C. Taylor, 
2004:70). Марксистік және басқа да аналитикалық көзқарастар тұрғысында-
ғы қиындықтарға қарамастан, елестің осы компоненті қазіргі неолибералистік 
экономикада (16-тарауды қараңыз) халықтың санасына кеңінен енуде.
Заманауи әлеуметтік елестің келесі құрамдас компоненті – қоғамдық сала 
(сондай-ақ осы тарауда Хабермасты қараңыз). Тейлор қоғамдық саланы
«оның мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының әр түрі: баспа, элек-
трондық, сонымен қатар бетпе-бет кездесіп қалу арқылы жалпы мүд дені 
білдіретін сұрақтарды талқылап, олар туралы ортақ пікір қалып тастыра-
тын ортақ кеңістік ретінде сипаттайды (2004:83)».
Қоғамдық салада адамдар бір мезгілде бір-бірімен қатар жұмыс істеп, бірге 
жүріп-тұратынын өздері елестете алады. Олар Тейлор зайырлы кезең атаған 
таңғажайып тәртіптен тұратын қоғамды бірге құрады.
Егемен халық ұғымы қоғамдық салаға байланысты. Мұнда бұрын география-
лық кеңістікте шашыраңқы орналасып, қатал саяси биліктің қысымында болған 
адамдар өздерін ұйымдастыра және басқара алатын, жалпы ортаның игілігін бір-
ге көретін адамдар тобы және ұлттың мүшелері ретінде ойлай бастайды. Осыған 
байланысты француз революциясы – маңызды тарихи оқиға. Француз халқы
XVI Людовикті тақтан тайдырған кезде өзін монархиялық биліктің субъекті-
лері емес, азаматтық ұлт ретінде сезінді.
Сән – елес дамуының ең соңғы, сонымен қатар қазіргі уақытта едәуір ма-
ңызды мағынаға ие компоненті. Қоғамдық сала мен егемен халық – ортақ іс- 
әрекет кеңістігі және адамдар ортақ әлеуметтік немесе адамгершілік тапсы-
рыстарды орындау үшін бірігіп жұмыс істейтін кеңістік. Сән саласы ортақ 
әрекетті емес, бірақ өзара танымды талап етеді. Басқа салалар сияқты, сән 
өзіне түсетін пайданы жинақтайтын, тұлғааралық алмасуды қамтиды, алайда 
бұл, негізінен алғанда, «өзара бейнелеу» есебінен жұмыс істейді (C. Taylor, 
2004:168). Яғни басқа адамдар айқын әңгімелесуші ретінде қызмет етпейді, бі-
рақ олар – «біздің іс-әрекетіміздің куәгерлері» (168). Бұл елестің түрі, Георг 
Зиммель ([1903] 1971) атап өткендей, қалалық кеңістікте пайда болады. Бұл 
«жалғыздық пен бірліктің арасында қалықтайтын» елесті жасайды (68).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет