Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет58/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124
§ 2 Нышан және қябілет
Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына
байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара
табиғи қасиет.
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралык
психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және
физиологиялық ерекшелік — нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы
миллиардтаған клеткалардьщ қозутежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардыд алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі,
тәлім-тәрбне істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға
себеп болатын тума анатомиялық және физиологиядық ерекшеліктері Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді
болуы қабілеттің дамып қа-лыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттіа нәтижелі болуының
толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң
оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тә-лім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы
мағынада көрініс береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен
белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкіи Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен
шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі
— хирург, дәрігер, екшшісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с. с.
Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы
Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып. бір-ақ рет тыңдаған
күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы
өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев
99


тебірене еске алады. М. Әуезоз өзінің “Еңілік— Кебек” пьесасын 20 жасында жазғаи. Әйгілі суретші К. П. Брюллов
тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға тускен. Ал Л С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда,
мынадай жағдайды да, естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген
мысалдардағыдай же-тістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондан балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды.
Мысалы, аса көрнекті математик Н. Н. Лузин, биолог К. Линнсй, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т.
б. өздерінің. қабілеттілігін әлдекайда кешірек танытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет