Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет29/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

сөз деп атауға болады.
Орфография
Егер осы үйірлі сөзбен репрезентацияланған ақпарат-білім когни- тивтік санада əрі қарай өңдеуге түсіп, мазмұн жағынан, форма жағынан алм[á] ағаш[ы́ ] болып редукциялануы мүмкін. Бұл күрделі таңбаны ырғақты сөз деп атауға болады. Үйірлі, ырғақты аталым компонент- терінің əрқайсының өзіне тəн екпіні болады.
Таным процесінің барысында когнитивтік санадағы ақпараттың одан əрі қарай өңделуі ықтимал. Мұндай жағдайда мазмұндағы ақпараттық мəні босаң элементтер редукциялануы шарт. Ендігі жерде əрі қарайғы ықшамдалудың барысында күрделі таңбаны құрайтын əр лексеманың бас-басына екпіні болмай алмағ[ы]ш түрінде айтылып, бір екпінге бағы- нады. Күрделі таңбаның мұндай материалдық формасын бунақты ата- лым деуге болады.
Күрделі таңбалардың мазмұн межесі қандай өзгеріске тап болса, соған сəйкес олардың тұрпат межесі де қалайда бір өзгерісті қалайды. Жаңа мазмұн жаңа форма іздеуге мəжбүр болады.
Мазмұндағы, алмағаш дегендегі, екі лексема (алма жəне ағаш) мазмұн жағынан ортақ, бір денотатты нұсқап тұрса, форма жағынан бір екпінмен айтылып тұр. Сонымен, мазмұнмеже жағынан екі лексема ор- тақ бір денотатқа (ақиқаттағы бір ғана объектіге), ал форма жағынан бір екпінге байланған күрделі таңбалар біріккен сөз деп танылып, жазылуда бірге тұлғаланады. Осылайша біз біріккен сөзді форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қараймыз.
Белгілі бір лексеманың семантикалық, құрылымындағы денотаттық компонент ақиқат дүниедегі зат, құбылыс ситуацияның өкілі болып та- былады, яғни объективті дүниедегі тілдік емес мəнділікті меңзеп тұрады. Бұл – сөздің денотаттық мағынасы.
Ақиқат дүниедегі белгілі бір заттың, құбылыстың, ситуацияның, жи- нақтап айтқанда, объектінің, осылайша мəнді деп танылған белгілерінің санада ұғым түрінде бейнеленуін сигнификат деп білеміз.
Жоғарыда келтірілген схема бойынша қой қора деген күрделі таңба- ны мазмұнмеже жəне тұрпатмеже тұрғысынан талдап көруге болады. Əуелде тілдік ұғымның когнитивтік санасында ақиқат дүниенің үзігі (фрагмент) қой, қамайтын, қора түріндегі бөліктер бойынша бейнеленді. Бұл ақиқат дүниедегі объектінің ойсуреті. Қой, қама, қора дегендер са- надағы қарапайым ойсурет. Осы ойсурет – тілдік қоғамдастықтың ақиқат дүние үзігі жөнінде ұжымдық санасында орын тепкен білімі. Осы ақпа- раттар ұжымдық санадағы жинақталып, өңделіп вербалданған білімге айналады. Бұл білімнің, я болмаса ақпараттың осы күйде жаңғыртылуы да, практикалық қажеттілікке қарай əрі қарай да өңделе түсуі мүмкін. Өңдеу барысында басы артық элементтер, яғни пəлендей «жаңалығы»

жоқ ақпараттық элементтер беймəнделіп, редукцияланады: қой[ды] [қа- майтын] қора > қой[дың] қора[сы] > қой қора. Осылайша құрылымдық жақтан редукцияланудың нəтижесінде тілдік бірліктерден тек қой жəне қора деген екі лексема қалғанын байқаймыз. Бұл лексемалар бас-басы- на əр басқа денотатты көрсетіп тұрған жоқ. Екеуіне ортақ денотат (объ- ект) біреу ғана. Олай болса, екі лексеманың ортақ денотатының болуы
«біріккендіктің» белгісі. Алайда бұл күрделі таңбаның мазмұнындағы өзгерісі жеке форма арқылы тиянақ табуы шарт. Сонда ғана толық мəнін- де біріккен сөз болады. Бұл жерде күрделі таңба мазмұндағы өзгеріске сəйкес дербес формаға ие болған. Атап айтқанда, қой лексемасы өзінің жеке екпінін жоғалтып, біршама материалдық дербестігінен айырылған: [қойғор[á].
Мазмұндық, формалық өзгеріске түскен мұндай күрделі таңба гра- фикалық тұрғыдан да тиянақ табу, яғни орфографияда бұл типтес құрылымдар қойқара делініп босаралықсыз таңбалануға тиіс.
Сонымен, қойды қамайтын қора десек, бұл ақиқат дүние үзігінің са- надағы прототипі. Формасы жағынан үйірлі сөз түріндегі аталым; қой- дың қорасы, қой қорасы дегендер ырғақты сөз түріндегі аталым; қойқора десек бунақты сөз түріндегі аталым (фонетикалық сөз).
Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі бунақты сөз түрін- дегі аталымдардың саны едəуір. Біздің ойымызша, мазмұны жағынан да, формасы жағынан да тиянақталған, аудиобосаралықсыз осы тəрізді айтылатын аталымдар графикалық жақтан да тиянақ тауып, бірге тұлға- лануға тиіс. Мысалы: атқора, сиырқора, атарба, өгізарба, қолшана, ит- шана, тасжол, теміржол, жүкмəшине т.б.
Осындай құрылымдардың негізінде қазақ тілінде сөзжасамдық мо- дель қалыптасқан. Алайда сөзжасамдық тəсілдер парадигмасындағы бұл типтің əлеуеттік мүмкіндігі сөзқолданымда ескерілмей келеді. Анығы- рақ айтқанда коммуникативтік бірліктерді жасауға қызмет ететін мо- дель номинативтік модельдің орнына жұмсалып, дағдылы қызметінен ауытқыған. Мысалы, неге газ құбыры, я болмаса əуе жолы; неге дема- лыс үйі? Мұндай құралымдарды газқұбыр, əуежол, газпеш, ғарышайлақ, ғарышкеме, демалысүй түрінде тұлғалауға болар еді. Салыстырыңыз: теміржол (темір жолы емес), атарба (ат арбасы емес), тасжол (тас жолы емес), тандырпеш (тандыр пеші емес), т.б.
Осы аталған мысалдардың ішінен ғарыш кемесі деген құралымды жоғарыда айтылған схемамен талдап көрейік. Тілдік ұжымның санасын- да «ғарышқа ұшатын кеме», бір жағынан, ақиқат дүние үзігінің санадағы
«сəулесі», екінші жағынан, санада сəулеленген бұл объект ғарыш, ұш, кеме деген лексемалар арқылы объективтенген. Алайда санада сəулелен-
Орфография
ген ақиқат дүниенің үзігіне тəн белгілердің аса мəнділері орнығып, сөй- леушіге де, тыңдаушыға да «бесенеден белгілі» болып келетін ақпарат- тық мəні төмендегі компоненттер беймəнделеді (деактуализацияланады). Ақпараттық мəні төмен элементтер санада кейінгі планға ығыстырылады: ғарыш [қа ұшатын] кеме > ғарыш[тың] кемесі. Бұл жерде ғарыш кемесі деген аталым əлі де атау ретінде, сөзжасамдық процесс ретінде аяқталған жоқ. Сөзжасамдық процесс аяқталу үшін ғарышкеме болуға тиіс. Ғарыш кемесі деген аталымда екі денотаттың бір-біріне қатыстылығы (синтак- систік қатынас) көмескіленген жоқ.
Ал ғарышкеме дегендегі ғарыш пен кеме лексемасы екі басқа денотат- ты нұсқап тұрған жоқ, яғни бірі «ғарышты», екіншісі «кемені» меңзеген деуге болмайды. Екі лексема ортақ бір денотатты «нұсқап» тұр. Мысалы, кеше Байқоңырдан ғарышкеме ұшырылды деген айтылымда актуал дено- тат (референт) біреу ғана. Ол – ғарышкеме «Протон-2».
Міне, екі лексеманың бас-басына денотаты болмай, бір ғана объектіні нұсқауы күрделі таңбаның мазмұнмежедегі бір ұғымды білдіруі болып табылады.
Алайда мазмұнмежедегі өзгеріс форманың да өзгеруінің, өзінің мен- шікті формасының болуын қалайды. Егер осы қажетсіну материалдық жақтан қолдау тапса, күрделі таңба біріккен сөзге айналады. Мысалы, ғарыш кемесі дегенде əр лексеманың басыбайлы екпіні болса, ғарыш- кем[é] дегенде сөз екпіні біреу ғана, яғни екі сөздің арасында «саңлау» (аудиобосаралық) қалмайды. Олай болса, мазмұнмежедегі өзгеріс тұр- патмеже тұрғысынан қолдау тапты деуге болады. Сөйтіп, күрделі таң- ба мазмұн жағынан да, форма жағынан да ықшамдалып, біріккен сөзге айналады. Ал мұндай күрделі құрылымдарды графикалық тұрғыдан да
«саңлаусыз» (босаралықсыз) таңбалау сөздердің біріккендігі туралы ақпарат береді.
Жоғарыда біз белгілі бір күрделі таңбаны біріккен сөз деп тану үшін олардың мазмұнына формасы сəйкес болуы шарт екенін, мазмұндағы өзгеріс формадағы өзгерістің болуын қалайтынына тоқталдық. Ал мазмұндағы өзгеріс форма жағынан қолдау таппаса, ондай құбылыс біріккен сөз деп танылмайды. Мысалы, ғалымдар үйі дегенде ғалым жəне үй деген екі лексема бар. Екі лексеманың бас-басына денотаты жоқ, денотат (объект) екеуіне де ортақ. Алайда мазмұндағы тұтастық форма жағынан қолдау таппаған. Атап айтқанда, ғалымд[á]р деген компоненттің, үйі деген компоненттің суперсигменттік тұрғыдан дер- бестігі сақталған, яғни əрқайсының жеке-дара екпіні бар. Бұл типтес күрделі құралымдар мазмұн тұтастығына қарамастан біріккен сөздер

типіне жатпайды. Сондықтан олар босаралықпен ғалымдар үйі түрінде орфографияланады.
Баспасөз беттерінде бірде ауыл шаруашылығы деп бөлсек, бірде ауылшаруашылық делініп бірге жазылып жүрген едəуір сөз бар. Бұлай болуы, əрине, тегін емес. Мазмұн межесі бірдей құрылымды бірде бөлек, бірде бірге жазу олардың тұлғалық жымдасуы мен жымдаспауын инту- итивті сезінгендіктен болар. Шынында, ау[ы́ шаруашылығ[ы́ ] дегенге қарағанда ауылшаруашылық деген тіркес бір екпінге байланып дыбыс- тық жағынан жымдасып тұрғаны дау туғыза қоймайды. Мазмұнмеже жағынан да, тұрпатмеже жағынан да жымдасып тұрған мұндай күрделі құралымдарды бірге жазу орфографияда ескерілуге тиіс. Мысалы, егін- шаруашылық, сушаруашылық басқармасы дегендегі екі лексема мазмұн жағынан бірігіп, белгілі бір объектінің қай салаға қатыстылығын көр- сетіп тұр.
Форма жағынан бір екпінге бағынатын, ал мазмұн тұрғысынан бір ғана денотатты меңзейтін шетел, шеттіл тəрізді екі лексеманы бірге жа- зып қою фактісі жазу тəжірибесінде жиі кездеседі. Олай болатыны екі лексема бір екпінге бағынған жəне бір ғана объектіні (денотатты) меңзеп тұр. Мысалы, шет жəне ел деген екі лексеманың референті (денотаты) Ресей не Түркия, болмаса, Германия т.б. болуы ықтимал. Сондай-ақ екі лексеманың сигнификаттық мағынасы «бөгде мемлекет», «бөтен жұрт» деген бір ұғымды білдіреді. Осы тəрізді құрылымға шеттіл тəрізді күр- делі таңбаларды жатқызуға болады. Алайда мұндай күрделі құрылымдар сырт қарағанда, шет ауыл, шет үй, шет көше тəрізді еркін тіркеске, əсіресе форма жағынан өте ұқсас, дегенмен айырмасы бар екенін аңға- руға болады. Мысалы, шет үй, шет көше, шет аудан дегендер – сөйлеу кезінде жасалатын, яғни құралымы жағынан тұрақты емес құрылымдар. Ал шеттіл, шетел дегендер құрамы жағынан тұрақты сөйлеу кезінде жасалмайтын, «дайын» күйде қолданылатын құралымдар. Шет аудан деген мен шетел дегеннің дискерттілігі бірдей емес. Сөз ағымында шет аудан сөзі «шет» жəне «аудан» деген үзіктерге бөлінсе, шетел бір ғана үзік (дискретті бірлік) деп танылады. Бұларды кəсіподақ, баспасөз, өнер- кəсіп, бессайыс, үшсайыс, қызқуу тəрізді бірге тұлғанатын бірліктердің қатарында қарауға болады.
Қазіргі басылымдарда, əсіресе мерзімді баспасөз беттерінде жез- мойын, жезқанат, салтбас, жезкиік, жезөкше, жалғызбас, жалғыз- басты ана, жалғызбастылық, жалғызілікті, жалғызіліктілік т.б. тəрізді сөздерді «бірге жазып қою» жиі кездеседі. Орфографиялық нормадан ауытқыған газет, журналдарды жазғырмас бұрын, автор- дың оларды неге бірге жазып қоятынын аталмыш сөздердің болмы-
Орфография
сынан іздеу қажет тəрізді. Шынында, бұл сөздер дыбыстық жақтан (тұрпатмеже жағынан) жымдасып, бір екпінмен, яғни аудиалды бос- аралықсыз айтылатындықтан, ал мазмұнмежедегі сигнификаттық компоненттердің элементтері ұйысып, бір ұғымды білдіретіндіктен, лексемалары ақиқат дүниедегі өзінің «меншікті» денотатынан ал- шақтағандықтан немесе қол үзгендіктен «бірге жазып қою» дағдыға айналып барады. Мұндағы мойын, қанат, бас, жез тəрізді лексема өзінің ақиқат дүниедегі «меншікті» денотатын меңзеп тұрған жоқ, басқа денотаттың репрезентанты болып жұмсалып тұр: мойын – «ат», қанат – «құс», бас – «əйел» т.б.
Сондай-ақ жезтаңдай, жезөкше, жезбұйда, жезмойын, жезқанат, жезкиік дегендердің қазіргі тілдік ұжым үшін уəжі белгісіз, ішкі форма- сы тасаланған: неге жез, неге өкше, неге жез, неге қанат? т.б.
Күрделі құрылымдар компонентінің ішкі формасының тасалануы, уəжділігінің көмескіленуі мазмұн жағынан «біріккендікті», ал бір екпін- мен айтылуы форма жағынан біріккендігі байқалады.
Сонымен, екі сөзді біріккен деп тану үшін а) екі лексеманың мате- риалдық жақтан бірігуін, яғни бір екпінге бағынып, аудиобосаралықсыз дыбысталуын, ə) мағыналық жақтан бір ұғымға (сигнификат, денотатқа) байлануын, б) сөйлеу кезінде жасалмай, үнемі дайын күйде қолда- нылуын, в) аталымдық қызметте жұмсалуын, негізге алу қажет екенін байқаймыз. Бір екпінге бағынған, бір ұғымға байланған, үнемі даяр күй- де қолданылатын, аталымдық қызметте жұмсалатын екі сөз біріккен сөз деп аталады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет