Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Британ әлеуметтануының негіздері



Pdf көрінісі
бет48/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   596
36
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Британ әлеуметтануының негіздері
Біз Франция (Конт, Дюркгейм) мен Германиядағы (Маркс, Вебер және Зим-
мель) әлеуметтанудың дамуын қарастырдық. Енді Англиядағы әлеуметтану-
дың па раллель дамуына көңіл бөлейік. Байқағанымыздай, еуропалық конти-
ненттегі идеялар ерте британ әлеуметтануына әсер етті, бірақ отандық идея-
лардың әсері одан да маңыздырақ болды.
Саяси экономика, амелиоризм және әлеуметтік эволюция
Филип Абрамстың (1968) айтуынша, британ әлеуметтануын ХІХ ғасырда үш 
қарама-қайшы қайнар көз қалыптастырды: саяси экономика, амелиоризм және 
әлеуметтік эволюция.
7
Осылайша, 1903 жылы Лондон әлеу меттану қоғамы 
құрылған кезде әлеуметтану ұғымының анықтамасында көп теген айырмашы-
лықтар болды және олар ешқандай ортақ пікірге келе алмады. Алайда әлеумет-
танудың ғылым бола алатынына күмән келтіргендер жоқтың қасы еді. Британ 
әлеуметтануының ерекшелігі – көзқарастардың әртүрлілігінде. Енді солардың 
әрқайсысын жеке-жеке, қысқаша қарастырып көрейік.
Саяси экономика
Біз Адам Смиттің (1723–1790) шығармашылығынан ішінара көрінетін ин-
дустриялық және капиталистік қоғамның теориясына айналған саяси эконо-
мика мәселесін көтерген болатынбыз.
8
Байқағанымыздай, саяси экономика
Карл Маркске ерекше әсер етті. Маркс саяси экономиканы жете зерттеп, оған 
сынмен қарады. Бірақ британ экономистері мен әлеуметтанушылары өзге ба-
ғытты ұстанды. Олар еңбек пен тауар нарығын реттеп отыратын «көзге кө-
рін бейтін қол» бар деген Смиттің идеясымен келісуге тырысты. Нарық ин-
дивидтерге үстемдік ететін және олардың мінез-құлығын басқарып отыратын 
тәуелсіз шындық ретінде қарастырылды. Маркске қарағанда британ әлеумет та-
нушылары, саяси экономистер секілді, нарықты позитивті күш, қоғамдағы тәр-
тіп, үйлесім мен бірліктің көзі ретінде қарастырған. Олар нарықты және жалпы 
қоғамды оң көзбен көргендіктен, әлеуметтанушының міндеті қоғамды сынау 
емес, оның қолданыстағы заңдары туралы деректерді жинау еді. Мақсаты – үкі-
метті жүйенің қалай жұмыс істейтінін, оның жұмысын қалай дұрыс басқаруға 
болатынын түсінуге қажетті фактілермен қамтамасыз ету.
Фактілерге баса назар аударылды, бірақ қандай фактілер? Маркс, Вебер,
Дюркгейм және Конт қоғамның құрылымынан негізгі фактілерді іздес тір се, 
британ ойшылдары осы құрылымдарды құрайтын индивидтерге назар ау да-
руға тырысты. Үлкен масштабты құрылымдармен айналысып, олар дерек терді 
индивидуалды деңгейде жинап, кейін оларды ұжымдық портретті құру үшін 
біріктіруге ұмтылды. ХІХ ғасырдың ортасында британ әлеуметтік ғы лымында 
статистиктер жетекші орынды иеленді. Деректерді жинаудың бұл түрі әлеу-
меттанудың ең маңызды міндеті болды. Жалпы теорияландырудың орнына 
«акцент аса дәл көрсеткіштерді, деректерді жіктеу мен жинақтау әдістерін же-
тілдіруге, өмірлік процестерді нұсқайтын көрсеткіштерді жақсартуға, деректер-
дің бөлек топтарын салыстырудың үздік әдістерін жасауға және т.б. қойылды» 
(Abrams, 1968:18).


37
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Герберт Спенсер 1820 жылы 27 сәуірде Англияның 
Дерби қаласында дүниеге келді (Francis, 2011; Haines, 
2005). Ол өнер және гуманитарлық ғылымдар сала-
сында емес, техникалық, қолданбалы пәндер сала-
сында оқыған. 1837 жылдан 1846 жылға дейін темір-
жол да инженер болып жұмыс істеді. Бұл аралықта 
Спенсер өздігінен оқып, ғылыми және саяси еңбек-
терді жариялай бастады.
1848 жылы Спенсер The Economist журналының 
редакторы болып тағайындалып, интел лек туалды 
көзқарастары шыңдала түсті. 1850 жылға қарай ол 
өзінің Social statics («Әлеуметтік статика») атты басты 
еңбегін аяқтады. Бұл еңбекті жазу барысында Спен-
сер ұйқысыздық дертіне шалдықты, уақыт өте келе 
ақыл-ойы төмендеп, қуат-күші әлсірей берді. Жүйке-
сі бұзы лып, жылдар бойы ауыр дертті бастан кешті.
1853 жылы Спенсер жұмысын тастап, өмірінің соңғы 
күндеріне дейін еркін ғалым ретінде өмір сүрді. Ол ешқашан да университеттік дәрежеге және 
ғылыми лауазымға ие болған емес. Өмірден оқшауланып, ақыл-ойы ауытқып дерт меңдеген 
кезде де Спенсер ғалым ретінде қарымды жұмыс атқарады. Ақыр аяғында, Спенсер Англияда 
ғана емес, халықаралық деңгейде танылды. Ричард Хофштадтер жазғандай: «Азаматтық соғыс-
тан отыз жыл өткеннен кейін Спенсерді оқымай, қандай да бір интеллектуалды салада белсен-
ді қызмет ету мүмкін болмады» (1959:33). Оның жақтастары арасында маңызды өнеркәсіпші 
Эндрю Карнеги болды, ол 1903 жылы Спенсердің ауруы асқынып тұрған шақта жазған хатында 
былай деді:
«Қадірлі Ұстаз, Оқытушы!.. Сіз күн сайын менің ойымнан шықпайсыз, сөйтіп, ежелден 
бергі «неге» деген сұрақ көңілімді мазалайды. Неге ол еленбей жатыр? Неге ол таныл-
май кету керек? ... Әлем өзінің ең мықты ақыл-ой иесі кім екенін түсінбей, өтіп барады... 
Бірақ бір күні әлем оянып, оның іліміне назар аударып, Спенсердің орны ұлылардың 
қатарында деген жарлық шығарады».
(Carnegie, cited in Peel, 1971:2)
Алайда Спенсердің тағдыры олай болмады.
Спенсердің аса қызық мінезі, ақыр соңында оның интеллектуалды тұрғыдан күйреуіне әкелген 
қасіретінің бірі – басқалардың еңбектерін оқымау. Бұл тұста ол «ми гигиенасын» қолданған 
ертедегі ірі әлеуметтанушы Огюст Контқа ұқсайды. Спенсер өзгелердің жұмыстарын оқу қа-
жеттілігі жөнінде былай деген: «Мен өмір бойы оқырман емес, ойшыл болдым және Гоббспен 
бірге айтарым: «Егер мен өзгелер секілді соншалықты көп оқысам, солар секілді аз білер едім» 
(Wiltshire, 1978:67). Спенсердің досы одан бір кітап жайлы не ойлайтынын сұрады, сонда «Спен-
сер кітапқа қарап, оның негізгі пайымдауы қате екенін, сондықтан да оны оқымайтынын айт-
ты» (Wiltshire, 1978:67). Бір автор Спенсер туралы былай деген: «Ол білімді ақылға сыймайтын 
түрде терісімен сіңіріп жатқандай... ол ешқашан кітап оқығаман тәрізді» (Wiltshire, 1978:67).
Егер де ол басқа ғалымдардың еңбектерін оқымаған болса, онда Спенсердің идеялары мен 
алғырлығы қайдан келді? Спенсердің ойынша, олар өздігінен және оның ақыл-ойынан интуитивті 
түрде пайда болды. Ол өзінің идеялары «аз-аздап, ығыр қылмай, саналы пейілмен немесе елеулі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет