Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет49/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   596
ГЕРБЕРТ СПЕНСЕР
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/8/83/Herbert_ Spencer_3.jpg


38
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
ГЕРБЕРТ СПЕНСЕР 
күш жұмсаусыз» келіп отырды деп айтты (Wiltshire, 1978:66). Спенсер осындай интуицияны жете 
зерттеу мен ойлаудан гөрі әлдеқайда тиімді деп есептеген: «Сипатталған жолмен жасалған шешім 
ойлауды бұрмалайтын, белгілі күш жұмсаумен жеткен шешімнен гөрі шынайы келеді» (Wiltshire, 
1978:66).
Спенсер басқалардың еңбектерін шындап оқуды қаламауынан азап шекті. Шындығында, ол 
біреудің еңбегін оқыған болса, мұны тек өзінің жеке, тәуелсіз жасалған идеяларына дәлел табу 
үшін ғана оқыды. Ол өзінің идеяларымен қосылмаған идеяларға көңіл бөлмеді. Осылайша, заман-
дасы Чарльз Дарвин ол жайлы былай деген: «Егер ол тіпті ... ой-қуатына күш салмай-ақ, барын-
ша көбірек байқағыштыққа үйренсе, ... керемет адам болар еді» (Wiltshire, 1978:70). Спенсердің 
академикалық ережелерді ескермеуі оның бірқатар даулы идеялары мен әлем эволюциясы туралы 
дәлелсіз пікірлеріне алып келді. Осыған байланысты ХХ ғасырдағы әлеуметтанушылар Спенсердің 
шығармашылығын жоққа шығарып, оның орнын нақты біліммен және эмпирикалық зерттеулер-
мен ауыстырды.
Спенсер 1903 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болды.
Парадокс болса да, статистикаға сүйенген әлеуметтанушылар өздерінің 
тә сілдерінің шектеулілігін түсінді. Олардың кейбіреуі аса кең теориялық ба-
заның қажеттілігін сезіне бастады. Оларға кедейлік секілді мәселе нарық жү-
йесінде және жалпы қоғамдағы кемшіліктерге нұсқады. Алайда индивидтер-
ге фокус талған әлеуметтанушылардың басым бөлігі жалпы жүйені талдама-
ды, мұның орнына олар әлдеқайда нәтижесіз зерттеулерге және аса күрделі, 
нақты статистикалық әдістерге бет бұрды. Олардың пікірінше, мәселенің түп 
тамыры жүйеде емес, зерттеудің жарамсыз әдістерінде жатуы тиіс. Филип 
Абрамс байқағандай: «Индивидтің жеке жағдайын басты назарға алып, ста-
тистиктер кедейлікті әлеуметтік құрылымның өнімі деп түсінуді әбестік деп 
санады... Бәлкім, олар құрылымдық виктимизация тұжырымдамасына жет-
пеген шығар, жетпеуі де мүмкін» (1968:27). Индивидтерді зерттеуге арнал-
ған теориялық және әдістемелік міндеттемелермен қатар, статистиктер мем-
лекеттік, соның ішінде саяси және экономикалық жүйедегі саясаткерлермен 
тығыз қарым-қатынаста болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет