Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет81/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124
ХІУтарау. СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ҚАТЫНАС.
§ І. Тіл, қатынас және сөйлеу
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетініц бірі және дін
қасиеті — оның дыбысты анық тілі. Дыбысты арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-
тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. 
Тіл. Тіл дегеніміз — сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі- шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің
қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып. жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі-әні бар. Жалпы
тілдің белгілерді психологиялық тор әрі құрал деуге де болады. Тіллік белгінің бірінші — оның қоғамдық-элеуметтік
мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданъш. әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді, Мысалы,
көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл — белгі ал
сөз — қару. Тілдік белгілердің екінші мәні — олар арқылы
адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгі-лің мәні бар,
олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіке әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қогамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді
меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі.
Тілдің мұндай қызметін ғылыми ату-да коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-
әрекетіндегі даралық тәжір-. белерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың
өзгеруіне бейімделгі. Адам өзінің ғана емес, езгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеперін
шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты
Ақыл-ой не интеллекті әрекет ед алдымен, іс-әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді,
үшіншіден, орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат-мүдделер-мен салыстырады. Осындай ақыл-ой
нәтижесінде әр адамның мінез-кұл-қындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның
іс-әрекет түрлері,өзгелердің ісі қоғамдық. тәжірибелер арқылы байып, жаңа, сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің
іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге
асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның, бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл-ой
әрекеттеріндегі қатынас қүралы екендігін тағи да бір қырынан ашып көрсетеді. Ал қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара
қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды мен- гереді, білімін өсіреді,
өздерінің әлеуметтік-тарихн тәжірибелерін дамытады.
139


Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-катынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні
(басқа адамдар, ал оның мәлін білдіретін құрал — тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект — өзге адамдар
және олардың санасы мен ниет- тілектері, сезім күйлері меп эмоциясы Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең,
алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабардарды алмасу болса, екіншіден, сол карым-қатынас жасау нәтижесіиде
адамдардың ниет-тідектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-
қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі пеихологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар (үш-төрт адам) арасында, не көптеген адамдар
тобымен де болып отырады. Мұндай катынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да
қатынастар болады,
Қарым-қатьшас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып огырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан
тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары дсп атайды. Бұлар' — а) сөйлеуге
даярлық; б) жоспарлау; б) жүзеге асыру, с) бақылау сатылары, Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас.
Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау (коммуникация)
мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі — зат алмасу қатынасы
болып саналады. Этнопсихологияда әрбір тайпаның халықтың үлттық дәстүрлерге байланысты әдет-~ғұрпы, мысалы,
абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме
жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, кұрмет, сыйластық сезімдері де адамдар
арасындағы қатынастың бір түрі больш саналады. Қатынас жасаудың ымишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас
арқылы үсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас -- дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі
мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады.
Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың, маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет