Алеуметтану тероиясы indb


Макс Вебер (1864–1920) мен Георг Зиммель (1858–1918)



Pdf көрінісі
бет44/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   596
Макс Вебер (1864–1920) мен Георг Зиммель (1858–1918)
теорияларының түп тамыры мен табиғаты
Маркс пен оның ізбасарлары ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ба сында 
неміс әлеуметтануының басты бағытынан тыс қалып қойғанымен, ерте кезеңгі 
неміс әлеуметтануын Маркс теориясына оппозициялық ілім ретінде қарасты-
руға болады.
Вебер және Маркс. Альберт Саломонның мәлімдеуі бойынша, атақты ой-
шыл, неміс әлеуметтануының ерте кезеңдегі өкілі Макс Вебер теориялары-
ның көп бөлігі «Маркстің еңбектерімен ұзақ және қызу пікірталастар нәти-
жесінде» дамыған (1945:596). Мүмкін, бұл асыра айтқандық шығар, бірақ 
көбінесе Маркс теориялары Вебер ілімінде негативті рөл атқарады. Басқа 
жағынан алсақ, Вебер Маркстің теориясын «толықтырғысы» келіп, марк-
систік дәстүрде еңбек еткен. Сондай-ақ Вебер теориясының қалыптасуына 
марксистік теориядан басқа да көптеген еңбектер әсер етті (Burger, 1976). Біз 
Маркс пен Вебердің өзара қатынастарына қатысты көзқарастарының әрбірін 
түсіндіріп, неміс әлеуметтануының бастаулары туралы жақсы мағлұмат бере 


29
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
аламыз (Antonio and Glassman, 1985; Schroeter, 1985). Вебер Маркстің жұмы-
сымен жақсы таныс болмаған (оның көбі Вебер қайтыс болғанға дейін жария-
ланбаған) және Маркс шығармашылығының емес, көбінесе марксистердің 
жұмыстарына жауап қайтарғанын ескеру қажет (Antonio, 1985:29 B. Turner, 
1981:19–20).
Вебер Маркс пен өз заманындағы марксистерді әлеуметтік өмірдің біржақ-
ты теорияларын ұсынған экономикалық детерминистер ретінде қарастырған. 
Демек, марксистік теория барлық тарихи оқиғалар экономикалық негізге апа-
ра тынын және барлық заманауи құрылымдардың экономикалық негізде құ-
рылғанын қарастыратын теория деп қабылданған. Бұл Маркстің өз теориясы 
болмаса да, көптеген соңғы марксистердің позициясы осындай болды.
Бәрінен бұрын «экономикалық детерминизм теориясының идеялары – 
мате риалдық (әсіресе экономикалық) мүдделердің қарапайым бейнесі, мате-
риалдық мүдделер идеологияны анықтайды» деген түсінік Вебердің назарын 
аударды. Мұндай көзқарас бойынша, Вебер «Маркстің аяғын аспаннан келтір-
ді» (Маркс Гегельді төңкергендей) деп айтуға болады. Вебер экономикалық 
факторлар мен олардың идеяларына тигізген әсеріне назар аударудың орнына, 
идеялар мен олардың экономикаға әсер етуіне көп көңіл бөлді. Вебер идеялар-
ды экономикалық факторлардың қарапайым бейнесі деп қарастырғаннан гөрі, 
оларды эконо ми калық әлемге терең әсер етуге қабілетті, жеткілікті түрде авто-
номды күштер деп санады. Әрине, Вебер идеяларға, әсіресе діни идеялардың 
жүйесіне баса назар аударды және оны діни идеялардың экономикаға әсері 
ерекше алаң датты. The protestant Ethic and the Spirit of Capitalism («Протестант-
тық этика және капитализм рухы») ([1904–1905] 1958) еңбегінде протестан-
тизмді, негізінен, идеялар жүйесі ретінде және оның басқа идеялар жүйелерінің, 
«капитализм рухы» мен капиталистік экономикалық жүйесінің қалыптасуына 
тигізген әсерін зерделеді. Вебер басқа да әлемдік діндерге осындай қызығушы-
лық танытты, олардың болмысы тиісті қоғамдардағы капитализмнің дамуына 
қалай кедергі келтіретінін зерттеді. Вебердің Маркске байланысты басқа да 
көзқарасы, ертеректе аталғандай, қарсы пікір білдіруден гөрі, оның теориялық 
көзқарас тарын толтықтыруға тырысты. Бұл жағдайда Вебер қарама-қарсы нәр-
се ұсы нудан гөрі Маркс дәстүрлерінің соңынан ереді. Осы көзқарас тұрғысы-
нан түсіндірілетін дінге қатысты еңбектерін – «идеяға материалдық факторлар 
ғана әсер етпейді, сондай-ақ идеялардың өздері материалдық құрылымдарға 
ықпал ететінін көрсетудің қарапайым мысалы» деуге болады.
Маркстің теориясын толықтыруға негізделген жақсы мысалдың бірін Ве-
бердің стратификация теориясынан таба аламыз. Стратификацияға арналған 
еңбегінде Маркс әлеуметтік тапқа, стратификацияның экономикалық өлше-
міне назар аударады. Вебер бұл фактордың маңыздылығын мойындағаны-
мен, стратификацияның басқа өлшемдері де басты фактор екенін дәлелдеді.
Ол «әлеуметтік стратификация туралы түсінікке бедел (мәртебе) және билік 
секілді параметрлерді қосып, оны кеңейту керек» деген пікір білдірген. Бұл қо-
сымша параметрлерді қосу Маркстің көзқарастарына қарсы келмей, керісінше 
оларды кеңейтеді.
Жоғарыда көрсетілген екі көзқарасқа сәйкес, Маркстің теориясы Вебер 
үшін маңызды болды. Екі позицияда да ақиқат элементтері бар; Вебер бір қа тар 
мәселелер бойынша Маркспен келіспеді, кейбір жерде оның басқа идея ларын 
дамытып, толықтырады. Алайда осы мәселеге қатысты үшінші көзқарас Маркс 
пен Вебер арасындағы қарым-қатынасты ең жақсы жолмен сипаттайды. Соны-


30
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
мен, Вебердің дүниетанымы Маркстің және басқа да көптеген ойшылдардың 
әсерімен қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет