Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


УІІ тарау. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ- ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет38/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124
УІІ тарау. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ- ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен
психиканың, материя мен сананың қарым-катынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындары қажетті
мәліметтерді білу керск. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оиың заңдылықтары — психология ғылымының табиғи-
ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және
оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен
тітіркендіргіштерге жауап қай-тарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелернің клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен
қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке
клеткалардан құралған. Нейрондардық ұзын тарамақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тарма. бар,
Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі
(перифериялық) және ішкі (вегетатнвтік) жүйке жүйелерінін өн-бойына орналасқан (6, 7-суреттер)
Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферилық жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын
әр түрлі шеткі нервтер жатады. 
66


6-сурет. Адамның орталық және шеткі (пернфериялық) жүйке жүйесі. 1.Бас миы, 2. Жұлын, 3.Шеткі
(перифериялық ) жүйке жүйелері. 
Орталық жүйке жүйесінің бөліктері көп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен.
Осы бөліктердің жоғарғысының кызметі төменгілеріне қа- рағанда барынша күрделі болып келеді. Орталық жүйке
жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек
адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 3 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға тебетін.
екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жанау, керіп-созу сияқты басқ да
қарапайым қозғалыстарымыздың орталығы болып саналады.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлігі -ми Оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда
сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын кұрайды. (8-сурет). 
67


Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопақша мидың сырт жағында формасы
ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-
тұрысын баскарьш отырады. Бұлардан жоғарырақ орналасқан мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, қанқа
еттерінің қалпын реттеп отыратын жүйке орталықтары бар. Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты
аймағьшан тұрады, Мидың осы бөлігі тор тәріздес құрылым деп аталады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми
қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі — афференттік (сырттан жеткізуші талшықтардың жиынтығы
болып табылады.
7-сурет Вегетативтік жүйке жүйесі.
Оң жағында көрсетілген — параснмпатикалык жүйке жүйесі, сол
жағында—симпатикалық жүйке жүйесі. 
1-ми сыңары, 2-көздің нұрлы қабықшасы, 3-көз жасының безі, 4-сілекей
без, 5-жүрек, 6-өкпе, 7-қарын, 8-он екі елі ішек, 9-қарын асты безі, 10-бүйрек үсті
безі, 11-тоқ ішек, 12-қуык, 13-жыныс безі, және оның қосымша органдары, 14-
кірпікше түйін, І5--таңдай сына түйші, 16-көру түйіні, 17-жұлынның көкрек
бөлігі, 18-жұлынның бел бөлігі, 19-жамбас жүйкесі, 20 ортаңғы ми, 21-сопақша
ми, 22-көздің нұрлы қабықшасы, 23-көз жағының белі, 24-сілекей безі, 25-жүрек,
26-өкпе, 27-үлесін құрсақ жүйесі. 28-құрсақ түйіні, 29-қарын, 31-қарын асты безі,
33-бүйрек үсті безі, 34-жоғарғы шажырқай түйіні, 35-тоқ ішек, 36-төменгі ша-
жырқай түйіні, 37-қуық, 38-жыныс безі және оның қосымша органдары, 39-
жұлынның сегізкөз бөлігі, 40-соңғы жіпше.
68


Мига сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол әссрлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім — шеткіі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет