Кирилшедегі əріптердің баламалары. Ережедегі тарқатып айтар тұстардың бірі – кирилшедегі ё (io) , ц (с), щ (sh), ъ, ь, э (e), ю (ıý), я (ıa) əріптерінің баламасын оңтайлы түрде орфографиялау. Бұл тұста, байқа- уымызша, э, ц, ё əріптерін е, с, ио түрінде таңбалау соншалық қиындық келтіре қоймайды. Мысалы, еlektr (електр), sement (семент), aseton (асе- тон) түрінде жазуға болады. Сондай-ақ сөз басында келетін я, ю əріп- терін юмор – iýmor (иумор), юнкер – ıýnker (иункер), ягуар – ıagýar (иа- гуар), ядро – ıadro (иадро), яхта – ıahta (иахта), юнга – ıýnga (иунга) деп таңбалау дау тудыра қоймайды. Бірақ қиындық ю, я əріптерінің екі дыбысты емес, бір [у], бір [а]-ны жəне сөз ішінде қатар тұрған алдыңғы дауыссыздың жіңішкелігін білдіретін қызметімен байланысты. Мысалы: Таня – Tanıa (Таниа) ма Танə – Taná (Танə) ма?; Сондай-ақ Любовь де- ген жалқы есім, Лиубөв немесе Лубөв деп жазылуы керек пе? Парашют, сюта, сюрреализм, сюзерен, сюжет, салют, фюзеляж сөздерін, жедел сауалнамада көрсетілгендей, жұртшылық parashýt (парашут), sıýta (сиу-
та), sýrrealızm (сурреализм), sýzeren (сузерен), sýjet (сужет), salýt (са- лут), fýzelıaj (фузелаж) деп жазуға бейім. Қиындық осында. Бұл тұста мəселені ашық қалдырмай шешуге тура келеді.
Сонымен, қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сəйкес болуы көзделген; тəжірибеде сыннан өтіп, дəстүрге айналған базалық нормалары сақталған; техника- лық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы, мобильді, жи- нақы болуы ескерілген; халық тілінің дыбыстық қор əлеуетінің кеңірек қамтылу жағы қарастырылған; жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, космополиттік əсірелікке ұшырамауы көзделген.
Қазақ орфографиясы негізгі ережелерінің ғылыми негіздемесі
(концепциясы)
Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясы Қазақстан Республи- касының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақ тілі əліпбиінің кирилли- цадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету» мақсатындағы Жарлығына сəйкес орындалып отыр.
Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясы (бұдан əрі қарай – Емле концепциясы) – қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазу ережелерінің ғылыми негіздерін айқындайтын лингвистикалық нормативті құжат. Емле концепциясында ұсынылған қағидаларға сəйкес емле ережелері құрастырылады. Емле ережелерінің негізінде орфографиялық сөздік құрастырылады. Яғни Емле концепциясында тұжырымдалған қағида- лар қазақ жазуының емле ережелерін, орфографиялық сөздік, орфогра- фиялық анықтағыш, басқа да ортологиялық құралдар жасауда негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |