атады. Кейінірек, 1874 жылы К. Вернике мидың осы белігінің самай жағындагы жоғары қатпарында сөздердің
бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің
жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835—1911 ж) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен
психологтар
П. К- Анохин, Н. А. Бернштейн, А. Р. Лурия, А. Н,
Леонтьев, Д. Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т. б. өз
зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлслдері жеткіліксіз екендігін ашып
көрсетті. П К Анохин сөйлеу әрекетініц фи-зиологнялык механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте
күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз
етіп отыратын әрекет
орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі — Н. И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы
процесс. Сөздерді қабылдау мен тү-сіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологнялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты
болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31-суреттс арнайы берілген.
Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінін орталығы мидың желке
бөлігінде орналаскан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабынын закымдануы-на байланысты Осындай зақымдану салдарынан
адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды.
31-сурет Мидағы сөйлеу алаптары. ЖСО— жазба сөз орталығы. ҚСО — козғалыс — сөйлеу орталыгы АСО —
ауызша сөйлеу орталығы.СКО —
сөздерді қабылдау орталығы
Афазиялар үлкен ми жарты шарларьшың белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі
ауруларға ұшырағанда пайда болады.
Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және
семантикалық, сенсорлық бөлып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А. Р. Лурия еді.
“Афазия” деген грек сезінің мәнісі — мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не
142
езге адамдармен қарым-қатынаеындағы сөйлеу қабілетінін. мардымсыздығы дегенді
білдіреді Сөйлеу қабілетінін
мұндай кемістігінщ түрлері зрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын
болса. ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы — сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар
жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия — әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін
жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай ке-містігі бар адам “әкесі”, “ағасы” деген сөздерді дұрыс айтқанымен, “әкесінің
ағасы” не “әкесінің інісі” деген сездердің мәнін ажырата алмайды Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар
сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінін мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесстін афазиялық кемістіктердің бәрі де - - жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінік кім
екенін де анғара алмай, ір түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда
болып отыратын құбылыс
Достарыңызбен бөлісу: