Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет34/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
Ниет (мотив) — адамның белгілі қажеттіліктерді қанааттандыру-дағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық
көңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әректін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің
нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекет терге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақіы мақсатына қарай айқын ниет
және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарнхи жағдайына байланысты.
Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас-ынта, Мүдде--
адамның мақсатты тілекке
жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім
:
алумен шұғылданады, спортпен
айналысьш, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу — адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан
дүниесінің сілкінісі. Қызыгу барысында адам өзініц әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әрқилы
әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде кызығу
мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылык қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.
Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін
орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. 
Ұмтылу — адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсен-ділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін
өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап,
талаптанады. Талап-танудың (ұмтылудың) нақты түрі — арман. Бұл — қалаған нәрсенін бейнесін қиял арқылы жасау
әрекеті. Ұмтылуға құмарлық та жа-тады. Құмарлық — адамның өте зор күшін талап ететін қажет-тілігін орындаудағы
ниеті, таным әрекетінде ол — ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім
алуға, мамандыкты игеруге деген кұмарлық —- пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну,
қыдыруға құмарлық — ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті — оның даралық
қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Оидай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы
және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам — табиғаттағы ен жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан
дүннесінің құрылымы мен психнкасы аса күрделі субъект.
62




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет