АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Қайыржан: Жоқ, ештеңе көрмедім. Қанат



бет17/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Қайыржан: Жоқ, ештеңе көрмедім.
Қанат: Үй, соқыр, жаңа жүрген.
(Гүлзатты босатып алады)
Гүлзат: Бізге көрінген нәрсе саған көрінбеді ме?
Қанат: Оның атасы молда болған, бәлкім мұны көріп қашып кеткен шығар.
Гүлзат: Тезірек кетейікші, қатты шошып қалдым. Пысымыл‑ла, пысымыл‑ла. Қабыланбеков сен болмағанда, сен өзі кештетіп мұнда не қылып жүрсің?
Қайыржан: Сығалап. Жоқ! Қанаттың үйіне барып едім, әлі сабақтан келмеді деді. Содан кейін іздеп келдім.
Гүлзат: Келгенің жақсы болды. Мен өзі қорқақпын, мына Қанат менен де өткен қорқақ екен. Құдай сақтасын.
Қанат: (Гүлзатқа естіртпей) Мақұлық неге кірдің? Енді ғана бетінен сүйгелі жатыр едім. Шашынан ғана иіскеп қалдым.
Қайыржан: Апайды аядым. Қайтадан кетіп қалайын ба?
Қанат: Енді болмайды! Әттең, екі секунт ерте келіп қойдың. Енді ғана.
Қайыржан: Қалай өзі бірдеңе айттың ба?
Қанат: Астарлап айтып едім түсінбейді. Мұғалімдер де түк ұқпайды екен ғой.
Қайыржан: Мен сығалап тұр едім апай есікті ашып қалды. Тұра қаштым. Мен одан шошып жүрсем, ол да менен шошиды екен.
Гүлзат: Әй, болыңдар! Мені үйге жеткізіп тастамасаңдар қорқамын. Екеуің екі жағымнан ұстап жүріңдерші.
Келесі көрініс.Гүлзат пен Қайыржанның үйі қабырғалас салынған, ауласы бір.


Қанат: Катя қай бөлмеде жатады екен, ә? Шіркін, терезесінен сығалап көрер ме еді.
Қайыржан: Екінші терезе тұрған бөлмеде жатады.
Қанат: Оны қайдан білесің?
Қайыржан: Кейде сығалап қараймын.
Қанат: Есің дұрыс па? Ол менің қызым ғой. Мен сені дос деп жүрсем.
Қайыржан: Бәрібір ештеңе көрген жоқпын. Төсегін салады да бірден жарықты өшіріп тастайды. Шешініп жата ма, киімімен жата ма ұқпайсың.
Қанат: Бұдан былай оның терезесінен қарасаң, мұрыныңды бұзамын.
Қайыржан: Бұзғыш болсаң Айболдың мұрынын бұз. Сол келгіштеп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет