BIOS микросхемасы – аналық тақшада орналасқан компьютердің негізгі құрылғыларының бірі. BIOS микросхемасы жүйе параметрлерін орнатуға
арналған. Енгізу-шығарудың базалық жүйес BIOS мынадай қызметтер атқарады:
• компьютерді іске қосқанда автоматты
тестілеуді (POST) орындайды;
• аппараттық құралдардың параметрлерін баптайды;
• операциялық жүйені дискіден орнатады;
• жүйелік, аппараттық үзілулердің қызметін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде BIOS-тың көптеген түрі кездеседі. Бірақ олардың
арасында дербес компьютерге арналған және көп тараған түрлері:
AwardBIOS, AMIBIOS, PhoenixBIOS және UEFI.
Сопроцессор – негізгі процессордың қызметтік мүмкіндігін толықтыратын мамандандырылғанарнайы процессор. Сопроцессордың өз программасы болмайды, ол негізгі процессордың командалар
жүйесі мен регистрлерін кеңейтіп, сонымен бірігіп жұмыс атқарады. Ол жүйені басқармайды, тек орталық процессордан команда күтеді. Арифметикалық операциялардың орындалу уақытын 80% немесе одан да қысқартуға мүмкіндік береді. Бейнесхемалық кескіндерді өңдеу де жылдамдайды.
Слот кеңейтілімі – компьютердің аналық тақшасындағы кеңейтілімнің алып-қосу ойығы. Слот графикалық адаптерді, тізбек пен параллель интерфейстерді, дыбыс карталарын шинамен байланыстырады.
Аналық тақшаға қосымша жалғанатын тақшалар
Компьютердің слот кеңейтілімдері:
• AGP – бейнекарта.
• AMR – модем, дыбыс картасы.
• CNR – модем, желі картасы, дыбыс картасы.
• EISA – SCSI, желі картасы, бейнекарта.
• ISA – желі картасы, дыбыс картасы, бейнекарта.
• PCI – желі картасы, дыбыс картасы, бейнекарта.
• SCSI, PCIe – бейнекарта, желі картасы, дыбыс карталары т.б.
Компьютер – берілген программа бойынша жұмыс істейтін
қарапайым «миы» бар, ақпаратты өңдеуге арналған электрондық
құрылғы. Ғалымдар көбінесе адамның миын компьютермен салысты-рады. Дегенмен де компьютердің бөлшектерін үнемі жетіл-
діріп, ауыстырып отырғанмен, оның жұмысын адамның миымен
салыстыруға келмейді. Адам миының құрамы органикалық болған-
дықтан, оны ешбір бөлшекпен ауыстыру мүмкін емес және жасанды
есептеу жүйелерімен салыстырғанда анағұрлым қарқынды. Қазір-
гі компьютерлердегі ең үлкен жедел жад көлемі 128 Гбайтты, ал
ең үлкен қатқыл диск көлемі 14 Тб құрайды. Адам миының жады2,5 Пбайтқа (≈2500 Тб) тең, яғни компьютер жадынан 180 есе үлкен.