Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет114/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру
Адамнын іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің
еркі — жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі -- сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз
қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.
Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылығы. Дербестік
— белгілі істі, мақсатты орындауда бөтен адамдардың жетегінде кетпей, өз білімімен, жігерлігімен, сенім-қабілетімен
шешуге тырысу. Бұл — ерікті қасиеттің кемелденген түрі. Бұған қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп,
иланғыштығы. Батылдық—адамның шешімді батыл қабылдап, ауытқу дегенді білмеуі. Істеген жұмысын дәйектеп, оны
жүзеге асыруы. Батылдық ерлікпен байланысты, Еріктің бұған керісінше ұнамсыз түрі — тартыншақтық. Табандылық
— қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлілік таныту. Бұл сапаға қарама-қарсы ұнамсыз сипат
— қасарысушы-лық, қиқарлық, ынжықтық. Адамның өзін-өзі билеуі ұстамдылық, сабырлылык арқылы байқалады. Бұл
— еріктік қасиетінің жоғары сапасы. Мұндай адам өзін мақсатты ісін орындауға бейімдеп, өзіне талап қояды Кездескен
қиыншылық-тарды, жалқаулықты, қорқынышты т. б. жеңе біледі. Көңілі соқпаған қызықсыз істерге де өз бойындағы
күш-қуатын жұмылдыра алады Еріктің бұл сапасы адамның өзін-өзі тежеп, ашу-ызаға, күйгелектікке берілмеуіне ықпал
етеді.
Адам еркінің ұнамды қасиеті — борыш сезімі. Бұл өмір сүрудегі мақсат айқындығын көрсетеді. Адамның сол
мақсатқа жетудегі кұмарлық сияқты даралық ерекшелігін қалыптастыруға көмектеседі, Ерік сапалары мен ерікті амал
кезеңдерін төмендегі кестеден көруге болады
§ 5. Ерікті тәрбиелеу
Адамның ерік сапалары мен ерскшеліктері оның маңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, өз алдына мақсат
койып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалыптасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз
бойындағы куш-қуатын қиын жұмыстарды орындауға бастаған ісін аяқтап шығуға жұмсап, оларды қалайда жүзеге асыра
алады, Сөйтіп, өз еркін шындап, қалыптастырады. Адамның ісі мен мінез-құлқьш меңгеруі және оның азаматтық
қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыстарынан және істеген жұмыстарынан айқын байқалады.
184


Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам
еміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс-әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады. Мұндай
кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-кұлқындағы ұнамды әрі жағынды сапаларды қалыптастырады.
Еркін тәрбиелеу үшін адамға өз алдьша ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға
болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның, зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уақытын
қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жұмсайлы. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану
керек.
Ерікті дағдыландыру, не жаттықтыру дегеніміз — адамның өзіне қызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді
де орындап отыруға өзін-өзі көндіре алуы. Мұндай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлықты,
бытыраңқылық пен аландаушылықты және ұқыпсыздықты да жеңіп, өзін-өзі мықтап қолға алады Сөйтіп, ол өзінің ақыл-
ойын, саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі мақсаттарды орындауға бағыттайды. Соның нәтижесінде өзін-өзі
билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетсді. Адам өмірінде кездескен істердің қай-қайсысын болса да орындап отыру
үшін іштей даярланьш, кездесе-тін қиыншылықтардың бәрін де жеңіп шығуға бейімделуі қажет
Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланың
желігін көрсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен
тәлім-тәрбие арқылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады Бірақ, олар әлі де са-налы бола коймайды, тек
эмоциялық сипатты болады, Баланың саналы әрекетке қабілеті жаттығу нәтижесініе біртіндеп дамиды.
Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты —
баланың бойында жағымсыз сипаттар көрініс берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру, Ерік
сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мәнін түсініп, мақсат таңдайды,
ниеттілек таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет
тұту баланың адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын
дамыту-мен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік
тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.
Ёріктін ұстаздар мен тәлімгерлердің, ата-аналардың, жалпы, ересектердің мінез-құлқындағы жақсы сапалары
өскелең ұрпакқа қашан да үлгі-өнеге болмак..
185




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет