Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет451/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   596
Мәдени дифференциализм
Осы парадигмаларды қабылдайтын мәдениеттер ішінде ерекшеліктер бар, олар-
ға жаһандану немесе кез келген басқа, би-, аралық, мульти- немесе транс мәдени 
процестер айтарлықтай әсер етпеген деп ұйғарады. Бұл мәдениетке осы про-
цестердің бірде-біреуі, әсіресе жаһандану әсер етпейді деген сөз емес. Дегенмен 
аталған мәдениеттердің негізінде олар жоқ деген сөз; олар қандай болса, әрқа-
шан сондай болып қалады. Оған жаһандану тек үстірт әсер етеді, бірақ мәде-
ниеттердің терең құрылымына толығымен дендеп енбейді. Мәдениеттер жаһан-
дану үшін ғана емес, сонымен бірге басқа да мәдениеттердің әсері үшін жабық 
болып саналады. Бір тараптан әлем жеке бөлек мәдениеттердің өрнегі ретінде 
қарастырылады. Одан қорқыныштырақ бейне – бұл бильярд шарларының кө-
рінісі, бильярд шарлары (мәдениеттерді білдіретін) басқа бильярд шарларынан 
(басқа мәдениеттерді білдіретін) кері секіріп кететіндей көрінеді. Бұл көрініс 
одан да қауіптірек, себебі ол әлемдік мәдениеттер арасында қауіпті әрі апатты 
қақтығысудың мүмкін екенін көрсетеді.
Мәдени дифференциалды парадигманың бай тарихы бар, бірақ соңғы жыл-
дары болған екі оқиға нәтижесінде ол көпшіліктің назарын (сыншыларды да) 
өзіне аударды. Солардың бірі – 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік ша-
буыл және одан кейінгі Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар. Көптеген адам 
осы оқиғаларды Батыс пен Ислам мәдениеттерінің арасындағы конфликт, 
олардың арасындағы мәдени айырмашылықтардың нәтижесі деп бағалай-
ды. Басқа оқиғалар жиынтығы – Америка Құрама Штаттарының да (көбінесе
испан халқының қарқындап өсуі) және Батыс Еуропа елдерінің де (негізінен 
өсіп келе жатқан мұсылман халқы) өсіп келе жатқан мультикультурализмі, көп 
және аз халықтар арасындағы үлкен айырмашылықтар мен араздықтар.
Бұл парадигманың ең әйгілі және қарама-қайшы мысалы – Сэмюэл Хан-
тингтонның Clash of Civilizations and the Remaking of World Order («Өркениеттер 
қақтығысы және әлемдік тәртіпті қалпына келтіру») (1996) еңбегі. Хантингтон 
қазіргі әлемдегі ахуалдың басталуын «қырғиқабақ соғыстың» аяқталуынан, 
саяси-экономикалық (демократиялық/капиталистік және тота литарлық/ком-
мунистік) және мәдени айырмашылықтар негізінде әртүрлі дифференциация-


656
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ланған әлемнің қайта құрылуынан байқайды. Мұндай мәдени айырмашылық-
тар жаңа нәрсе емес (бұрынғы Югославия сияқты және басқалар арасындағы, 
сербтер мен хорваттар арасындағы айырмашылықтар), бірақ олар «қырғиқабақ 
соғыс» дәуіріндегі басым саяси-экономикалық айырмашылықтар салдарынан 
түбегейлі шиеленісті.
Соңғы жиырма шақты жылда көргеніміз – ежелгі тұлғалар, қарсыластар 
мен жаулар. Хантингтон осы мәдениеттер мен мәдени бірегейліктерді (ең ал-
дымен, ол үшін өркениет «анық көрсетілген» мәдениет) кең ауқымда сипаттау 
үшін өркениет терминін қолданады. Ол бұл өркениеттер арасында пайда болған 
жарықшақты, кейбірінің арасындағы тарихи араздықты өте қауіпті жағдай деп 
санайды.
Хантингтон бірқатар әлемдік өркениеттер арасындағы айырмашылықты 
ажыратады: Син (Қытай); Жапония (кейде «Син» өркениетімен бірге «Қиыр 
Шығыс» деп аталады); Үндіс; Исламдық; Православиелік (Ресейде шоғыр-
ланған); Батыс Еуропа; Солтүстік Америка (жақын орналасқан Австралия 
және Жаңа Зеландиямен бірге); Латын Америкасы және Африка (мүмкін). 
Ол осы өрке ниеттерді негізгі философиялық болжамдар, негізгі құндылықтар, 
әлеуметтік қарым-қатынастар, әдет-ғұрыптар мен өмірге қатысты жалпы көз-
қарастар бойынша ерекшеленеді деп қарастырады. Хантингтон үшін адамзат 
тарихы – негізінен, өркениеттердің, әсіресе нақты осы өркениеттердің тарихы. 
Өркениет олардың болмысына дәлел келтіретін фактіні қамтитын бірнеше си-
паттамаларды көрсетеді (олардың нақты шығу тегі және арасында айқын ше-
кара жоқ). Өркениеттер:
1) адамдардың ең тұрақты ассоциациясының бірі (олар уақыт өткен сайын 
өзгеріп тұрса да);
2) мәдени бірегейліктің ең кең деңгейі (адамзатты толық қамтымаса да);
3) өзін-өзі танудың субъективті қайнар көзі;
4) әдетте бір мемлекет аясынан кең ауқымды қамтиды (мемлекеттік функ-
цияларды орындамағанымен);
5) біртұтастық болып саналады;
6) дінмен де, нәсілмен де тығыз байланысты.
Хантингтон өркениеттер арасындағы қарым-қатынастың заманауи кең си-
паттамасын ұсынады. 3000-нан астам жыл бойы (шамамен б.з.д. 1500 жылдан 
б.з. 1500 жылға дейін) өркениеттер уақыт пен кеңістік тұрғысынан кеңінен бө-
лінді. Нәтижесінде олардың арасында байланыс болмауы да мүмкін. Олар пайда 
болған кезде шектеулі немесе негізінен ажырап қалған не шиеленіскен жағдайда 
болуы ықтимал.
Келесі кезеңде, шамамен 1500 жылдан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғы-
на дейін, Батыс өркениеті басқа өркениеттерге тұрақты, күшті және бір бағытта 
ықпал етті. Хантингтон оны Батыстың әртүрлі құрылымдық сипатта малары, 
оның ішінде қалалардың, сауда мен мемлекеттік бюрократияның өсуінен және 


657
16-тарау

Жаһандану теориясы
ұлттық сананың пайда болуынан көреді. Ең бастысы технологиялар, қару-жа-
рақ әсіресе мұхит навигациясында, әскерде, оның ішінде жоғары әскери ұйым-
да кеңінен тарады. Ақыр соңында, ұйымдасқан зорлық-зомбылық нәтижесінде 
Батыс табысқа жетті, оны өздері ұмытқанымен, әлемнің зардап шеккен басқа 
елдері естен шығарған жоқ. Осылайша, 1910 жылға қарай Бірінші дүниежүзілік 
соғыс қарсаңындағы әлем, Хантингтонның пікірі бойынша, тарихта бұрын-соң-
ды болмаған бір әлем, бір өркениет – Батыс өркениеті болуға жақын дады.
Үшінші кезең – мультиөркениетті жүйе. Ол Батыс экспансиясының ша-
рықтау шегі және оған қарсы көтерілістің басталуы кезеңін қамтиды. Бірінші 
дүниежүзілік соғыстан кейін және 1990 жылға дейінгі кезең идеялардың қақ-
тығысымен, әсіресе капиталистік және коммунистік идеологиялардың қақты-
ғысымен сипатталды; бірақ коммунизмнің құлдырауынан кейін дүниедегі не-
гізгі қақтығыстар дін, мәдениет және, сайып келгенде, өркениеттер шеңберіне 
ойысты. Батыс басымдыққа ие болып қалуда, бірақ Хантингтон оның құлды-
рауын болжайды. Бұл процесс баяу жүреді және бір бағытта болмайды, ол Ба-
тыс ресурстарының – халық, экономикалық өнім және әскери мүмкіндіктердің 
әлсіреуімен (кем дегенде салыстырмалы түрде) байланысты болады. Әскери 
әлеуеттің төмендеуі мынадай жағдайларда байқалады: Құрама Штаттар әс-
керінің әлсіреуі және қорғаныс өнеркәсібінің жаһандануы. Бұл Батыста ғана
болған көптеген қару түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқа өрке ниет-
тердің Батысты мойындамауы жиіледі, бірақ олар қазіргі заман жетістіктерін 
қабылдайды және модернизацияны батыстандырудан (вестернизациядан) ажы-
рата білу қажет.
Батыс ықшамдалып жатқан кезде, басқа екі өркениеттің қайта өрлеуі аса ма-
ңызды. Біріншісі – Азия халқы, әсіресе Син өркениетінің экономикалық өсуі. 
Хантингтон жақын арада Батыс экономикасынан асып түсетін азиялық эконо-
микалардың тұрақты өсуін болжайды. Шығыстың күш-қуаты артып, Шығысқа 
тели беретін Батыс стандарты өздігінен жойылатыны анық. Хантингтон Шы-
ғыстың экономикалық жетістігі, оның мәдениет(тер)інің жоғары аспектілері 
әсіресе Батыста басымдық ететін жекешілдікке қарсы тұратын ұжымшылды-
ғының арқасы деп біледі. Сондай-ақ Шығыс экономикасының өркендеуі үшін 
аймақ халықтарының арасында (мысалы, дін, әсіресе конфу цианизм) басқа да 
түрлі қауымдастықтар көмегін тигізеді. Азиялық экономика лар жетістіктерінің 
өздері үшін ғана емес, батыстық емес басқа қоғамдар үшін де үлгі болуымен аса 
маңызды.
Хантингтонның бұл тұжырымы таңғаларлық немесе соны пікір емес. Өйт-
кені біз Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының күрт 
өсуін байқадық, енді Қытай мен Үндістанның таңғажайып экономикалық транс-
формациясына куә болып отырмыз. Қазіргі экономикалық бет алыстарды бол-
жай отырып, «Қытай экономикасы аз уақытта әлемдегі ең алып экономика бо-
лады» деген пікірмен келіспейтіндер өте аз.
Хантингтонның исламның қайта өркендеуіне қатысты екінші ірі тұжырым-
дамасы даулы. Син өркениетінің пайда болуы экономикаға негізделген, алайда 
Исламның дамуы халық санының күрт өсуіне және халықтың бірігуіне негіздел-
ген. Исламның өркендеуі бүкіл мұсылман қоғамына, біріншіден, мә дени, кейіні-
рек әлеуметтік-саяси тұрғыдан әсер етті. Мұны діннің жаһандық жаңа руының 
бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Оны жаңғырудың өнімі ретінде, сондай-
ақ жаңаруға деген ұмтылысы ретінде көруге болады.


658
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Хантингтон Батыс пен осы екі өркениет, әсіресе ислам арасындағы болашақ 
қарым-қатынастарын көрсету үшін осы даму шеңберінен шығып кетеді. Капита-
лизм мен коммунизм арасындағы қақтығыстар өркениеттер арасындағы, әсіресе 
Батыс, Син және Ислам өр кениеттерінің «аралық сызығында» кездесетін қақ-
тығыстармен ауыстырылды. Осылайша ол Батыс (Хантингтонның атауынша, 
оның «тәкаппарлығы»), Ислам (оның «шыдамсыздығы») және Син («албырт-
тығы») арасындағы қауіпті қақтығыстардың болуын болжайды. Қақтығыстың 
басым бөлігі Батыстың өзін «әмбебап мәдениет» иесі деп танып, осы мәдениетті 
әлемнің қалған бөлігіне тарату мақсатын жүзеге асыратын қабілетінің төмендеуі 
шеңберінде өрбиді. Сонымен қатар Батыстың әмбебаптық (universalism) деп са-
найтынын әлемнің қалған бөлігі, әсіресе Ислам өркениеті империализм деп қа-
растырады. Нақтырақ айтқанда, қарудың таралуын шектеуді қалайды, ал басқа 
өркениеттер қару-жарақты, әсіресе «жаппай қырып-жоятын қаруды» аңсайды. 
