Алеуметтану тероиясы indb


Веберге әсер еткен ғалымдар мен ағымдар



Pdf көрінісі
бет45/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   596
Веберге әсер еткен ғалымдар мен ағымдар. Біз Вебер теориясының бір-
қатар қайнар көздерін, соның ішінде неміс тарихшыларын, философтарын, эко-
номистер мен саяси теорияшыларын анықтап тани аламыз. Веберге әсер еткен-
дердің ішінде философ Иммануил Кантты ерекше атауға болады (1724–1804). 
Алайда біз Фридрих Ницшенің (1844–1900) әсерін де көзден таса жі бермеуіміз 
қажет (Antonio, 2001), әсіресе ол индивидтерге бюрократия мен заманауи қо-
ғамның өзге құрылымдарына қарсыласу қажеттілігі туралы айты латын Вебер-
дің шығармашылығындағы кейіпкеріне ерекше мән берген.
Иммануил Канттың Вебер мен неміс әлеуметтануына жалпы әсер етуі не-
міс әлеуметтануы мен марксизм философиясының түрлі түп тамырларынан 
тараған. Біз айтып кеткендей, Маркстің теориялық көз қарастарына маңызды 
әсер еткен Кант емес – Гегель. Гегель философиясы Маркс пен марксистерді 
қарым-қатынастарды, жанжалдар мен қайшылықтар себебін із деуге итерме-
лесе, Кант философиясы кейбір неміс әлеуметтанушыларын әсіре статикалық 
перспективаларды қабылдауға талпындырды. Канттың тұжырымы бойынша, 
әлем – тікелей таныла алмайтын оқиғалардың ретсіз сапырылысуы. Әлем бұл 
оқиғаларды сүзгіден өткізіп, іріктеп және топтастыратын ойлау про цесінің кө-
мегімен танылады. Кант шынайы әлемнің мазмұнын және бұл мазмұнды ұғы-
нуға жағдай жасайтын формаларды ажыратқан. Бұл формаларға ерекше көңіл 
аудару гегельдік дәстүрдегі марксистерге қарағанда, канттық дәстүрдегі әлеу-
меттанушылардың жұмысына әлдеқайда статикалық сипат берген.
Вебер теориясы. Егер Карл Маркстің басты жетістігі капитализм теориясы 
болса, Вебердің еңбектерінің ішінде ерекше орынды рационалдандыру проце-
сінің теориясы алады (Brubaker, 1984; Kalberg, 1980, 1990, 1994, 2011a, 2016). 
Күшті кедергілер әлемнің қалған бөліктерінде ұқсас дамуды болдырмауға тос-
қауыл жасап отырғанда, Вебер Батыс әлеміндегі институттардың рационалды 
көрінуі туралы жалпы сұраққа қызығушылық танытты.
Вебер еңбектеріндегі рационалдық ұғымы әртүрлі қолданылғанмен, біз үшін 
Калберг (Kalberg, 1980,1990,1994; Brubaker, 1984; D. Levine, 1981a) белгілеген 
формалды рационалдық деп аталатын төрт типтің біреуін қамтитын процесс қы-
зық болып көрінеді. Әдетте Вебердің формалды рационалдығы мақсат пен нәти-
желерге жетудің құралдарын таңдайтын акторға назар салуы мен сипатталады. 
Дегенмен мұндай жағдайда таңдау – қарапайым ережелер, нұс қаулықтар мен заң-
дарға сәйкес жасалады. Олар өз кезегінде әртүрлі үлкен масштабтағы құрылым-
дардан, әсіресе бюрократия мен экономикадан туындайды. Вебер өз теорияларын 
Батыс, Қытай, Үндістан және жер шарының басқа да аумақтарында көптеген са-
лыстырмалы зерттеулер контексінде дамытады. Бұл зерттеулерде ол рационал-
дандырудың дамуына септігін тигізетін немесе кедергі келтіретін факторларды 
анықтауға тырысты.
Вебер бюрократияны (және бюрократизацияның тарихи процесін) рацио-
налдандырудың классикалық үлгісі ретінде көрді, бірақ қазіргі таңда рационал-
дандыру жедел тамақтандыратын мейрамханаларымен жақсырақ бейнеленеді 
(Ritzer, 2013). Жедел тамақтандыру мейрамханалары – бұл адамдар (жұмыс-
шылар және клиенттер де) мақсатқа жетудің барынша рационалды әдісін та-
буға тырысатын формалды рационалды жүйе. Мысалы, тамақ үлестіретін тере-


31
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
зе – қызметкерлер тамақты тарата алатын, ал клиенттер тамақты тез және тиім-
ді ала алатын рационалды құрал. Мұндай жүйенің жылдамдығы мен өнімділігі 
жедел тамақтану мейрамханаларының жұмыс істеудегі негізгі қағидаларымен, 
сонымен бірге нұсқаулықтарымен жүзеге асады.
Вебер бюрократизация процесін саяси институттардың ауқымды талқы-
лау аясында қарастырған. Ол билік жүйесінің үш типін ажыратты: дәстүрлі, 
ха ризмалық және рационалды-заңды. Тек заманауи Батыс әлемінде би лік тің 
рационалды-заңды жүйесі дами алады және осы жүйенің ішінде зама науи бю-
рократияның дамуын толық масштабта байқауға болады. Әлемнің басқа бөлі-
гінде әлі де рационалды-заңды жүйенің өкілеттігі мен заманауи бюрократияның 
дамуына кедергі келтіретін биліктің дәстүрлі немесе хариз малық жүйелері үс-
темдік етеді. Қысқасы, дәстүрлі билік ұзаққа созылған нанымдардың жүйесінен 
туындайды. Бұған мысал ретінде отбасы не болмаса оның туған-туысқандары 
топқа жетекшілік ету нәтижесінде (топтық көшбас шылық) билікке келген көш-
басшыны атауға болады. Харизмалық көшбасшы өзінің қабілеттері, сипатты 
ерекшеліктерінің арқасында немесе басшының осындай қасиеттері бар дегендей 
ізбасарлардың бір бөлігінің сенімі арқасында билікке келеді. Бұл екі тип тарихи 
маңыздылыққа ие болса да, Вебердің ойынша, Батыста және әлемнің басқа бө-
ліктерінде рационалды -заңды билікке деген беталыс байқалады (Bunzel, 2007). 
Аталған жүйеде билік заңды және рацио налды жазылған ережелерге бағынады. 
Осылайша, Құрама Штаттар президентінің билігі қоғамның заңдарына негіз-
деледі. Рационалды-заңды биліктің және онымен ілескен бюрократияның эво-
люциясы – бұл Вебердің Батыс әлемнің рационалдандыруына қатысты басты 
дәлелінің бір бөлігі.
Сондай-ақ Вебер дін, заң, қала, тіпті музыка секілді феномендерді рацио-
налдандыру дың жан-жақты және күрделі талдауын жасады. Бірақ біз Ве бер-
дің ойлау тәсілін тағы бір мысалмен – экономикалық институттың рационал-
дандырылуымен көрсете аламыз. Осы пікірталасты Вебер дін мен ка питали зм 
арасындағы қарым-қатынасын талдауға негіздеді. Вебер кең ауқым ды тарихи 
зерттеу жүргізіп, рационалды экономикалық жүйе (капитализм) Ба тыс та неге 
кең таралғанын, сондай-ақ әлемнің басқа жерлерінде неге сәтсіздікке ұшыра-
ғанын түсінгісі келді. Вебер бұл процестегі басты рөлді дінге береді. Ол, сол 
замандағы көптеген марксистер ойлағандай, дін тек қана эпифеномен болма-
ғанын дәлел деуге тырысып, марксистермен диалог жүргізеді. Кері сінше, дін 
Батыста ғы капитализмнің дамуында, оған қоса бас қа жердегі оның сәтсіздікке 
ұшырауында шешуші рөл атқарды. Вебер нақ осы ерекше рационалды дін жү-
йесі (кальвинизм) капитализмнің Батыста өрлеуіндегі басты рөл атқарғанын 
айтады. Бұған қарама-қарсылық ретінде Вебер зерттеген әлемнің басқа бөлік-
терінде рационалды экономикалық жүйелер дің дамуына кедергі келтірген ир-
рационалды діни жүйелерді де байқады (мысалы, конфуцийшілдік, даосизм, 
индуизм). Дегенмен соңында бұл діндер тек уақытша кедергілерді тудырды 
деген сенім пайда болады, қоғамның экономикалық жүйелері – тү гелдей әлеу-
меттік құрылымы ақыр соңында рационалдандырылады.
Рационалдандыру Вебер теориясында негізгі орын алғанымен, оның ілімі-
нің басқа салалары да ұшан-теңіз. Бұл жерде оның теориялық көзқарастарын 
түгелдей мазмұндау мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтану теориясының да-
муына қай тып оралайық. Бұл тұрғыдағы негізгі сұрақ мынадай: неліктен Вебер 
теориясы кейінгі әлеуметтанушы-теорияшылар үшін Маркстің теориясына қа-
рағанда тартымдырақ болды?


32
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
1800 жылдардың соңы мен 1900 жылдардың басын- 
да неміс әлеуметтану ғылымындағы тағы бір жетекші 
тұлға – Зигмунд Фрейд. Фрейд әлеуметтанушы бол-
маса да, көптеген әлеуметтанушылардың шығарма-
шылығына әсер етті (мысалы, Толкотт Парсонс пен 
Норберт Элиас), оның идеялары әлі де әлеуметтік тео-
рияшылар үшін өзекті болып қалуда (Chodorow, 1990; 
Craib, 1994; A. Elliott, 1992, 2004; A. Elliott and Frosh, 
1995; Kaye, 1991, 2003; Kurzweil, 1995; Movahedi, 2007).
Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда австро-вен-
гриялық қала Фрайбергте дүниеге келді. 1859 жылы 
оның отбасы Венаға қоныс аударады, ал 1873 жылы 
Фрейд Вена университетінің медициналық мектебіне 
(факультетіне) түседі. Медицинаға қарағанда Фрейдті 
ғылым көбірек қызықтырды және ол физиология лық 
зертханада жұмыс істей бастады. Медициналық мек-
тепті (факультетті) бітірісімен, 1882 жылы зертхана дан 
кетіп, ауруханада жұмыс істейді. Бұдан соң жүйке ау-
руларына маманданып, жеке медициналық тәжі ри-
бемен айналысты.
Бастапқыда Фрейд есірік (истерия) деген невроздардың бір түрін зерттеп білгісі келіп, гипнозды 
қолданды. Ол тәсілді 1885 жылы Парижде Жан Мартин Шаркодан үйренді. Кейінірек ол ве-
налық дәрігер Йозеф Брейердің ұсынысы бойынша, есірік симптомдары алғаш пайда болған 
кезде емдеуге септігін тигізетін әдісті пайдаланды. Фрейд 1895 жылға қарай Брейермен бірге 
бірқатар революциялық тұжырымдары бар кітап шығарды: есірік секілді невроздардың себеп-
тері психологиялық (сол кезде физиологиялық деп саналған) болды және емдеу аурудың бас-
тапқы себептерін талқылауды талап етті. Осындай жолмен психоанализдің практикалық және 
теориялық саласы пайда болды. Фрейд невроздардың түбінде сексуалды факторлар немесе 
либидо жатады деген қорытындыға келгеннен соң, Брейерден бөлек тәуелсіз өз жолымен кетті. 
Бірнеше жылдар бойы Фрейд терапевтік әдістерін жетілдіріп, жаңа идеялары жайлы көп ең-
бектер жазды.
1902 жылға қарай айналасына ізбасарларын жинай бастады және апта сайын өз үйінде бас 
қосты. 1903–1904 жылдары өзге ғалымдар (мысалы, Карл Юнг) Фрейдтің идеяларын өзінің 
психиатрлық жұмысында пайдалана бастады. 1908 жылы бірінші Психоаналитикалық конгресс 
болды, ал келесі жылы психоаналитикалық білімдерді тарату мақсатында мерзімді басылым 
құрылды. Көп кешікпей психоанализ атты жаңа сала дүниеге келді, оған Фрейдтің Юнг сияқты 
адамдардан қатынасын үзіп, әрқайсысы өздерінің жеке идеяларын дамытып, түрлі топқа бө-
лінуі түрткі болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс психоанализдің алға басуын тежеді, алайда ол 
ХХ ғасырдың 20-жылдарында қанат жайып, айтарлықтай дамыды. Ұлтшылдықтың ушығуына 
байланысты психоанализ орталығы Құрама Штаттарға ауысты және әлі күнге дейін сол жерде. 
Фрейд еврей болғанына және 1933 жылы ұлтшылдар оның кітаптарын өртеп жібергеніне қара-
мастан, 1938 жылға дейін Венада тұрды. 1938 жылдың 4 маусымында президент Рузвельттің өзі 
тікелей араласып, кепілдік төлегеннен кейін ғана Зигмунд Фрейд Венадан біржолата кетті. 1923 
жылдан бастап Фрейд жақ сүйектерінің қатерлі ісігінен азап шекті. Ол 1939 жылы 23 қыркүйекте 
Лондонда қаза болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет