Тіл жүйесі өзінің ішкі заңдылығы бойынша бірте-бірте дамиды. Ал тілдік норма дегеніміз сол жүйенің сөздегі (речь) нақты қолданысы болғандықтан, соған сəйкес ол да бірте-бірте өзгеріп отырады. Əдетте
Орфография мұндай норма адамдардың еркінен тыс (стихиялы түрде) жүзеге асады. Əдеби тілде, оның өмір сүруінің бір формасы – жазба тілде норма сол тілді тұтынушы адамдардың саналы араласуымен ғылыми (сөздіктер, грамматика, анықтағыштар т.б.), кейде ресми (əліпби, орфографиялық ереже туралы үкімет жарлықтары, терминдер жөнінде арнайы комиссия- ның қаулылары т.б.) тұрғыда қалыпқа түсіп (кодификацияланып) жатады. Қазақ əдеби тілінің нормаларын практикалық жақтан алғаш қалып- тандыру (кодификациялау) қазақ сөзінің хатқа түсе бастаған кезі болса, жазу нормаларын ғылыми жақтан қалыптандыру емле ережелері мен сөздіктерден басталады. Сөйте келе, тəжірибе жинақтаудың барысында, тілдік материалды қамту, белгілі бір жүйе мен бірізділікті сақтау жағынан
анықтағыш əдебиеттің (сөздіктердің) өзі де толығып, жетіле береді.
Алайда жазу нормаларын қалыпқа салу деген алдымен қолдан ереже, сөздік, грамматика жасап алып, тілді соған сырттан таңу емес.
Керісінше, норманы, оның ішінде жазу нормасын қалыптандыру де- геніміз тілдің сол кезеңдегі жұртшылық мойындаған жəне қолданып жүрген жүйесін дəл беріп, дұрыс қамту дегенге саяды. Бірақ сөздіктерде, грамматикалық еңбектерде, емле ережесінде көрсетілген нормамен бірге адамдардың күнделікті тіл жұмсау дағдысында əртүрлі жаңа қолданыс- тар пайда болып жатады. Сөйтіп, белгілі бір тілдік бірліктің екі немесе одан да көп нұсқасы қатар қолданылуы мүмкін. Уақыт жағынан алған- да олардың ескісі, жаңасы, функционалдық мəні тұрғысынан қарағанда кітаби, сөйлеу тілі, көтеріңкі, пəс, бейтарап түрлері болады. Сондай-ақ жарыспалы көп нұсқаның ішінде тілдің даму үрдісіне сай келетіні ал- дымен еске алынуға тиіс.
Қазіргі кезде əдеби тілдің жазу нормалары біршама қалыпқа түсті. Əйт- седе жазу нормаларын қалыптандыруда əлі де болса тиянақты шешімін таппай келе жатқан емле жүйесінің босаң тұстары аз емес. Солардың бірі, мысалы, қысаң дауыстылардың жазылуы. Əрине, бұл жерде 30 – 40-жыл- дардағыдай кездесетін жаппай қиындық жоқ. Алғашқы кезде асыра – асра,жамыра–жамра,шарыуа–шаруа,көбірек–көбрек,топырақ – топрақт.б. тəрізді сөздер осылайша екіұдай жазыла келіп, қазіргі кезде бір ғана нұсқада орнықты. Сөйтіп, жазылуы кейбір фонематикалық құ- былыстармен байланысты едəуір орфографиялық қиындықтардың шең- бері айтарлықтай ықшамдала түсті. Мұның өзі жазу нормаларының бір- шама аз уақыт ішінде азды-көпті орныға түскенін байқатады. Дегенмен кейбір дыбыстық құбылыстармен байланысты көптеген сөздің жазылу нормасы түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Редукция, палатализация, аб- сорбция, метатеза, ламдаизм, протеза құбылыстарымен ұштасып жата- тын сөздердің жазу тəжірибесінде ала-құла жазылып жүргендері аз емес.
Сондай-ақ күрделі сөздердің кейбір типтері мен түрлері де жазу тəжіри- бесінде едəуір қиындық келтіріп жүргені мəлім. Осы айтылғандармен байланысты жазу нормаларын қалыптандырып, бірізге салуда қиындық келтіріп жүрген сөздердің типтері мен түрлерін арнайы қарастырып, аз- ды-көпті талдау жасаудың қажеттілігі байқалады. Олардың біразы, жоға- рыда айтылғандай, дыбыс құбылыстарымен байланысты болса, бірсы- пырасы күрделі сөз топтары мен көмекші сөздердің жазылуына қатысты болып келеді.
Əдетте тіл өзінің қоғамдық өмірдегі сан-салалы қызметін атқара отырып өзгереді. Сондықтан тіл жүйесінде дағдыға сіңген қолданыс- тармен бірге ескісі мен жаңасы жарыса жүреді. Ескінің өзі жаңаша мазмұн алып, қайта жаңғырып жатса, су жаңалары дағдыға айналып, сонылығы білінбей, үйреншікті, қолданыстың қатарына қосылады. Тіл жүйесінде болып жатқан мұндай құбылыстарды дер кезінде бай- қай отырып, оларды тілдің даму үрдісіне сай қалыптандырудың жазу мəдениетін көтеруде үлкен мəні бар. Міне, осымен байланысты бұл тұста біз тіл жүйесіндегі үрдістерді анықтай отырып, оларға қай нұсқа- ның сай келетінін көрсетуге тырыстық. Мысалы, 30 – 40-жылдары да- уыстылар белгілі бір позицияда бірде жазылса, бірде жазылмай жүрді ішінара(шінара),жамыра(жамра). Бірте-бірте қысаң дауыстыларды
«естілген жерде» жазу нормаға айналды. Мұның өзі тілдің синхронды күйіне үйлесімді болды. Бұлай болмаған жағдайда дауыссызды дауыс- тыдан бөліп тастау сияқты қауіпке жол ашылар еді. Бұл жерде қазақ тілі дауыстарының табиғатын дəл бейнелейтін «тəнді жан қалай биле- се, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді» (А.Байтұрсы- нов) деген теңеуді тағы қайталауға тура келеді. Сөйтіп, Ереже бойынша қысаң дауыстыларды жаппай түсіріп жазуға шек (регламент) қойылып, белгілі бір позицияда түсіріп жазуға болатыны анықтағыш əдебиетте көрсетіле бастады. Осымен байланысты бұл саладағы қиындықтың шеңбері едəуір ықшамдала түсті.
Қазіргі кезде, қолда бар тілдік деректерді саралай келгенде, ашық буынның жабыққа айналуы арқылы сөздің буын саны жағынан ықшам- далу (экономия) үрдісінің бар екені байқалады (парығы, парқы, халығы, халқы, мүлігі, мүлкі). Жазу нормаларын қалыптандыруда, əрине, ықшам- далған нұсқаға басымдық берілуге тиіс. Анықтағыш əдебиет арқылы жазу нормаларын қалыптандыруда тағы бір ескеретін үрдістердің бірі
– бейүндес буынды сөздердің палатализация құбылысына ұшырауы (құдырет – құдірет). Бұл жерде сингармонизм заңдылығының əрекет етуі соншалық, к фонемасы əдеттегі өзінің (к), (х) нұсқаларынан басқа (қ′) түріндегі жаңа бір реңкке ие бола бастағанын байқауға болады.
Орфография Аталған фонеманың (қі) реңкі күнделікті сөйлеу тілінде ғана емес, сахна, радио, теле хабарлар тілінде орнығып келе жатқанын қазіргі кез- де байқау қиын емес: (қабілет (қа/бы/лет емес), (қіаріекіеті) (қа/ра/кет емес). Олай болса мұндай типтегі сөздердің жазылу нормасын қалыптан- дыруда құдірет, қабілет, қаракет тəрізді нұсқасына артықшылық беру қажет. Бейүндес буынды сөздердің сингармонизм заңдылығы бойынша палатализация құбылысына ұшырауы ғфонемасының (ғі) тəрізді жаңа бір реңкке ие бола бастағанын байқатады: ғаныйбет, (ғіаніій біеті). Əдетте мұндай бейүндес буын диахрондық тұрғыда сингармозаңдылық бойын- ша екі түрлі жолмен игерілетін: 1) сөздегі буындар бастан-аяқ жуан əуезге көшеді (ғазыйз, қазыйз), 2) сөз басындағы дауыссыз түсіріліп айтылып, барлық буын жіңішке əуезбен айтылады (əзійз), (əзіз). Қазіргі кезде, біздің байқауымызша, бейүндес буынды сөздердің ауызша игерілуінің жаңа бір жолы қалыптасып келеді. Ол – ғфонемасының ғі түріндегі жаңа бір реңкте айтылуы. Мысалы: [ғі азійз), [ғі анибет] т.б.
Жалпы халықтық тілдегі л/д сəйкестігіне байланысты сөздіктерде бірсыпыра сөз екі түрлі ыңғайда жазылып жүргені мəлім: ақшадай/ақ- шалай, тірілей/тірідей, жылылай/жылыдай. Егер морфемалар жігіндегі қалыптасқан жүйені ескерсек, «л» нұсқасының басым екені байқалады (таулар, сыйлар, саулық, сайлық). Олай болса жазу нормаларын қалып- тандыруда бұл үрдіс ескеріліп, «л»нұсқасына артықшылық берілуге тиіс: ақшалай (ақшадай емес), тірілей (тірідей емес) т.б.
Жазу нормаларын қалыптандыруға байланысты қиындықтардың бірі – күрделі сөздердің бірге не бөлек жазылуы. Сөздіктерде ақбөкен бірге, ақ аю бөлек жазылған. Неге? Сырт қарағанда екеуі де бір типке жататын сияқты. Осы тұрғыдан қарағанда сөздіктерде бірізділік жоқ тəрізді. Ал, шынында, ақаю,ақбөкендегендегі ақбір емес. Бірінші тіркестегі ақсөзі өзінің экстралингвистикалық мəніне сəйкес (Д1), ал екінші тіркестегі ақ сөзі экстралингвистикалық ұғымдағы «ақ» -қа сəйкес келмейді (бөкеннің
қардай, сүттей ақтығын көрсетіп тұрған жоқ), яғни бұл сема коннотат екіге (К2) жатады. Енді осы екі тіркестің сыңарларын семалар бойынша көр- сетсек, бұлардың екі басқа құрылымға жататынын айқын көруге болады:
ақ аю Д1 Д1 ақ аю ақ бөкен К2 Д1 ақбөкен Міне, сондықтан бұл тіркестің бірінің бөлек, ал екіншісінің бірге жа- зылуы əбден мүмкін. Бұл арада бірізділік жоқ деуге болмайды. Екінші тіркес (К2 Д1) идиомаланудың жоғарғы сатысына көтерілген. Сөйтіп, тір-
кестің идиомалану сатысы жоғарылаған сайын оларды бірге жазу – қазір-
гі тіл жүйесіндегі үрдістердің бірі.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, жазу тəжіри- бесінде əртүрлі нұсқада жазылып жүрген сөз топтарын жинақтай оты- рып, олардың себеп-салдарын көрсетуге, тіл жүйесінің даму үрдісіне қай нұсқаның сай келетінін анықтауға тырыстық. Бірақ бұл жерде қазақ орфографиясындағы күллі қиындықтар мен қайшылықтар бастан-аяқ түгел қамтылып себеп-салдары түгел ашылды деуден аулақпыз. Өйткені бұл мəселе бір зерттеудің ауқымына сыймайды. Оның үстіне кейбір нор- маны қалыптандыру мəселесі əлі де болса өмір тəжірибесінен, уақыт сы- нынан өткізуді қажет етеді.