Батыс демо кратияны экспорттауға талпынады, тіпті оған, Батыстың жалпыға 
ортақ мәдениет идеясының бір бөлігі деп, қарсы шығатын басқа өркениеттерге 
оны зорлап орнатуға ұмтылады. Иммиграцияны (әсіресе Ислам өркениетінен) 
бақылап, шектеуге тырысады, бірақ осы өркениеттердің көпшілігі Батысқа жол 
тапты, кейбірі сонда тұрақтауды қалайды. Хантингтон бұл процестер ұлғая түс-
кен сайын Еуропада да, Құрама Штаттарында да дамып келе жатқан бөлшек-
тенген қоғамды көреді. Бұл батыстықтар мен мұсылмандар арасында ғана емес, 
сонымен қатар ағылшын-америкалықтар (Anglos) мен латын-америкалықтар 
(Hispanics) арасында да дамиды (Huntington, 2004).
Хантингтонның қатаң сынға алынуының себебі – Ислам өркениеті мен мұ-
сылмандар туралы айтқан даулы пікірлері (Huntington, 1996). Мысалы, мұсыл-
мандар мен мұсылман еместер бір-бірімен жақын тұрса, сол жерде зор лық-зом-
былық, жанжал мен қарқынды антагонизм кең таралады, ол кінәнің көп бөлігін 
мұсылмандарға және олардың зорлық-зомбылыққа бейімділігіне артады. «Ис-
лам әуел бастан қылыш діні болған, әскери құндылықтарды дәріп теген және 
Исламның жаулап алу тарихы бар» деп тұжырымдайды. Ислам мен басқа да 
өркениеттер арасындағы қарым-қатынас тарихи түрде өзара қиыс пайтынымен 
сипатталды. Әрине, бұл жерде Батыстың империализмімен қоса, Ислам да ма-
ңызды рөл атқарды. Исламға да өркениетке бақылау жасау үшін күшті негізгі 
мемлекет жетіспейді. Бірақ Хантингтон үшін ең маңыздысы – Исламдағы де-
мографиялық жарылыс нәтижесінде туындаған қысым.
Хантингтон Батыстың, әсіресе Құрама Штаттардың құлдырауына алаңдай-
ды. Оған Америка Құрама Штаттары, шын мәнінде, барлық қоғамдарды, олардың 
өсіп жатқан мультиөркениеттік немесе мультимәдениеттік сипаты тарапынан 
қатерге ұшырағандай көрінеді. Оның пікірінше, Құрама Штаттар дың жойылуы 
іс жүзінде Батыс өркениетінің күйреуін білдіреді. Күшті, уницивили зациялық 
Құрама Штаттарсыз Батыс мардымсыз болып қалады. Батыстың аман қалуы 
және дамуы үшін Америка Құрама Штаттары екі нәрсе істеуі қажет. Біріншіден, 
ол өзінің жеке бірегейлігін батыстық (мультиөркениеттік емес) деп қайтадан 
растауы керек. Екіншіден, ол бүкіл әлемдегі Батыс өркениетінің көшбасшысы 
ретінде өз рөлін қайта растауы және қайта бекітуі тиіс. Батыс өркениетінің (әм-
бебаптықтан бас тартуды қоса алғанда), шын мәнінде, барлық өркениеттердің 
қайта айқындалуы және қабылдануы – өркениеттер арасындағы соғысты бол-
дырмаудың ең сенімді жолы. Хантингтон үшін шынайы қауіп – Батыстағы және 
басқа барлық өркениеттердегі мәдениеттердің әралуандығы. Сайып келгенде, 


659
16-тарау

Жаһандану теориясы
Хантингтон мәдени сабақтастық жағына шығып, өркениеттер арасындағы мәде-
ни тазалықты жақтайды. Ол үшін, кем дегенде, қандай да бір идеалды мағынада, 
жаһандану өркениеттердің өмір сүруін жалғастыратын және алдағы жылдарда 
шамамен параллель жүретін процеске айналады. Бұл өркениеттің, яғни мәде-
ниеттің жаһандану дәуіріндегі маңыздылығын растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет