АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Батыр: Тағы тас лақтырайын ба? Қайыржан



бет24/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Батыр: Тағы тас лақтырайын ба?
Қайыржан: Қаңқ-қаңқ.. Қаңқ-қаңқ...
Батыр: Ауылдарыңның иттері де біртүрлі екен. Қандай ит өзі? Жақындап көрейінші.
(Батыр жақындай бергенде ауладағы шуды естіп Гүлзат шығады.)
Батыр: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр!
Батыр: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр қашан келдің?
Батыр: Гүлзат, жаным менің.
Қанат: (естіртпей кекетіп) Қашан келдің, жаным менің.
Гүлзат: Батыр сенің келіп тұрғаныңды жүрегім сезді. Сағындым сені.
Батыр: Мен де сені сағындым.
Гүлзат: Батыр, қасыңда біреу бар ма? Ол кім?
Батыр: Бауырым.
Гүлзат: Мәссаған, бұл өзіміздің Қанат қой.
Қанат: (іштей) Иә өзіңнің Қанатың.
Гүлзат: Бауырың екенін неге ертерек айтпадың?
Батыр: Е, оны кім ойлапты. Мұндағы туыстармен хабарласпағалы көп болған.
Гүлзат: Батыр, оқушымнан ыңғайсыз жүр үйге кірейік. Ағам үйде жоқ, жеңгем ғана бар. Қысылма, жеңгеммен, бауырларыммен таныстырамын. Оларға сен келеді деп айтып қойғанмын.
Батыр: Далада тұра тұрайықшы, бір сөз бар еді.
Қанат: Шіркінімай–ә, кірсеңші, мүмкін төсегің салулы тұрған шығар. Туысқан іздеп келді екен десем.
Гүлзат: Уақыт бар ғой, асықпай сөйлесеміз. Үйдегілер күтіп қалар. Жүр, жүр.(кетеді)
Қайыржан: (үйшіктің ішінен басын шығарып) Мойнақты атам жайлауға ертіп кетіпті.
Қанат: Өй, атаңды Мойнағыңмен қосып. Қылқимай кір ұяңа.
Қайыржан: Ренжіп қалдың ба?
Қанат: Кет дедім ғой саған. Ешкімді көргім келмейді.
Қайыржан: Жарайды ашуланба. Мен үсті-басымды тазалап келейін.
Қанат: Әй Мойнақ, Мойнақ. Дос емес ит екенсің. Әкетті әне, Катяны әкетті! Айырылып қалдым. Әттең, қолымда аттестат болғанда бұлай болмас еді. Қош бол менің баянсыз махаббатым.
Қош бол менің сүйіктім,
Қош бол менің арманым.
Сезбедің сен бір жанның,
Жараланып қалғанын. Қош бол, қош!
(бар дауысымен) КА-А‑ТЯ‑Я!!!
(Есік ашылып далаға бір қыз шығады. Бұл Гүлзатты ойнаған актриса. Тек киімі, шаш үлгісі басқа.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет