Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Пиелографияға көк тамыр (экскреторлық) науқасты дайындау



бет103/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118
Пиелографияға көк тамыр (экскреторлық) науқасты дайындау
Бүйрек және зәр шығару жолдарын рентгенологиялық тексеру – контраст затты (урографин, верографин,триобраст және т.б.) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты : диагностикалық: зәр жүйесі мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректердің ұзындығын және көлемін бағалау, функционалдық қабілетін анықтау (контраст­ заттың жиналу және бөлінуі бойынша), зәрдің өтуін анықтау.
Көрсетім: бүйректің және зәр шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетім: жіті бүйрек ауруы, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына жоғары сезімталдықтың болуы, тиреоток­сикоз, бүйрек жұмысының жетіспеушілігі.
Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер
Жабдықталуы: дәрігердің тағайындауымен контраст парентеральдық зат, көк тамырға егу жасауға жабдықталған лоток, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсетуге арналған жиынтық, натрий тиосульфатының ерітіндісі 30% (арнайы йод құрамды контраст заттарға арналған антидот), жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнің көрсетіңіз).Пиелографияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.

  2. Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.

  3. Тексеру алдында 3 күн бұрын науқастың тамақтану рационынан газ жинайтын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан, жеміс шырындарын) алып тастаңыз.

  4. Тексеру алдынан кешке (22 сағат ) және таңертең 1,5-2 сағат ( науқасқа тазарту клизмасын «таза су» қойыңыз.

  1. Науқасқа тексерудің ашқарынға өткізілетінін ескертіңіз (соңғы тамақ қабылдау тексеруден 18-20 сағат бұрын). Таңертең тексеру алдынан тамақ, сұйықтық, дәрі қабылдамау керек, шылым шегуге егу жасауға т.б болмайды.

  2. Тексеру алдынан 1-2 сағат бұрын контрастты затқа сезімталдыққа көк тамырға 1,0 мл жылытылған t°- 37°C контраст затты енгізіңіз.

  3. Науқастан тексеру алдынан қуықты босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет