Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет41/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124
физиологиядық тежелу процесінін де органнзмге тигізер пайдасы зор.
Тежелу процесі — жүйке клеткаларының әрекетсіз пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе.
Керісінше, тежелу — нейронның энергетикалық қуатын жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да,
нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. Тежелудің бірнеше түрі бар: 1)
Сыртқы тежелу — көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шартты
рефлекс салдарынан -иттің сілекей аға бастағанымен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекей тоқтап қалады, өйткені,
жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкелік
әрекеттің тума механизмі. Сойдықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды. 2) Шартсыз
тежелудін тағы бір түрі — шектен тыс тежелу. Мұндай тежелуден жүйке клеткаларының қызметі солғындайды. Өйткені
қозудың күшоюінің шегі бар. Сол шекке жеткенде қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да, оның орнын шектек тыс
тежелу басады. Тежелудің бұл түрін фи-ологияда кейде қорғаныс шектелуі деп те атайды. Өйкені, тежелудің бұл түрі
клеткаларды шаршаудан сақтандырады. 3} Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре-бара пайда болады.
Ол белгілі жағдайға байланысты, Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі — сөнетін тежелу. Әлсін-
әлсін шартсыз тітіркен-діргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал реакция
74


арасында уақытша жүйкелік бай-ланыс мүлдем жойыльш кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция
жаңғырады.
Тсжелудіқ тағы бір тобы — дифференциалдық тежелу. Бұл— ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Ол ми қабығының
өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орна-тудың бастапқы кезеңінде оның бір
ғана емес, бірнеше ұқсас сигнал-дардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зертеу-лермен дәлелденген.
Мәселен, тамақтың сигналы ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып, итке шартты рефлекс жасатсақ, алғашқыда
ол сол дыбыстар, ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты психологияда генерадизация деп атайды. Дегенмен, итке
әр түрлі музыкалық дыбыстармен қатар әсер еткенде, өзге дыбыстарға әсерленбей, тек мн сигналына ғана сілекей
ағызатын болған. Міне, осындай белгілі бір әсерге ғана реакция жасап, ал соған ұқсас дыбыстарға келге жауабын
тоқтатуды дифференциалдық тежелу деп атады.
Шартты рефлекстің кешігуі — тежелудің бір тармағы. Мұңдай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету
нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шарты рефлекстің кешігуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет