Трассировкалау алгоритмі кездесетін қатемен жұмыс істеу
ретін білдіреді. Программаны біртіндеп, қадамдап (step-by-step)
орындау процесі трассировка деп аталады.
Алгоритмдік қателер Тестілеу – программаның жұмыс қабілетін тексеруге арналған,
арнайы дайындалған деректерді компьютерге енгізу. Егер програм-
ма тестілеу кезінде қарастырылған бір жағдайды дұрыс орындап,
басқасын қате орындаса, онда бұл – есептің алгоритмін құрудан
кеткен қате. Мысалы, «+» орнына «–» таңбасын немесе «*» белгісін шатастырып қою. Қатенің бұл түрі интерпретация кезінде көрінбейді және программа дұрыс іске қосылады. Бірақ нәтижедегі жауап қате болады. Ол үшін программа кодын қайта қарап, жөндеу керек. Міне, осы процесс түзету жасау кезі (отладка) деп аталады. Қарапайым мысалды қарастырайық.
Синтаксистік қателердің мысалдары: • тыныс белгілерінің қалып кетуі;
• жақшалардың сәйкес келмеуі;
• оператордың дұрыс жазылмауы;
• қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;
• айнымалы атының дұрыс жазылмауы;
• циклдің аяқталу шартының болмауы;
• массив сипаттамасының болмауы т.с.с.
Транслятор таба алмайтын қателер Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғаны-
мен, транслятор таба алмайтын көптеген қателер болады. Осындай
қателерден мысалдар келтірейік.
Логикалық қателер:
• шартты тексеруді дұрыс көрсеткенімен, кейін алгоритмнің қай
тармағын орындауға өту жолын дұрыс көрсетпеу;
• мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;
• программада алгоритм блоктарын орындауға қажет болатын
бір немесе бірнеше шаманы қалдырып кету.
Циклдерде кездесетін қателер: • циклдің басын дұрыс көрсетпеу;
• циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;
• итерация санын дұрыс көрсетпеу;
• шексіз цикл.
Енгізу-шығару қателері мен деректермен жұмыс істеудегі қателер: • деректердің түрін дұрыс бермеу;
• талап етілген аз немесе көп деректерді оқуды ұйымдастыру;
• деректерді дұрыс нәтижеге шығармау.