Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет47/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Дəлел. Дəлел мынау: у да, и де А.Байтұрсынұлы айтқандай, жарты да- уысты. [тұу] дегенде у жарты дауысты, ұ қысқа дауысты, екеуі де еріндік. Осы қасиеттері жағынан бірегейленіп, бір бүтінге айналған дыбыстық бірлік. Тұу деп жазсаңыз да, ту деп жазсаңыз да айтылымында айырма жоқ.
Жаңа əліпби, жаңа емле
Уəж. Уəж мынау: Əңгіме тек бу, су, ту сияқты, бір буынды сөздер ғана емес. Əдетте орфографиямен шұғылданушылар бірер сөзбен ғана шектелмей, фактологиялық материалдарды кеңінен жинап, соған сүйе- неді. Оны саралайды, əр нұсқасын жазып, салыстырады: игеру (5 əріп)
ійгерүу (7 əріп) , игерісу (7 əріп) – ійгерісүу (9 əріп); қуу (3 əріп) құуұу (5 əріп); ауру (4 əріп) – ауырұу (6 əріп); суыну (5 əріп) – сұуынұу (7 əріп). Ал халықаралық терминдер мен прецедентті атауларды да қосар -ый/-
ій, -ұу/-үу түрінде де жазып көрдік: криминологиа (12 əріп) – кріймій- нологійа (15 əріп), университеті (12 əріп) – үунійверсійтеті (15 əріп), Иури Гагарин (11 əріп) Ыйұурій Гагарійн (15 əріп) т.б. халықаралық тер- миндер мен прецеденті атауларға келгенде, оппоненттер тарапынан «біз тек төл сөздерімізді ғана -ый/ -ій, -ұу/үу деп жазамыз» дегендей де уəж айтылды. Бұндай уəжге де тоқталу қиын болды, өйткені мыңдаған жа- зарманымыз иман/ыйман, уəкіл/үуəкіл, Уəзипа/Үуəзійпа, уəжіп/үуəжіп, Уəлихан/Үуəлійхан, Иса/Ыйса, Исатай/Ыйсатай, Иран/Ыйран т.б. сөздер мен атауларды жазарда төл ме, төл емес пе деп «сұрыптап» отырмақ па? Дара не қосармен жазу санаулы сөздердің ғана орфографиялануы емес, күллі Емлеміздің шамамен үштен бірін құрайтын аса ауқымды жүйе. Оны өзгерту – өзгеріс емес, төңкеріс болар еді.
Əліпби реформасы қоғамымызда 7 жас пен 70 жастан асқанға дейінгі мүшелерін қамтитын əлеуметтік аса ауқымды жəне кезек күттірмейтін рухани жаңғыру. Реформа дегеніміз, жалпы айтқанда, түп негізін сақтай отырып өзгерту. Жазу-сызуда да солай. Жазу-сызу – біздің түп негізі бар рухани дүниеміз. Ал түп негізінен айырылса, ол өзгеріс емес, төңкеріс болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет