Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен



Pdf көрінісі
бет36/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124
§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктері
Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретіндеі қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек.
Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу,оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді.
Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік коғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін
түсінуде “ол нені қалайды?” деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі
өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.
Жалпы, адамнын азаматтық бағыт-бағдарының сапаласы мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Бағыт
деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның
биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының
өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына
байланысты. Мұндай қаситтер баланы тоғышарлықтан сақтан-дырады. Бағыттың шашыранқы болуы — ұнамсыз қасиет.
Осы орайда, “Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді” деген мақалдын тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу
кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты өзгеруі — саналы азамат болудын шарты. 4)
Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті
тілек-ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. 5) Бағыт-бағдар тұрақты-
лығының ұзак, мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай
тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл — бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман
үздік оқьш, белгілі математик не филолог маман болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат,
бақытты отбасы,қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатка жеткізеді. 6)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет