Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген сим-волдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады


Регисторлар – командалар мен процессорда өңделген ақпарат- тарды сақтайтын, процессор ішінде орналасқан жад ұяшықтары. Сопроцессор



бет5/10
Дата28.01.2023
өлшемі38,99 Kb.
#63426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Регисторлар – командалар мен процессорда өңделген ақпарат-
тарды сақтайтын, процессор ішінде орналасқан жад ұяшықтары.
Сопроцессор – қалқымалы үтірі бар сандарды өңдеуге арналған
қосымша процессор элементі.
Процессор интерфейсі – микропроцессор мен сыртқы құрылғы-
лар арасындағы деректер ағыны мен олардың көлемін (формат-
тарын) басқаратын құрылғылар.
Жүйелік шина – компьютердің барлық құрылғысын байланыс-
тыратын ақпараттық магистраль.


Компьютерлік желіге пайдаланылатын құралдар
Компьютерлік желі (ағыл. сomputer network) – хабарламалармен
алмасу және желінің ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін бай-
ланыс арналары мен коммутация құралдары арқылы бір жүйеге
қосылған компьютерлер жиынтығы. Желілер шағын немесе үлкен кабельдер арқылы тұрақты жалғанған немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі – интернет, ол – бүкіләлемдік желілер тобы.
Желінің өткізу қабілетін анықтау үшін қандай есептеулер
жүргізіледі?
Желілік коммутатор немесе хаб, свич (ағыл.switch – ауыстырып-қосқыш) – бірнеше компьютерді ортақ бір желіге біріктіретін құрылғы.
Желілік тақша компьютерлерді желіге қосуға мүмкіндік береді. Оның 10, 100, 1000 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін түрлері бар.
Роутер сымсыз желіге қосылу құрылғысы интернетке жалғануға әрі кабель жоқ ортада желіде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Патч-корд коммутатор бауы (шнур коммутато-ра) – электр құрылғыларын өзара байланыстыратын электрлік немесе оптоталшықты сымдар. Олар ұзындығымен ерекшеленеді. Патч-кордтың екі ұшында ағытпалы жалғағыш (коннектор) орнатылған.


Бұлттық технология. Бұлттық есептеулер
Сloud computing-ті жүзеге асыратын серверлер есептегіш бұлттар деп аталады. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеуден айырмашылығы – тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдаланады. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуге
толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына әсер ете алмайды.
Бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтары:
• үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін,
тұтынушы өзінде жоқ серверлер мен программаларды бұлт-
тардың көмегімен пайдаланады;
• тұтынушы кез келген жерден, қалаған уақытта интернетке
қосылған компьютерлік құрылғымен жұмыс істей алады;
• тұтынушы компьютерлік құрылғының мүмкіндігіне тәуелді
болмайды;
• тұтынушы өз құжаттарымен еш қиындықсыз бөлісіп, әріп-
тестерімен бірлесе жұмыс істей алады;
• білікті мамандар тапшылығын сол жобаны «бұлтқа шығару»
арқылы шеше алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет