қырқы (этнографизм), қырық [қырығы] қырқы – морфонологиялық алмасу.
Осы салыстырудан байқайтынымыз, қазіргі жазу нормасында жалпы фонетикалық алмасуларға қатысты дыбыстық өзгерістер жазуда арнайы таңбаланбайды да, бұған керісінше, морфонологиялық алмасулар жазу- да жүйелі түрде бейнеленіп отырады. Осы тұрғыдан қарағанда, проф. Қ.Жұбановтың «қазақ емлесі дыбыс негізді болуы керек» дейтін тезисін жалпы фонетикалық алмасудың жазу-сызуда еленбей ерекшелігімен, сондай-ақ морфонологиялық алмасулардың арнайы таңбаланатын сипа- тымен ұштастыра қарауға болады.
Қосалқы принциптер. Тіл-тілдің дыбыс жүйесіндегі алшақтық пен өзгешелікке, əліпбидегі əріп санының əртүрлі болуына байланысты көп- теген елдің жазу-сызуында тілдің ішкі жүйесі мен заңдылығынан тысқа- ры жазылатын шеттілдік сөздер, сөз топтары болады. Коммуникаци- ялық жақтан қолайлы болу үшін олар негізінен уəждемесіз принциптер (дəстүрлі, айырмыс, транслитерациялық, транскрипциялық, түпнұсқа принциптері) бойынша жазылады.
Қазіргі қазақ жазуында фонематикалық принциптен кейінгі жүйелі түрде қолданылып келе жатқан принциптің бірі – түпнұсқа принципі. Түпнұсқа принципі əліпбиі ұқсас болған жағдайда шеттілдік сөздердің графикалық нұсқасын сол күйінде жазу үшін пайдаланылады. Ол үшін əліпбиде төл сөздерді жазуда қолданылатын əріптерден басқа арнайы графикалық таңбалар жүйесі алынады. Мысалы, қазіргі қазақ əліпбиін- дегі в, й, ф, х, ц, щ, ч, э, ю, я, ь, ъ тəрізді əріптер шеттілдік сөздерді түп- нұсқа принципі бойынша жазу мақсатымен алынған.
Қазақтың төл сөздерін таңбалайтын əліпбидегі əріптермен (тір- кесімен) де шеттілдік сөздерді жазуға болады: ц – тс, ч – тш, сондай-ақ в əрпін əліпбидегі у-мен ертеректегі жəне қазіргі жазу тəжірибесіндегідей, мысалы, тауар, Еуропа т.б. ф əрпінің қызметін п-мен (бұл да тəжірибеде бар, мысалы, порым, пасон т.б.), э əрпін əліпбидегі е-мен, ал жуан ъ, жіш- келікті ь білдіретін таңбалардың қызметін қазақ тілінің дауыстыларын
таңбалайтын əріптермен беруге болады. Бірақ қазіргі қазақ жазуы бұл жолды ұстанбады. Оның түрлі-түрлі себептері де болды. Сол себептердің негізгісін проф. Р.Ғ.Сыздықова былай деп көрсетеді: «Кірме сөздердің жазылуы қазақ емлесінің барлық кезеңінде де күн тəртібінен түспей келеді. Əсіресе бұл проблемаға латынға көшкен кезде қатты ден қой- ыла бастады. Бұған қазақ тіліне, оның жазба дүниесіне 20-30-жылдар- дан бастап орыстың өз сөздері (совет, совхоз, колхоз, союз, гудок, наград т.б.) мен «интернационалдық» деп аталатын дүниежүзілік ортақ сөздер – ғылыми-техникалық терминдердің молынан ене бастауы түрткі болды. Бір ғажабы, осы кездің өзінде термин сөздердің жазылуына қатысты емле қағидаларының саны (18) қазақтың төл сөздерінің орфографиясына арналғандарынан (12) асып түсті.
Сөйтіп, латын жазуы кезінде «шеттілдік термин сөздерді жазуда қазақ тілінің дыбыс заңдары негізге алынады» деп қабылданған ереже бойын- ша бір сөзді əркім өзінше дыбыстап, бірнеше тұлғада таңбалануы қиын- дық келтіріп отырғанын Қ.Жұбанов, С.Аманжолов сияқты мамандар атап көрсетті. … Сондықтан 1940 жылы «орыс жазуын» қабылдағанда, орыс тілінен жаңадан енген сөздер, əсіресе терминдер сол орысша тұлға- ланған түрінде өзгертілмей жазылсын» деген ереже осы қиындықтан шығудың амалы ретінде қолайлы болған болу керек» (Тағы да бүгінгі емлеміз жайында // Егемен Қазақстан, 1993, 27 наурыз). Автордың ай- туынша, тіпті кейбір шеттілдік сөздер он алты нұсқада жазылған екен. Ондай сөздердің ғылыми негізге сүйене отырып, белгілі бір нұсқасын алуға қазақ жазуының теориялық базасы болмады (болған күннің өзінде енді-енді жасалып жатты).
Шындығында, бұл кезде қоғамдағы саяси-əлеуметтік өзгерістерге байланысты білім-ғылым, техника саласына қатысты сөздер (терминдер) лек-легімен тілге толассыз еніп жатты. Ал оғанға дейін орыс тіліне негіз- делген тұрмыстық сөздер (кереует, бəтіңке, самаурын т.б.) біртіндеп кірді жəне олар ондаған жылдардың ішінде ауызша тілдің елегінен өтіп, бірер нұсқада қалыптасты. Ал қазақ жазуының латын мен кириллица кезінде білім-ғылым, техника саласындағы шеттілдік сөздер тілімізге біртіндеп емес, ондап, жүздеп ене бастады. Олар тіпті ауызша тілдің еле- гінен өтіп үлгермей-ақ, хатқа түсе бастады.
Сөйтіп, латын кезінде қабылданған тəуір Ереже жүзеге аспай қалды. Осылайша қазақ жазуында, орыс əліпбиіне көшкенде, шеттілдік сөздерді түпнұсқа түрінде (цитаталық принциппен) жазу принципі қалыптасты.
«Цитатный принцип принят также в орфографиях всех языков Совет- ского Союза при написании заимствовании из русского языка, если пись- менности их основаны на кирилловском алфавите. Само собой разумеет-
Орфография
ся, что цитатный принцип применяется только в акте письма, чтение же соответствует нормам займствующего языка» [14]. Бірақ шеттілдік сөз- дердің түпнұсқа принципімен таңбалануы тек жазу актісінде ғана жүзеге асып қойған жоқ, олардың оқылуы да бөгде тілдің дыбыс ығына түсіп кетті. Тіпті төл сөздердегі дыбыстарды таңбалап тұрған əріптердің өзін соңғы кезде бөтен тілдің дыбыс құндағына бөлеп айту қаупі туа бастады. Мұның өзі тіпті əліпбиді өзгерту қажет-ау деген мəселенің күн тəртібіне қойылуына себеп болды. Академик Ə.Т.Қайдаров латын əліпбиін кейбір жаңғыртулармен қайта қалпына келтіру жөнінде мəселе көтерді [29, 2 б.]. Түптеп келгенде, осы күнгі əліпбиді қайта жаңғыртсақ та, я болма-
са басқа бір əліпбиге көшсек те, шеттілдік сөздер үшін арнайы əріптер алмай-ақ, оларды төл сөздерді белгілейтін əріптермен жазу принципін ұстануға тура келеді. Ендігі жерде тіларалық байланыс бұрынғыдай біржақты емес (тек орыс тілімен ғана емес), жан-жақты болып, өзге де халықтардың тілімен (ағылшын, француз, неміс, түрік, жапон, қытай т.б.) қазақ тілінің тікелей байланысқа шығуы таяу болашақтың өзінде-ақ күшейе түспек. Ондай кезде ағылшын сөзі үшін, жапон, қытай сөздері үшін түпнұсқа принципімен жазамыз деп, əліпбиге арнайы əріптер то- бын енгізу тіпті мүмкін емес. Мұндай жағдайда да көпнұсқалық тəрізді қиындыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл жерде проф. Р.Сыздықованың емле жөнінде өзекті мəселе көтерген мақаласындағы мына пікірге ден қоюға тура келеді. «Егер басқа жазуға, айталық латынға көше қойған- дай болсақ, ол күнде орфографиялық принциптерді де бірден өзгертіп, кірме сөздердің барлығын қазақыландырып жіберудің мүмкіндігі болар. Соның өзінде де «əйтеуір қазақша айтылуынша жазу» деп тұрпайы тео- рияны көлденең тарта бермей, бүгінгі жаппай сауатты, өзге тілдерді де меңгерген қазақ қауымының мəдени деңгейіне қарап, ғылыми негізде дыбыстық сəйкестіктерді жүйелеп алып, кірме сөздерді қазақша тұлғаға көшіруді ойластыру (астын сызған біз – Н.У.) қажет болады (Егемен Қа- зақстан, 1993, 27 наурыз). Шындығында, ғылыми негізде дыбыстық сəй- кестікті жүйелей отырып, шеттілдік сөздерді қазақша тұлғада жазудың (30-жылдармен салыстырғанда) қазіргі кезде жасалған теориялық базасы жоқ емес. Мысалы, соңғы жылдардағы зерттеулердің бірінде көрсетілген мынадай салыстыруларға назар аударып көрейік.
Əліпбиге шеттілдік сөздерді жазу үшін арнайы əріптер жүйесін енгіз- бей-ақ, қазақтың төл тума сөздерін белгілейтін əріптермен де жазу бағы- ты ұстанылса, онда мұндай сөздердің екі түрлі жүйемен жазылуы мүм- кін. Біріншісі, түпнұсқа принципінен бас тартып, уəждемелі принцип бойынша сөзді сингармонизм заңдылығымен «сындырып» жазу. Бұлай жазудың коммуникациялық жақтан өз қиындығы бар: Мысалы, кейбір
сөздерді кəккей, кəмпүйтүр, үнійберсійтет, інійстійтүт деп жазуға тура келеді. Екінің бірі мұндайда сөздің тұрпатын тану былайғы жұрт- шылыққа қиындау тиеді. Екіншісі, транскрипция принципімен жазу. Бұл принциптің түпнұсқа бойынша жазумен ұқсастығы да, өзгешелігі де бар. Ұқсастығы – коммуникациялық жақтан қолайлы болу үшін шеттілдік сөздер тілдің ішкі заңдылығы бойынша «сындырып» жазылмайды. Ал өзгешелігі – əліпбиде шеттілдік сөздерді жазу мақсатымен əдейі алынған əріптер тобы болмайды. Əліпби біртұтас болып, шеттілдік сөздер қалай- да төлтума сөздерді жазуға арналған əріптермен жазылады. Мысалы: һөккей, униберситет, институт, компиутер т.б.
Шетелдік фирмалар, кəсіпорындар, ұйымдар, кісі есімдері, ғылы- ми-техникалық терминдер түгелдей дерлік осы күнге дейін орысша нұсқамен жазылып келгені мəлім. Ендігі жерде ағылшын, неміс, фран- цуз, жапон, араб т.б. елдермен тікелей экономикалық мəдени қарым-қа- тынасқа шығумен байланысты бұл топтағы сөздер көбейе түсуі ықтимал. Мұндайда жазу тəжірибесіндегі транскрипциялық принциптің мүмкінді- гін, коммуникациялық жақтан қолайлығын жоққа шығаруға болмайды.
Аса жүйелі болмағанмен, қазіргі жазу тəжірибемізде кездесетін прин- циптің бірі – айырмыс принцип. Бұл аталған принциптің мақсаты – ды- бысталуы ұқсас сөздерді (омонимдерді) жазуда парқын айырып хатқа түсіру. Мысалы, қан-хан, қат-хат, ру-ұру, қауіп-хауіп, қаттау-хаттау, байым-пайым, баб-бап.
Жоғарыда біз қазіргі жазуымызда қолданылып жүрген кейбір прин- циптерге азды-көпті тоқтала келіп, олардың ішінде қайсын негізгі етіп алуды, түптеп келгенде, жазудың ішкі жүйесі арқылы айқындауға бола- тынын байқадық. Мысалы, қазіргі жазуымыз дыбыс жүйелі жазу екені даусыз. Бірақ дыбыс жүйелі жазудың бір-бірімен байланысты фонетика- лық жағы бар да, фонологиялық жағы бар. Негізгі емле принципі осы екі түзілімнің бірін жүйелі ұстануды талап етеді. Ендеше қазіргі жазуымыз осы екі түзілімнің қай жағында тұр? Бұл сұраудың жауабын фонеманың дыбысталған сөздегі көріністерін байқататын мынадай нақты мысалдар- ды талдау арқылы ізденуге болады:
І.
<а> ––––––––– [а]
[ат] ––––– ат
<т> ––––––––– [т]
Фонеманың сөз, сөз тұлғаларын ажырататын сигнификациялық қыз- меті мен дыбысталған сөзді құлаққа шалыну жағынан ажыратып тұратын
Орфография
перцепциялық қызметі сəйкес түсіп жатады. Фонеманың дыбысталған сөздегі бұл күшті позициясы басқаларынан гөрі сан жағынан əлдеқайда басым. Сондықтан болу керек, кейбір зерттеулерде қазақ жазуын фоне- тикалық жазу, ал негізгі принципті фонетикалық деп атайды. Бұл жер- де фонетикалық жазу мен фонематикалық жазу бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды.
ІІ. Фонеманың дыбысталған сөздегі екінші бір көрінісі: [з] кө[з], көз;
[ш] кө[ш] шырымын алды, көз шырымын алды;
<з> [с] кө[с] салды, көз салды; [ж] кө[ж] жіберді, көз жіберді
Міне, бұдан бір морфемадағы <з>-ның перцепциялық жақтан төрт түрлі дыбысталатынын байқаймыз. Осымен байланысты бұл морфема- ның орфограммасы төрт нұсқада жазылуы мүмкін: көз, көш, көс, көж. Бірақ фонемалық жазу принципі бойынша осылардың ішінде фонеманың негізгі дыбысталуына (инвариант-фонемаға) сəйкес келетін нұсқасы (көз) жазылады. Сонда фонематикалық принцип дегеніміз «белгілі бір фонеманың дыбыс түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұр- лым тəуелсіз түрін жазу» болып табылады. Ал фонетикалық принциптің теориялық негізі «фонема дыбыс типтері, дыбыс кластары», сондай-ақ
олардың күшті жəне əлсіз позицияда жұмсалуы дегенге саяды.
ІІІ. Фонеманың дыбысталған сөздегі үшінші көрінісі:
[п] – қа [п] қап
[б] – қа [б] ішінде, қап ішінде
<п> [б] – қа [б]ы қабы
Бұл жерде <п> фонемасының позициялық екі түрленімі бар, қа[п] жəне қа[б] ішінде. Бұл екі түрдің біреуі дыбыстық ортаға неғұрлым тəу- елді де [б], ал екіншісі неғұрлым тəуелсіз [п]. Осы соңғысы – фонеманың негізгісі дыбысталуы болып есептеледі.
Фонематикалық принцип бойынша фонема өзінің негізгі дыбысталуы бойынша жазылады.
Ал екінші құбылыстағы қа[п], қа[б] дыбысы <п> фонемасының по- зициялық түрленімі ме, əлде <б>-ға алмасуы ма? Егер позициялық түр- ленім болса, фонематикалық принцип бойынша фонема өзінің негізгі дыбысталуы мен қа[п] ы болып жазылуға тиіс, бірақ жазу тəжірибесін- де сөз қабы түрінде жазылады. Сонымен, мəселенің қиындығы мынада:
фонеманың позициялық түрленімін морфолологиялық алмасудан қалай ажыратуға болады? Дегенмен, біздің ойымызша, <п> фонемасы <б>-ға алмасқан. Олай дейтініміз бұл құбылыстағы <б> сөздің грамматикалық мағынасын өзгертуге септігін тигізіп, сигнификаттық жақтан ажыратып тұр. Олай болса, қа[б]ы дегендегі [б] дыбысы <б> фонемасының негіз- гі дыбысталуы болып табылады. Сондықтан бұл сөз фонематикалық принцип бойынша қабы деп жазылады. Жазу тəжірибесінде, басқаларға қарағанда, осы үшінші топтағы сөздердің емлесінен қате жиі кездеседі: мүлік-мүлігі, мүлікі, мүлкі, əріп-əрібі, əріпі, əрпі.
ІV. Фонеманың дыбысталған сөздегі тағы бір көрінісі:
[п] – жа[п], жап
[б] – жа[б]ұу, жабу
<п> [у] – жа[у]ып алу, жауып алу
[м] – жа[м]ылу, жамылу
Мұндай күшті позицияда фонема өзінің негізгі дыбысталуы бойынша жазылады. Қазақ (түркі) тіліндегі сөздердің құрылымын талдаған зерт- теулерде бірбуынды түбірлердің көп буыны гомогенді сөздердің типтері мен класын құрайтыны анықталып отыр [30]. Қуалай келгенде түбірі бірбуынды морфемаға саятын көпбуынды гомогенді сөздердің морфема- лық жігі көп жағдайда бір-бірімен астасып жатады. Бұл типтес сөздерді морфологиялық принциппен түбірін қуалап, жап-, жапып-, жапа-, жа- пылу- деп жазу мүмкін емес. Мұндағы п/б/у/м сəйкестігі тарихи дыбыс алмасуына жатады. Басқаша айтқанда, <п>-ның [б], [у], [м] дыбыста- рымен өзара байланысы тарихи байланыс (бұлар <п> фонемасының по- зициялық түрленімі емес). Сондықтан бұл сөздердегі фонемалар өзінің негізгі дыбысталуы бойынша жазылады.
Сонымен, фонематикалық принцип дегеніміз «белгілі бір фонеманың дыбыс түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тəуелсіз түрін жазу» болып табылады. Ал фонематикалық принциптің теориялық тірегі «фонема – дыбыс типтері, дыбыс кластары, сондай-ақ олардың күшті жəне əлсіз позициясы» дегенге саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |