Алфавит – ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын, шектелген сим-волдар жиыны. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің қуаттылығы деп аталады



бет2/10
Дата28.01.2023
өлшемі38,99 Kb.
#63426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
8 class

Аналық тақша
Аналық тақша (Материнскаяплата; ағыл. motherboard) – орталық процессор, жедел жад микросхемалары, дыбыстық және бейнекарталар сияқты компьютердің ішкі құрылғылары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Ол – кез келген компьютердіңнегізгі құрамдас бөлігі. Кейде бас немесе жүйелік тақша депте аталады. Аналық тақша мыс өткізгіштер – жолдар желісімен қапталған. Олардың бойымен деректер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосылады. Аналық тақша өлшемі BIOS, процессор типі, чипсет типі, желілік шина жиілігі, кэш-жад өлшемі, жедел жад типі (слоттар саны мен жедел жадтың ең үлкенкөлемі), контроллер, қатқыл дискінің типі т.б. параметрлермен сипатталады.
Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын, компьютерде барлық есептеу мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электронды микросхема. Жартылай өткізгіш кристалл өте таза кремнийден жасалады. Оныжасауда вакуумдық бүрку, қоспаларды иондық түрде енгізу, фотолитография т.б. жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Бір кристалда жүз мыңнан астам өзара байланысқан электрондық молекулалар орналасып, күрделі ақпаратты түрлендіружұмыстарын орындайды. Процессор разрядтылығы оның бір тактіде өз регистрлерінде қанша деректер битін қабылдап, өңдейті-нін көрсетеді. Процессордың ең қарапайым элементар ішкі операцияларының орындалуы тактілік жиілікпен өлшенеді. Жиіліктің өлшем бірлігі – Гц (Герц).

Қоректендіру блогы – кернеуі, жиілігі, қуаты белгілі электр энергиясымен компьютерді жасақтайтын құрылғы. Әдетте компьютерлер 5 немесе 12 Вольттық төменгі кернеуді пайдаланады. Қоректендіру блогтарының айырмашылықтары олардың қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. Түрлі түсті сымдар (өткізгіштер) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға + 12В, қызылға + 5В, қара түске 0В кернеу беріледі. Қуаты 150 Ваттан 320 Ватқа дейін болады. Қоректендіру блогында желдеткіш бар. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан құрылғыларды да салқындатады. Процессорды салқындатып тұратын арнайы желдеткіш (кулер) бар.
Шина – компьютер құрылғылары арасындағы электрлік сигналдарды басқаратын әрі олар арқылы деректер тасымалдауды жүзеге асыратын жалғастыру арналары.
Шинаның негізгі үш түрі бар. Олар: деректер шинасы, адрестік шина және командалық шина. Деректер шинасы – деректердің екілік разрядтарын компьютер құрылғыларының арасында параллель жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі. Жад адресін жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігін немесе енгізу-шығару портын адрестік шина деп атайды.Шинаның түрлері: ISA, MCA, EISA, SCSI, VLB, PCI, AGP, USB т.б.

Чипсет (ағыл. сhipset – микросхема жиынты-ғы) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиынтығы. Орталық процессордың шалғай құрылғылар мен деректер алмастыру жұмысын жасақтайтын,аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет