Ереже бойынша (1957 ж.) шылау сөздердің жазылуы үш топқа бөлінеді: а) шылаулар негізінде бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан кейін, жина- лысқадейін;қағазда,қарындашта;қаламменсия;азба,көппе?ə) ау,ай, мыс,міс,ды,ді,дағы,сындышылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден де- фис (-) арқылы жазылады; б) ма, ме, (ба, бе, па, пе) сұраулық шылау түбір мен қосымша арасында қолданылғанда, -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы: келемісің,айтыппысың? Шылау сөздердің жазылуы туралы бұл ереже Анықтағышта (1974 ж.) толықтырыла түсті. Мысалы, Ережеде (1957 ж.) түбір мен қосымшаның аралығында келетін бір ғана ма, ме (ба, бе, па, пе) шылауының қалай жазылатындығы берілсе, Анықтағышта (1974 ж.) бұл пункт толықты- рылып, -да, де, -ақ шылауларының түбір мен қосымшаның аралығында келетін бір ғана ма,ме(ба,бе,па,пе)шылауының түбір мен қосымша-
ның аралығындағы жазылуы былайша көрсетілген: осыүйдіңұлыдамын, қызыдамын;əңгімеайтуғажоқпын(45-б.). Сондай-ақ сынды(Баянсын- ды, Төлеген сынды) шылауы осы Ереже бойынша дефис арқылы жазы- лады делінсе, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл шылау негізгі сөзден бөлек жазылады деп көрсетілген. Күнделікті жазу тəжірибесінде де сындышы- лауының негізгі сөзден бөлек тұлғаланып жүргендігін кездестіруге бола- ды. Тегінде, сынды шылауын негізгі сөзден бөлек жазудың тиімді жағы бар. Өйткені бұл шылау тəрізді, секілді, іспетті т.б. көмекші сөздермен негізгі сөзден бөлек жазылатын ұқсату мəніндегі шылаулармен мағына- лық бір топ құрайды.
Жалпы қағида бойынша ақ, ай, ау демеуліктері негізгі сөзден бөлек, дефис арқылы жазылады: айтасың-ақ, барады-ау, дүние-ай, қызық-ай т.б. Ал осы демеуліктердің одағайға жалғанғандағы жазылуы əркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) япыр-ай, япыр-ау, япы- рым-ау, ойпыр-ау, апырым-ау, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл тəрізді демеуліктер япырай, ойпырау т.б. түрінде жазылады деп көрсетілген. Те- гінде, ай,аудемеулігінің кейбір сөздермен бірге жазылуының себебі бар. Оны одағайдың жеке сөз ретінде дербестігін жоғалтып, демеулікпен ұла- сып кетуіне байланысты деп түсінуге болады. Осылардың қатарына əт- тегенайодағайын да қосуға болады. Шындығында, мұндағы демеуліктер негізгі сөзбен кірігіп кеткен. Япырмай, əттегенай дегендерді ешкім иə- пірім,əйт-деген-айдеп бөле-жара қарамайды. Біріктіріле тұлғалануы еш дау туғызбайтын алақай,айхай,ойбайтəрізді одағайлардың жазылуының бұл сөздерден айырмасы жоқ, бəрі де бір типке жатады. Ау, ай демеулік- терінің кейбір одағайлармен кірігіп кеткендігі сонша, сол демеулік шыла- удың үстіне тағы бір демеулік үстемелене жұмсалады (мұндай жағдайда соңғы демеулік дефис арқылы жазылады) алақай-ай, ойбай-аут.б.
Сонымен, дербестігі жоқ, тек демеуліктермен жұмсалатын одағайлар- дың жазылуы бір басқа да (япырай, япырымау, əттегенай), демеуліксіз де қолданыла беретін одағайлардың (мысалы, о бəтір, ой бəрекелді тəрізділердің) жазылуы бір басқа болуға тиіс. Соңғы топтағы одағайлар- мен қолданылатын демеуліктер дефис арқылы жазылады: бəтір-ау,бəре- келді-ай, тəңір-ай, шіркін-ай,əттең-ай. Ай демеулігінің дəстүрлі орнынан ауытқып, түбір мен қосымшаның ара- лығында жұмсалуы сөз қолданыста ара-тұра болса да кездесіп қалып отырады:
«О тəңірайшыл» кер есек, Қулық-сұмдық не өсек.
Болмаған соң бір есеп, Мейлі қамқа, мейлі бөз.
(Абай)
Орфография Айдемеулігінің жұмсалуына байланысты бұл ерекшелік жазу тəжіри- бесінде екі түрлі таңбаланып жүр: тəңірайшыл, тəңір-айшыл. Ал осы сөзді тəңірайшыл түрінде тұтастай тұлғалау ай шылауының демеулік мəнінің солғындауын «бейнелейді» деуге болады. Бұл жерде ғанашыла- уына байланысты бір мысалды еске түсіруге болады. Əдетте ғана шыла- уы негізгі сөзден бөлек жазылады: сен ғана, маған ғана, Болат қана т.б. Тек аз сөзімен қатар қолданылған жағдайда бұл шылау бірге жазылады (азғана). Өйткені екі сөз бірімен-бірі «кірігіп» кеткен. Оны ғанашылауы- ның үстемелене жұмсалуынан байқауға болады. Мысалы: азғана ғана. Тағы бір еске ала кететін нəрсе – ғана шылауының əдеттегідей емес, түбір сөз бен қосымшаның аралығында қолданылуы:
Шешеке, еш алданбан мал ғанаңа, Барамын атам қосқан жар ғанама. Емізген ақ сүтіңді балаң едім,
Бер сана бидай салып қол ғанаңа. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу») Əдеттегі норма бойынша бұл сөздер малыңа ғана, жарыма ғана,қо- лыңа ғана болуға тиіс. Бірақ бұл, зерттеуші айтқандай, ғана шылауының байырғы мұра тіліндегі поэтикалық қызметіне байланысты жыр ішінде
«заңдасқан» қолданыс.
Ғана шылауының осы аталған ерекше қолданысы да əртүрлі ба- сылымдарда əркелкі – бірде бөлек жазылса, бірде бірге, кейде тіпті дефис арқылы да жазылып жүр. Бұл жерде мынадай пəтуаға келуге болатын тəрізді. Түбір сөз бен қосымшаның аралығында қолданыла беретін өзге де шылаулардың жазылуы келемісің, əншідеміз, биші- деміз; əнді айтадыақсың тəрізді ғана шылауы да мұндай жағдайда түбір сөзбен тұтастай тұлғалануы қажет: малғанаңа, жарғанама, қолғанама т.б.
Ма, ме (ба, бе, па, пе) шылауы да əдетте негізгі сөзден бөлек жазыла- ды: бар ма? кітап па? ақ па? қызыл ма? т.б. Ма, ме сұраулығы, Ережеде айтылғандай, түбір мен қосымшаның аралығында қолданылғанда дыбыс- тық өзгеріске түскен күйде жəне дефиссіз (бірге) жазылады: барамысың? айтамысың? Бұл – сөйлеу стиліне тəн ерекшелік.
Тағы бір ескеретін жайт – ма, ме шылауы сұрау есімдігімен (қанша, неше), сондай-ақ осынша,сонша,мұнша,оншатəрізді туынды үстеулер- мен қатар айтыла келіп, сұраулық мəннен өзгеше реңкке көшеді. Міне, осы ерекшелік, яғни сұраулық мəннен қол үзіп, басқа бір реңкке көшуі ма, ме шылауының негізгі сөзбен бірге тұлғалануына таяныш болады. Мысалы: қаншама, осыншама, мұншама, соншама, оншамат.б.
Қазіргі қазақ тілінде да, де, та, те жалғаулығы сөйлем мен сөйлемді, сөз бен сөзді байланыстырып, ыңғайластық мəнде жұмсалады: Күнжау- ды да, ашылып кетті; ауылда да, қалада да, қалам да, қағаз да т.б. Бұл жерде да, де жалғаулығының негізгі сөзден бөлек тұлғалануы ешбір дау туғызбайды. Алайда да, де жалғаулығы өзінің төл мағынасы мен қыз- метінен, яғни ыңғайластық мағынасы жəне сөз бен сөзді, сөйлем мен сөй- лемді байланыстыру қызметінен басқаша жұмсалғанда əркелкі жазылып жүргендігін байқауға болады. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) қалайда, алайда, қайткенде дегендердегі да, де-нің есімдіктерден бөлек тұлғаланбауы түсінікті. Өйткені мұндағы да ыңғайластық мағы- нада жұмсалмай, өзгеше мəнге ие болған. Бірақ осы аталған Орфографи- ялық сөздікте қайтсе де, сөйтсе де, əйтсе де сөздеріндегі да, де бөлек жазылған. Шындығында, бұл типтес сөздердегі да,де-нің бірге тұлғалану мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Өйткені да, де шылауы өзінің төл қызметі мен мағынасында емес, өзгеше мəнде, атап айтқанда, қар- сылықты мағынада қолданылады. Мысалы: Күннің жылынғанына біраз болды, əйтседе қар кете қойған жоқ; Бүгін күн ұзақ жүрді, сөйтседе шаршаған жоқ; Оқыған жақсы, ондада тəуір оқығанжақсы. Əдетте тіл өзінің даму процесінде дифференциация құбылысымен қатар интеграция процесін басынан өткеріп отырады. Мұндай жағдайда жеке сөздер белгілі заңдылыққа байланысты біріге келіп, шылауға, одан қосымшаға айналатындығы белгілі (бара тұрған, бара-тұғын, бара- тын). Бұл тəрізді құбылыс жазуда да бейнеленуге тиіс. Міне, осы тұрғы- дан қарағанда, қарсылық мəнде жұмсалатын əйтседе, ондада, сондада тəрізді шылауларды біріктіріп жазуға болар еді. Типологиялық жақтан бұлардың алайда, бірақ тəрізді қарсы мəнді шылаулардан пəлендей дер- лік айырмасы жоқ деуге болады.
Құрамында дашылауы бар, тұрақты сөз сипатында қолданылатын бір алуан сөздердің жазылуы да əркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) ұр да жық сөзі бөлек-бөлек тұлғаланса, тап осы тəрізді азар- да-безерсөзі дефис арқылы жазылған. Күнделікті жазу тəжірибесінде бұл типтес сөздердің кем дегенде үш түрлі нұсқада жазылатындығын кездес- тіруге болады: ұрдажық, ұр да жық, ұрда-жық. Осы типтес сөздердің бұлайша əртүрлі жазылуының, əрине, өзіндік себебі болуға тиіс. Тегін- де, да шылауының жазылуына байланысты қиындықты оның белгілі бір жағдайда сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің əлсіреп, ыңғайластық мағынасының көмескіленуіне байланыстыруға тура келеді. Мысалы: ұр да жық (əпербақан, ұр да жық), ас та көк (ас та төк заман), у да шу, гу де гу, шарт та шұрт, азар да безер, опыр да топыр, қояр да қоймай т.б. дегендегі да,дешылауы негізгі сөзге бейімделіп тұрады да, оның сөз
Орфография байланыстыру қызметін, интонация атқарады. Сондай-ақ бұл шылаудың ыңғайластық мəні фразеологиялық тұтастықпен астасып кетеді.