Алғы сөз Уəли Нұргелді


Кейбір дауысты дыбыстардың орфограммасы



бет13/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Кейбір дауысты дыбыстардың орфограммасы


Тілімізде жазылуы мен айтылуы сəйкес келе бермейтін əртүрлі сөздер бар. Солардың ішінде мынадай сөз типтеріне арнайы тоқтала кету керек- тігі байқалады. Олар шай шəй, жая жəя, жайша жəйша, жайла


жəйла, қадыр – қадір, қазір – кəзір, жайлау – жəйлау, шайыр – шəйір, шайпау – шəйпау, тілмар – тілмəр, тілмаш – тілмəш т.б.
Осы тəрізді сөздердің баспасөз беттерінде əрқилы жазылып жүрген- дері жиі байқалады. Бұл ауытқу сөздердің айтылуы мен жазылуындағы
«алшақтыққа» байланысты. Олар кей жағдайда орфографиялық сөздікте көрсетілгендей жазылса, кейде айтылуы бойынша жызылады. Мұндай сөздердің орфографиялық сөздіктерде берілген əліптемесінің (орфограм- масының) дұрыс немесе бұрыстығына көз жеткізу үшін, алдымен сөздің фонемалық құрамын, яғни сөз құрамындағы дауыстыны ([а] ма, əлде [ə] ме?) айқындап алу қажет.
Əдетте сөйлеу процесінде дыбыстардың бір-біріне тигізетін акусти- калық, артикуляциялық əсерінің нəтижесінде фонемаларда əртүрлі реңк- тердің пайда болатындығы белгілі. Солардың ішінде сөзайырымдық қыз- меттегі негізгі реңкін тани білудің орфография үшін ерекше мəні бар.
Белгілі бір фонемалық позицияда (ш, ж мен й-дің аралығында шай, жай тəрізді сөздердегі) <а> дауыстысы палатализацияланады. Бұл құ-

былысты зерттеушілер й мен ч, ж, ш дауыссыздарының салдары деп таниды [32, 38 б]. І.Кеңесбаев қазақ тілінде а фонемасының палатали- зациялануының екі түрлі шартын көрсетеді: «а) алдыңғы буындағы да- уыстының тіл алды болуы, мысалы, Күлаш, тілмар т.б., ə) ш, ж, й да- уыссыздары а-ға а мен ə-нің аралығында айтылатындай реңк береді… Ш мен й немесе ж мен й аралығында келген а палатализация құбылысына ұшырайды. Ал бұл шарттылық бұзылса, а тұрақты сипат алады» [33, 28 б.]. Бұл тəрізді зерттеулерге қарағанда ш, ж, й, аралығындағы фонема
– <а>/ш [а]й, ж[а]й т.б., ал ə оның қосымша реңкі, басқаша айтқанда, палатализацияланған [а].
Қазақ графикасы фонемалық принципке негізделген. Бұл принцип бойынша фонеманың негізгі реңкі таңбаланады да, қосымша реңктері ескерілмейді. Өйткені сөз мағынасын ажыратуға негізгі реңк таяныш болады да, өзге реңктерді берудің жазуда практикалық мəні болмайды. Сондықтан шай, жай тəрізді сөздердегі дауысты негізгі реңкі а бойынша жазылады.
Жазу тəжірибесінде кез келген дауысты емес, фонемаларды негізгі реңкі бойынша таңбалаудың тиімділігі бұл тəрізді сөздердің түрлі қо- сымша мен түрленуінде айқындала түседі. Егер жай, шай тəрізді сөз- дерді палатализациялану ыңғайымен жазсақ, онда олардың жазылуы қо- сымшалармен түрлегенде мүлдем қиындап, əркелкі күйге түсер еді. Осы типтес сөздерге əртүрлі қосымша жалғап, түрлендіріп байқасақ, олардың жіңішке түрде айтылуы өзгеріп, дауысты өзінің фонемалық негізгі реңкі- не көшеді. Сөйтіп, əртүрлі қосымша жалғанғанда, бұл сөздер тіл алды дауыстылармен айтуға ырық бере бермейді. Мысалы: шəй-ге, шəйлерің, жəйлеу, жəйге, жəйсəң, жəйшілік, жəйле – түрінде қолданылмайды. Сондықтан да баспасөз беттерінде сөздің жеке басы кейде шəй, жəй т.б. деп жазылғанмен, олардың қосымшалы түрін шəйлерің, шəйге, жəй- лерің, жəйгесу (жайғасу) т.б. деп жазу мүлде кездеспейді деуге болады. Өйткені қосымшалар бұл жерде фонеманың қосалқы реңкі емес, негізгі реңкі бойынша жазылғанды: шайға, жайға, жайшылық т.б. Бұл тəрізді сөздерді осылайша қосымшалармен түрлендірсек, басқаша айтқанда, ай- қын позиция іздесек, фонеманың негізгі реңкі ашыла түседі де, сөздерді фонемалық сипатына қарай жазуға мүмкіндік туады.
Тіл қолданысымызда ала-құла жазылып жүргендердің бір тобы – шүбə, куə, күнə, кінə, күмəн, рəсуə, пəтуа, дүдəмал, тілмаш – тəрізді сөз- дер.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде күнə, кінə, күмəн т.б. сөз- дердің қосымшалармен жуан вариант түрінде түрленгендігі көрсетілген: күнəға, күнəдан, күнəсы, күнəдау, күнəсыз, т.б.; кінəға, кінəдан, кінəсы,
Орфография
кінəлау, кінəсыз, кінəлы, күнəшыл т.б.; күмəн, күмəнға, күмəны, күмəн- данғыш, күмəнды, күмəндылық, күмəнсыз т.б.
Ал баспасөз беттерінде бұл сөздердің қосымшалармен түрленуі бірде жуан, бірде жіңішке күйде жазылып жүр. Бұл қиындық осы сөздердің құрамындағы соңғы дауыстының фонемалық реңкінің неғұрлым тəуелді позицияда болуына байланысты. Жоғарыда мұндай сөздердің фонема- лық негізгі реңкін кейде аффиксация тəсілі арқылы айқындауға болаты- нын байқадық. Куə сөзіне де барлық қосымшалар жуан, жіңішке түрде талғаусыз жалғана бермейді. Бұл сөз белгілі бір қосымшаға келгенде тек жіңішке вариантты ғана талғайды. Мысалы, куəға, куəсыз (орфография- лық сөздіктерде), куəге, куəсіз (баспасөз беттерінде) деп қолданылған- мен, -лық, -лік аффиксінің тек -лік вариантын ғана талдайды: мысалы, куəлік. Куəлық түрінде жазу мүлдем кездеспейді. Осындай ерекшелікке қарағанда, куə сөзіндегі дауыстының фонемалық негізгі реңкі ə екендігі байқалады. Олай болса бұл сөзге қосымшалар жіңішке вариант түрінде жалғануға тиіс: куəге, куəні, куəсіз, куəлік т.б.
Егер соңғы буын жіңішке болса, онда бұл сөздер неге қосымшалардың жіңішке вариантымен түрленбейді? Күнə, кінə, күмəн сөздерінің жуан вариантты қосымшаларды талғауы, əрине, себепсіз емес. Бұлай болаты- ны түбір сөздің соңғы буынындағы дауыстының ерекшелігімен байла- нысты. Сөздің қосымшасыз жеке өзін алғанда, соңғы буындағы дауысты фонема өзінің негізгі реңкінде жұмсалып тұрғандығы байқалады. <ү> еріндігінің əсерінен дауысты <а> (таңбалауы – ə) палатализацияланып, қосымша реңкке ие болған. Мұндай сөздер əртүрлі қосымшалармен түр- ленгенде, қосалқы реңкте жұмсалып тұрған фонема өзінің негізгі реңкі
<а> -ға жуықтайды. Сондықтан да соңғы буынның ыңғайына қарай қо- сымшалар жуан вариантта жалғанады.
Біраз жылғы қалыптасқан дəстүрді ескермесек, бұл сөздердің күна, кіна, күман (күнə, кінə, күмəн емес) түрінде, фонеманың негізгі реңкіне орай таңбалау орынды деп білер едік. Фонемалардың позициялық реңк- терін негізгі реңктерінен ажырату ескерілмегендіктен, орфографиялық сөздікте күнə, кінə, күмəн фонетикалық принцип ыңғайына таңбаланған тəрізді көрінеді.
Қазақ жазуы, жоғарыда айтқандай, фонематикалық принципке негіз- делген. Ал осы негізді дəйекті түрде ұстанбай, бірде фонематикалық ыңғайда, бірде фонетикалық ыңғайда жазу – орфографияны қиындата түседі. Оның үстінде, сөзді фонетикалық ыңғайда жазу зерттеушілер ай- тқандай өтпелі дəуірге тəн сипат. «Жазу-сызу ісін жасауды қолға алған алғашқы кезеңде үстем болған фонемалық жазудың ертеде жазуы бол- маған тілдер үшін жұртшылықтың сауатын көтеруде үлкен пайдасы тиді.

Ол кезеңде жазба тілдің қалың бұқараға барынша түсінікті болу мақсаты көзделді де, сөздің жазылуы мен айтылуын мейлінше жақындату емлеге қойылатын басты талаптардың бірі болды. Қазір жағдай мүлде өзгерді. Түркі халықтарының сауаттылығы мен білімі жоғары деңгейге көтеріл- ді» [34, 27б.].
Палатализацияланған [а] қазақ орфографиясында бірде <а> (шай, жай, жайлау т.б.) түрінде таңбаланса, бірде <ə> түрінде беріледі: күнə, күмəн, шүбə т.б. Ұқсас дыбыстық құбылыс əртүрлі таңбаланған. Алайда күнə, күмəн, шүбə деп жазған соң, шəй, жəй, жəйлау түрінде, немесе, керісінше, шай, жай тəрізді күман, күна, шүба түрінде таңбалау қажет. Тегінде, жазудағы бірізділік үшін екі түрлі варианттың біріне тоқталған дұрыс. Бұл сөздерді дегенмен шəй, жəй, жəйлау, күнə, шүбə, күмəн деп бірізді жазып, қосымшаларды жуан вариантта жалғау орынды да деп ой- лаймыз. Жуан варианттағы қосымшалар өзінің негізгі грамматикалық қызметімен қатар, түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін көрсе- тетін белгі (сигнал) ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады деп қарауға болады.
Əрине, шəй, жəй, жəйлау т.б. сөздерді «ə» арқылы таңбалауды фо- нематикалық принциптен пəлендей ауытқу деп түсінбеу керек, өйткені түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін сол сөзге жалғанатын жуан варианттағы қосымшалар көрсетіп тұрады. Мысалы: шəйға, жəй- лау, шəйпау, шəйқа, шəйып т.б. Керісінше, түбір морфемадағы «а» əрпі арқылы таңбаланатын [а] дауыстысын сол сөзге жалғанатын жіңішке варианттағы қосымша көрсетіп тұрады. Мысалы хал, халге [халге], халі [халі]. Х [қ] фонемасының іргелес айтылғанда <ə> тіл арты реңкіне [а]-ға көшеді. Алайда мұндай сөзге қосылатын қосымшалар сол сөздегі дауыс- тының <ə> фонемасы екендігін «хабарлап» тұрады.
Қазақ орфографиясындағы тағы бір қиындық – бірінші буында [ү], [і] дыбыстары, ал екінші буында палатализацияланған [а] кездесетін сөз- дердің жазылуына қатысты. Бұл дауысты <а> бірде ə, бірде а əрпімен таңбаланып жүр. Салыстырыңыз: шүбə, тіфə, кінə, күнə, мүлəйім т.б.; дəлда, тілмаш, ділмар, мұттайым т.б. Бірақ палатал а-ны да «ə» əрпімен таңбалау бірізділікке саяр еді (қосымша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет