Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет82/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124
Сөздік әрекет. Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге
асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал
етіп пайдалану әрекеті — күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы
тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп қоймай, тіл білші арқылы да қарастырады Психология ғылымы тіл білімінен
ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын кызменің адамның мінез-құлық бағытын белгілейді.
Содғы 30—35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын
гы-лым саласы пайда болды
140


Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің
атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үщ түрлі салаға топтастырылып қарастырылады: 1. Сөйлеудің
коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнифякативтік қызмст; Бұл латынның
“сигнал” — белгі, таңба дегеп сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер
мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдар-дың түрлі қимыл-
қозғалыстары мен ымишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау — сөйлеудің сигннфикативті қызметін
білдіреді. 3. Сейлеудіц экспрессивтік қызметі — әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа
жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелер-ге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде
әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл
түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді Сөйленген сөз, айтылған ой — адам
психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет