Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет58/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   596
Тарау мазмұны


48
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Сонымен қатар Маркс өзінің саяси трактаттарында шабыттандыратын (жі-
герлендіретін) прозаны еркін меңгеретіндей шамасы болса да, күрделі филосо-
фиялық дәстүрлерге не гізделген сөздік қорын өз ыңғайына қарай жиі өзгерте 
отырып, сол терминдерді түсінуді одан сайын қиындата түседі. Вильфредо Па-
рето Маркске оның сөздерін жарқанаттар туралы аңыз әңгімемен салыстыру 
арқылы классикалық сын айтты. Біреу құс екенін айтса, жарқанаттар жылап: 
«Жоқ, біз тышқанбыз», – дейді. Екінші біреу тышқан десе, олар керісінше: 
«Құспыз», – деп наразылық білдіреді. Кімде-кім Марксті түсіндірудің қандай 
да бір нұсқасын жасаса, басқалары соған балама түсініктемелерді ұсына алады. 
Мысалы, кейбіреулер Маркстің адам әлеуетіне қатысты ертеректегі жұмыста-
рына ерекше көңіл бөледі де, ал оның саяси экономикасын аса елемейді (Ollman, 
1976; Wallimann, 1981; Wartenberg, 1982). Басқалары Маркстің қоғамның эко-
номикалық құрылымдарына қатысты кейінгі еңбегіне ерекше мән береді және 
бұл жұмысы оның адам табиғатына қатысты ертедегі ауқымды философия-
лық еңбегінен ерекшеленетінін көреді (Althusser, 1969, Gandy, 1979, McMurty, 
1978).

Марксті түсіндірушілердің бірі осы тарауға сай келетін пікір білдірген:
«Іс жүзінде осы тараудың әрбір тармағына мазмұны жағынан күңгірт деп, кү-
мәнмен қарайтын білімді оқушының өзі Маркстің ойын жете пайымдау үшін 
жоғарыдағы тамырлас үш тармақты тұтастай қарастыру қажеттігін ескере 
бермейді» (R. Miller, 1991:105). Әрине, әртүрлі түсініктемелердің кез келген 
келіспеушілікті жанжалды жағдайда даулы мәселеге айналдыратын саяси сал-
дары бар.
2
Осы мәселелерге қарамастан, Маркстің теориялары әлеуметтанудың ең 
өнімді және елеулі ғылыми бағдарламаларын дүниеге әкелді. 1883 жылы 
Маркс қайтыс болғанда, оның жерлеу рәсімінде Энгельс өзінің мадақ өлеңін-
дегі: «Оның есімі мен еңбегі ғасырлар бойы жалғасады» деген сөзін аза тұтып 
тұрған 11 адам жоққа шығарғандай болды. Дегенмен Энгельстің сөздері шын-
дыққа айналған сияқты. Оның идеяларының ықпалды болғаны соншалықты – 
тіпті оның сыншыларының бірі «қазір біз бәріміз марксшілміз» деп мойында-
ды (P. Singer, 1980:1). Ханна Арендт (2002:274): «Егер Маркс ұмытылғандай 
бо лып көрінсе, ол Маркстің ойы мен оның енгізген әдістері ескіргендіктен 
емес, керісінше, олардың ақиқатқа айналғаны соншалық – шығу тегі мүлде 
есте қалмағандықтан», – деп жазды.
Міне, осылайша Маркске оралу әлеуметтануда жұмыс істейтіндер үшін 
соншалықты нәтижелі болатынын көрсетеді. Маркс туралы ойлау әлеу мет-
танудың және біздің қоғамымыздың қаншалықты бағаланатынын ай қын дауға 
көмектеседі. Маркстің ойларын жаңғырту және қайта түсіндіру әлеу меттану-
ды қайта жаңартып, ерекшелеу, жаһандану және қоршаған орта сияқты мәсе-
лелерге жаңа көзқарасты қалыптастырды (Foster, 2000).
Түрлі түсініктемелерге қарамастан, «Маркстің негізгі қызығушылығы тең-
сіздіктің тарихи тамырына, әсіресе оның капитализм жағдайындағы ерекше 
формасына қатысты болды» деген жалпы келісім бар. Алайда Маркстің көз- 
қарасы біз қарастыратын көптеген теориялардан ерекшеленеді. Маркс үшін 
қоғамның қалай жұмыс істейтіні туралы теория сыңаржақ болады, себебі оның 
негізгі ойы қоғамды қалай өзгерту керектігі туралы теория еді. Демек, Маркс-
тің теориясы – капитализм аясындағы теңсіздікті және оны қалай өзгертуге 
болатынын талдау.
Капитализм әлемдегі басымдыққа ие болғандықтан және ең маңызды ком-
мунистік баламалар жойылып кеткендіктен, кейбіреулер Маркс теориялары-


49
2-тарау

Карл Маркс
ның өзектілігі де жоғалды деп дауласа алады. Дегенмен Маркстің капитализм-
ге талдау жасағанын түсінгеннен кейін, біз оның теориялары бұрынғыға қа-
рағанда бүгінгі күні өте өзекті екенін байқаймыз (Antonio, 2011; McLennan, 
2001:43). Маркс капитализмнің дағдарыстарға беталысын түсін ді ретін бол-
жамдар ұсынды, оның созылмалы теңсіздік сипатын әшкерелеп көрсетті, егер 
одан ештеңе өнбесе, капитализмнің өз уәделеріне сай өмір сүруін талап ете-
ді. Маркстің мысалы теория туралы маңызды ойды тудырады. Тіпті олардың 
ерекше болжамдары расталмаса да, Маркс қауіптенген пролетариат револю-
циясы болмаса да, бұл теориялар біздің қазіргі қоғамымызға балама ретінде өз 
құндылығын әлі күнге жойған жоқ. Теория бізге не болатынын айтпауы мүм-
кін, бірақ олар не болу керек екенін талқылап, теорияның өзі елестеткен өзге-
рісті енгізуге немесе алдын ала болжаған өзгерістерге қарсы тұру үшін бізге 
жоспар әзірлеуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет