АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Сайра: Мүйізі жоқ па? Қайыржан



бет2/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Сайра: Мүйізі жоқ па?
Қайыржан: Біле білсең сиырдың көзінен әдемі көз болмайды. Ондай қыз біздің ауылда жоқ. Оның жанында біздің қыздар қуыршақтың қасындағы құбыжық сияқты.
Айтгүл: Әй білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп? Ол мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім.
Қайыржан: Қойшы-ей, жап-жас қой.
Сайра: Мұғалім болса қайдан жас болады, кәрі қыз шығар.
Қайыржан: Осы екеуің жаңалықтың бәрін елден бұрын қалай біліп отырасыңдар?
Қанат: Бұл екеуі керек десең ақыр заманның қай кезде болатынын да біледі.
(Осы кезде оқу меңгерушісі сыныпқа жас мұғалімді ертіп келеді.)
Директор: Сәләматсыңдар ма балалар?
Оқушылар: Сәләматсыз ба?
Директор: Отырыңдар. Жаңа оқу жылы құтты болсын. Каникулда жақсы демалдыңдар ма? Енді оқуға кірісеміз. Биыл сендерге сабаққа ерекше күш салу қажет. Уақыт тез өтеді. Мемлекеттік емтихан тапсырасыңдар. Озат түлектер көбірек шықса бәрімізге абырой. Балалар, меқтебімізге жас маман келді. Танысып қойыңдар. Аты – жөні Кәріпбаева Гүлзат Болатқызы.
Қанат: Қайыржан жаңағы айтқан қызың осы ма?
Қайыржан: Иә.
Қанат: Мынауың кукла ғой. Қайтіп мұғалім болып жүр.
Директор: Бүгінгі күні еліміздің болашағы үшін, білім ордаларының өркендеуі үшін жас мамандар ауадай қажет. Бір жағы Гүлзат апайларың бұл ауылға бөтен емес. Бұдан былай сынып жетекшілерің Гүлзат Болатқызы болады. Мынау сыныптың журналы. Жұмысыңызды бастай беріңіз. Түсінбеген сұрақтар болса, кабинетіме келіңіз. (кетеді)
Гүлзат: Иә, қал-жағдайларың қалай?
Оқушылар: Өзіңіз қалайсыз? Апай қай жақтан келдіңіз? Мұғалім қай үйде тұрасыз? Апай нешедесіз? Қайда оқыдыңыз? Апай.. Апай.. Мұғалім.. Мұғалім..
Гүлзат: Тыныш!
Оқушылар: Жақсы ұрсады екенсіз Дауысыңыз әдемі екен. Жарасып тұр. Тағыда айқайлаңызшы. Апай әдемі екенсіз. Сізді Үндістаннан келіпті дейді ғой. Апай, апай.....
Қанат: Ей, тыныш! (орнынан атып тұрады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет