231
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Ол әлеуметтанудың қазіргі аса маңызды саласының бірі – білім әлеуметта-
нуының негізін қалаушы ретінде кең танылды (E. McCarthy, 1996, 2007; Stehr,
2001). Әрине, Мангейм өзіне дейінгілердің идеяларына сүйенген,
әсіресе Карл
Маркске қызыққан (бірақ Мангейм марксист болудан әлдеқайда алшақ бола-
тын). Негізінде,
білім әлеуметтануы, жалпылай алғанда, білімді, идеяларды
немесе интеллектуалды құбылыстарды жүйелік
тұрғыдан зерттеуге бағытта-
лады. Мангеймнің пайымдауынша, білім қоғамдағы болмыс тан қалыптасады.
Мысалы, Мангейм топтық идеяны осы топтың әлеуметтік құрылымдағы по-
зициясы тұрғысынан байланыстыруға тырысты. Маркс әлеуметтік таптарды
идеяларға байланыстырса,
Мангейм ол ұғымды кеңейтті, идеяларды қоғамда-
ғы түрлі позициялармен теңестірді (мысалы, ұрпақтар арасындағы айырма-
шылық).
Мангейм білім әлеуметтануын
жасаудағы маңызды ісінен бөлек, екі идея
жүйесі – идеология мен утопия арасындағы салыстырмалы талдаулары үшін
танымал болды (B. Turner, 1995). Идеология кешегі көзқарастарға сүйене
отырып, бүгінгіні жасыруға және сақтауға тырысады. Утопия – керісінше,
бүгіннен аттап, болашаққа көз жіберетін идея жүйесі.
Идеологтер мен уто-
пистер арасындағы қайшылық қоғамдағы шынайылық ретінде көрініс табады
(Mannheim, [1931] 1936).
Достарыңызбен бөлісу: