Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет43/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124
Шартты және шартсыз рефлекстер. “Рефлекс” деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып, оның табиғатын
ашып көрсеткен — И. М. Сеченен пен И. П, Павлов. Өзінің “Бас миының рефлекстері” деген еңбегінде И. М. Сеченев:
“Өмірдің, саналы және санасыз әрекетіерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан — “рефлекс-тер”деп анықтайды.
Ал И. П Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен — рефторлық теропя “Рефлекс” —
латын сөзі, қазақшаласақ, бұл сөздің мағынасы — бейнелеу. Рефлекс — организмнің жәнс оның жеке мүшелерінің
сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецеп-тордан орталықтарға жетіп,
организмнің реакциясына дейінгі жүр-ген жолы рефлекс доғасы аталады.
Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде кейроннан
(афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу —
шартсыз рефлекстің физиология-лық негізі. Шартсыз рефлекс — тума құбылыс. Оньщ орталықтары жұлын мен мн
бағанасыида орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу — шартты рефлекстердіц (жүре
пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстің) физиологиялық негізі. Бұл рефлекстің орталығы — ми қабығы.
Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жеткізумен
шектелмей, өзі жолдаған хабарлардан мағлұмат та алады. Сыртқы ортадан хабар ала алмаса, мидың организмі түрлі
тітіркендіргіштерге жауап беруі қиындар еді. Айналадағы құбылыстар жайында тиісті мәліметтер натижесінде ғана ми
нақты мұқтажын өтеуге бағдарланып отырады.
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің тек жасалу үш мүшелі доға принципімен шектелмейтіндігі, яғни рефлекс
қызметі жұмыс орнына жетумен аяқталмай сондай-ақ миға қайтадан хабар жеткізіп отыратынды анықталып отыр.
Қибернетика ғылымының қалып-тасып, жарыққа шығуынан әлдеқайда бұрын кеңестік физиоги ғалым П. Қ. Анохин
ұсынған теория 1935 жылы белігілі болып, рефлекс жайындағы ілім шығармашылықпен мытылған-ды. Ал физиолог Н.
А. Бернштейн рефлестердің доғамен емес, “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын ашып көрсетті. Бұл тұжырым-
ның қазіргі кездегі нағыз ғылыми түсінік екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
Шартсыз рефлекстер мен шартты- рефлекстердің мәні жайын жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан
қарастырғанда, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрскен кен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің мынадай
ершеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс — тума; 2) шартсыз рефлекстер жұлында, ми бағанасында жасалады,
76


3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан, тұрақты, 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттын қажеті жоқ
(мысалы, тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда
86
болады). Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлскстер
жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша
жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сырт-қы ортамен уакытша
байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады. Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстің
жасалуы 16, 17, 18-суреттерде бейнеленген.
16-сурет. Шартты рефлекстін жасалу жолы.
I. Сілекей шығаратын шартсыз рефлекс, II. Жарықтын әсерімен мидағы көру орталығында қозудың пайда болуы.
III Жарықпен (шартты тітіркендіргіш), тамақ-пен {шартсыз тітіркендіргіш) күшейту, мида бір мезгілде қозудың екі
алабы пайда болады, IV. Шартты рефлекстің пайда болуы
77


 
17-сурет. Шартсыз сілекей бөліну рефлексінің сызбасы.
18-сурет. Шартты рефлектің жасалу сызбасы.
Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешкандай байланыс жоқ екен деген түсінік тумауы
керек. И. П. Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізген тәжірибелері шартты
рефлекстердің сыртқы жағдайдын өзгеруіне сәйкес және сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлекстерге
әуысып отыратындыгын дәлелдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып
отыратыншдығын нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекс-тердің жасалу негізінен организмнін сыртқы
тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштін,
қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И Павлов ми қабығындағы уақытша жүйкелік
78


байланыс деп атады Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып, итке тамақ берілген. Кейін бұл тәжірибс
қайталанбаса да, ит сілекей шығара берген. Жеке алған да оған мүлдем қатыссыз, бейтарап тітіркендіргіш болып
саналатын жарык. тамақпен бекіндірілу нәтижесінде үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналу отыр.
Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарі білдіретін әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсері- нен пайда болатын
ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның
өзгерген жағдайларына байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі
мүмкін. Бірақ адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқы өзгертеді, адамды керісімен тығылады, не қашуға
тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аи тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс бодып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет