Қанат: Бәрі бітті. Ондай туысқанның керегі жоқ. Осыдан көмектеспесең, сен де дос емессің. Ұқтың ба, дос екенің рас болса айтқанымды істе. Уәде бер.
Қайыржан: Жақсы, келістік.
Қанат: Егер уәдеңді орындамасаң, дос емессің!
Қайыржан: Жарайды. Мойнақты босатып жіберемін.
Батыр:Қанат! Шақырдың ба?
Қанат: Шақыра алмадым.
Батыр: Неге?
Қанат: Шақыра алмайтын сияқтымын.
Батыр: Көңіл‑күйің жоқ қой, жәй ма? Өзім‑ақ шақырайын.
Қанат: Жоқ. Бармай-ақ қой, ол үйінде жоқ екен.
Батыр: Қайда кетіпті?
Қанат: Білмеймін, біреу алып‑қашып кеткен шығар.
Батыр: Не айтып тұрсың? Кеше ғана сөйлестім.
Қанат: Кеше ғана осында Айбол деген жігіт келіп жүрген.
Батыр: Мүмкін емес. Айбол деген кім? Көрсет маған. Мойнын бұрып жұлып аламын. Қайда Айбол?
(Айбол келіп қалады.)
Айбол: Ау? Әй, інішек кеше сендер...
Қанат: Әне! Айбол деген жігіт осы.
(Батыр Айболды жерге алып ұрады.)
Батыр: Гүлзат қайда?
Айбол: Ай, сіз кімсіз?
Батыр: Гүлзат қайда дедім ғой саған?!
Айбол: Білмеймін, үйінде шығар.
Батыр: Рас па? Онда шақырып кел. Қазір бәрін анықтаймыз.
Айбол: Оның ауласына кіруге болмайды.
Батыр: Не үшін?
Айбол: Ағасы қатал, боқтайды, ұрады.
Батыр: Маған бәрібір. Шақыр дедім бе шақыр!
Айбол: Ағасын қойшы иті жаман. Тура майлы жерге жабысады.
Батыр: Сен онда Гүлзатты қалай шақырып жүрсің?
Айбол: Мысық болып.
Батыр: Мысығы несі?
Айбол: Мысық болып мияуласаң, Гүлзат терезесінен қарайды.
Батыр: Не көкіп тұрсың?
Айбол: Рас айтамын. Өзім істеп көргенмін. Ол біздің «пароль»
Батыр: Пароль? Мияула ендеше, мысық тұқымдастар. Мауыққандарыңды көрейін, мияула!
Айбол: Асықтырмаңыз дауысым келмей қалады. Осы жерден істей берейінші.