Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет63/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124
ахроматикалық яғнн бояусыз (ақ, қара және барлык сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі
сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық, түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің
ашық болуы -” түстердің кара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ак түс — ең, жарык түс, қара түс жарықтығы ең
108


төменгі түс болып саналады. Түстердің, өңі дегеніміз — бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.
Түстің қоюлығы — жарықтығы бірдей сұр түстерден жеке түстердін айырмашылығы. Ең кою түс — қызыл түс.
Көру мүшесі — көз. Онын, негізгі бөлімі — көз алмасы (20-сурет). Көз алмасының ішкі ортасын толтырып тұрған
мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірі-нен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын
қоршап тұрған үш қабық бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды.
20сурет. Көз алмасыныя құрылысы.
1 - кірпікті дене, 2 — нұрлы қабық 3 — ылғал сұйықтығы, 4— 5— көру осі, 6 — қарашық, 7 — қасаң кабықша, 8
— көз бұршағына бекітетін байлам, 9 — коньюнктив, 10—көз бұршағы, 11— шынылы дене, 12—дәнекер тканьді
қабықша, 13 — тамырлы қабық, І4 - - тор қабық, 15 — ортағы ойыс. 16 — соқыр дақ, 17— көру нервісі.
Ақ қабықтың алдыңғы жағы дөңестеніп қалың қабыққа (роговяда) айналады. Көздің торлы қабығына (сетчатка)
жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы өтіп отырады, Сыртқы ақ
!
қабықтыц астыңғы екінші қабығы — тамырлы
қабық.; Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп ' аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке
(бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Торлы қабықта жарық
сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатыи фоторецепторлары орналаекан, Онда 130
млн-ға жуық таяқша, 7 млндай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз
көрудің аппараты делінеді, Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оныңд шеткі жағына орналасқан.
Таяқша клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарық әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру
жүйкелерін қоздырып отырады. Редептор құрылысынан табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері —
109


таяқша пигменті — родопсин, шақша пигменті — иодопсин. Көру мүшесі үшін көмекші анатомиялық аппараттар да
(бездер, қабық, кірпік, кас т. б-) тиісінше түрлі кызметтер атқарады,
Заттардын түстерін көру “үш түс теориясы” деп аталатын теорияға негізделеді. Бұл теорияны алғаш 1756 жылы
ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов ашқа болатын. 100 жылдан кейін оның көзқарасьш неміс ғалымы Г. Гельмгольц
жақтап шықты, Бұл теория бойынша көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткал бар, олар жарық сәулелері-нің
әсерін түрліше сезінеді. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірін жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де,
осының нә- жесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр келткалар қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады.
Ал үшінші жұмыр клеткалардың қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын
болса, адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса, аралық түстерді түйсінеді (2» сурет).
21-сурет. Тустерді көру теориясының сызба кескіні
Көру талдағышында ми қабығындағы көру орталықтары айрықша рөл атқарады. Көру орталықтары мидың желке
тұсында орналасқан (І9-суретті қараңыз)- Көз алмасында сыртқы әсерлерден пайда болған қозу осы орталықтарға
жеткенде ғана көру пайда болады. Шындықты жоғары деңгейде талдау мен біріктіру талдағыштардың осы бөлімінде
өтіп жатады.
Көру жүйкссінің торлы қабықта байланысқан жерін соқыр дақ деп атайды (22 сурет).
+
22-сурет Соқыр таңбаны табу
110


 Торлы қабықтың бұл жерінде сезгіш элементтер кездеспейді, егер, де қарап тұрған заттың сәулесі дәл сол жерге
түссе, адам ештеңе көре алмайды. Мұны қарапайым тәжірибе жасап көрсетуге болады: 22-суретті қашықтығы 25—30
см. жерге қойып, сол көзді жұмьш, оң көзбен дөңгелекке қарап тұрып, сурстті ілгері, кейін жылжытсақ кәрініптұрған- оң
жақтағы дөңгелек бір кезде көрінбей қалады. Себебі, дөңгелектің сәулесі соқыр даққа түседі. Қағазды алыстата,
жақындата қозғап тұрғанда, дөңгелек жоқ болып кетеді.
Қасаң қабықтың сезгіштік күші — сары дақ, ондағы шақшалардың жиналған жері — орталық шұңқыр деп аталады
Адам көру үшін қарап тұрған объектісінін сәулесін сары даққа түсіруге тырысады. Ол үшін көзімізді ылғи қозғай
береміз, сөйтіп, заттың барлық бөлшектерін бейнелеп аламыз. Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау
керек. Бұл заңдылыкты конвер-генция деп атайды. Көз конвергенциясы жаңа туған нәрестеде болмайды, алғашқы
күндері оның екі көзі екі жаққа қарап жатуы мүмкін. Көп ұзамай бөбек көзін бір объектіге тоқтата алады. Бір объектіні
екі көзбен қарай отырьш көру түйсігін бинокулярлық көру дейді.
Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады Енді біреулер түстердің әр түрін жекслеп
көре алмайды Айналадағы заттардың бірі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Көздің осындай кемістігін дальтонизм дейді.
Ондай адам, әсіресе, кызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4—5 проценті далыондық болса, әйелдер
0,5 проценттей ғана. Дальтондық адамдар машина жүргізсе, жол апатына ұшырауы мумкін. Сондыктан түсті көрсететін
сигналы бар жерге қызметке орналасу үшін ондай адам арнайы сыннан өтуі керек.
II, Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын — ауаның толқьшдары. Ауа толқыны деп ауанын,
белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа
толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толқьшдардың жиілігін, амплитудасын (құлашын) және
формасьш ажырата аламыз. Ауаның бір секунтта өтетін толқынын герц деп атайды Адамның есту рецепторы 1 сек.
ішінде орта еееппен 16000-нан 22000 гер”,ке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп
жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтьш 12—16 герцтен төменгі
дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22 000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның
құлағы шалмай қалады. Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыст дейді.
Жануарлардьщ дыбысты сезгіштігі адамнан асып түседі. Мысалы, насекомдар 80 000 герцке жететін
ультрадыбыстарды түйсіне алады. Жарқанат ұшканда қанатымен улътрадыбыс шығарады. Ультрадыбыстард айналадағы
заттарға осғылып қайтқан жаңғырығы; жарқанат түйсіне алғандықтан, тас қараңғы бөлмеде ештеңеге соқтықпай, ұшып
жүре береді. Тәжірибелі зерттеу нәтижелері арқылы жарқанаттын, ми бағанасындағы есту орталық-тарының адамның
миындағы сонда бөлімдермен салыстырғанда 100 есе артық дамығаны байқалды.
111


Есту түйісігі дыбыс шығарашн заттың периодикалық та, периодикасыз да тербелуінен тууы мүмкін. Тұрақты
жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Мысалы, ән айту, саз
аспаптарының дыбыстары музыкалық кұлаққа жағымды дыбыстарға жатады. Тұрақсыз жиілікпен шай-қалудан туған
дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталадь'. Мұндай дыбыстарға түрлі сықыр-сыбдырлар мен тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға
болады. Дыбыстың тембрі қосымша дыбыс шығаратьш мүшелердің 1 сек. ішіндегі тербеліс саны мен амплитудасына
байланысты болады.
Музыкалық аспаптар мен адам даусыньвд өзіндік үнін тембр дейді. Тембр ауа толқьшының шайқалу түріне
байланысты. Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарьшан әсер етсе, ол дыбыстар бір-біріне қосыльш кетеді.
Мәселен, пианиноның үш клавишасьш (до, ми, соль) бірдей балсақ, олар үндесіп, аккордка ай-налады. Біз түйсінетін
дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі — консонанс
(үйлесімді, жағымды;. жағымсызы {үйлесімсіз, жағымсыз) — диссонанс деп аталады.
Құлақ — есту рецепторы. Ол үш бөлімнен тұрады: 1} сыртқы құлақ; 2) орта құлақ 3) ішкі кұлақ. Сыртқы құлаққа
құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады. Құлақ қалқаны — дыбыстың барытын белгілеп отыратын және оны
жинауға себепкер мүше. Ондай міндетті қалканның бұлшық еті орындайды. Бұл мүшенің фи-зиологиялық күші ерекше.
Кейбір жануарларда қалқан бұлшық етінің де рөлі күшті. Оны біз құлағын қайшылап тұрған аттан, дыбысқа құлағын
тігетін иттен байқаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда бұлақ шығаратын бездер
болады. Есту жолының ұзындығы — 2,5 см
Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше — дабыл жарғағы, Ол нәзік (0,1 мм) болғанымен, өте берік.
Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады. Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта
құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.
Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден — балғашық төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық ауаның
жарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады. Үзенгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді.
Ортаңғы құлақтың қуысы евстахий түтігі арқылы кеңсірік, жұтқыншақпен жалғасады. Осы түтікпен өтетін ауа
дабыл жарғағының екі жағындағы ауа қысымын теңестіріп отырады. Егер екі жағындағы ауа қысымын теңелуі бұзыла
бастаса, есту де нашарлай бастайды. Ал екі жақтың қысымы күшейіп кетсе, дабыл жарғағының жыртылуы мүмкін.
Мәселен, атыс кезіндегі өте күшті (200 децибел) ауа толқыны жарғақты жыртып жібереді. Ондайдан сақтану үшін оқ
атылғанда ауызды ашу керек, сол кезде евстахкй түтігінен орта құлаққа енген ауа мен атмосфералық ауаның қысымы
теңдеседі.
112




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет