Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен барлық сала-
ны цифрландыру үрдісі мемлекеттік органдардың, банктер мен жеке
компаниялардың алдында ақпараттық қауіпсіздік мәселесін ең өзек-
ті мәселе етіп қойып отыр.
Ақпараттық қауіпсіздік мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйін сипаттайды. Ақпаратты қорғау – ақпаратты ұрлау, жоғалту, рұқсатсыз жою, өзгерту, маңызына тимей түрлендіру, рұқсатсыз көшірмесін жасау мен бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды 3 жайын атап кетуге болады.
1.Қолжетімділік – санаулы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қолданысы – ақпараттың, техникалық құралдар мен өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізу қабілетімен сипатталатын қасиеті.
2. Тұтастық – ақпараттың бұрмаланудан және заңсыз өзгерту-
ден қорғалуы. Ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзыл-
ған) кезде есептеу техника құралдары ақпараттың өзгермеуін
қамтамасыз етеді.
3. Құпиялылық – заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі 2 бағытта қарастырылады
«Кибербуллинг» дегеніміз не?
Кибербуллинг (cyberbullying) – жасөспірімдер арасында кең тараған виртуалды лаңкестік (террор). Кибербуллинг(ағыл. bull – «бұқа» сөзінің мағынасына жақын ұғым) шабуылдау, мәжбүрлеу, айдап салу, қорқыту, ар-намысына тию, жалған ақпарат тарату, бопсалау сияқты агрессивті ұғымдарды білдіреді. Кибербуллинг өте қауіпті, өйткені интернет арқылы әлеуметтік желілерде ар-намысқа тию, қауесет тарату, қорқыту мен масқаралап беделін түсіру арқылы адамға психологиялық қысым жасалады.
Интернет желісінде жасалған алаяқтық, алдау мен кибербуллинг жазасыз қалмайды. Мұндай қылмыс жасағандар заң алдында
жауапкершілікке тартылады. Интернетте миллиардтаған пайдаланушы болса да, оларды табу оңай, себебі әрбір компьютер интернетке
қосылғанда оған арнайы IP-адрес беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |