Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет60/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз!
Егуді дұрыс жасаған жағдайда диаметрі 0,5 см, 30-40 мин сіңіп кететін томпақ пайда болады.

  1. Инені шығарып алыңыз. Егу жасаған орынды өңдемеңіз.

Тері астына инъекция жасау
Терінің май қабаты қан тамырларына бай болғандықтан, дәрі тез әсерін тигізу үшін тері астына егуді қолданады. Тері астындағы бос клетчаткасына тез сорылатын және оған кері әсерін тигізбейтін дәрілік ерітіндіні енгізеді. Тері астына аз мөлшерден бастап, 2 литрге дейін сұйық енгізуге болады.
Тері астына егу жасағанда ірі тамырларға және жүйке сабына тигізбеу керек. Терінің ең ыңғайлы жерлері: иықтың сыртқы ортаңғы бөлігі, жауырынның асты, санның алдыңғы-сыртқы бөлігі, іштің үстірт жағы. Осы бөліктерде тері жеңіл жиырылып ұсталынады және тамырлардың, жүйкелердің және сүйектің зақымдану қаупі болмайды.
Терінің шел қабатында ісіну немесе қатаю (инфильтрат) болған жерлерге тері астына егу жасауға болмайды.
Тері астына егу жасағанда мынадай асқынулар: жұмсақ ұлпаларда иненің сынығы қалып қоюы, аллергиялық реакциялар, қателік жіберіп, басқа дәріні тері астына жіберу болуы мүмкін.
Тұтқыр инені қолданғанда немесе майлы ерітіндіні жылытпай енгізгенде инфильтрат пайда болады.
Мақсаты: тері астына егуді орындау
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік затты тері астына енгізу
Жабдықтау: сыйымдылығы 1-2 мл шприцтер, ұзындығы 20-30 мм инелер (0420), 70% спирт, мақта шариктері, дәрілік зат.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды инъекцияға дайындаңыз.

  2. Сыйымдылығы 1-2 мл шприцті құрастырыңыз, екі ине дайындаңыз, біреуі кесіндісі үлкені - дәріні сорып алу үшін, екіншісі ұзындығы 20-30 мм егуді орындау үшін. Дәріні сорып алуға арналған инені шприцке кигізіңіз.

  3. Ампуланың мойынын спиртке батырылған мақта шаригімен өңдеңіз, егеуішпен егеңіз, мақтамен ұстап сол жерден сындырып ашыңыз.

  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша ампула немесе флаконнан шприцке дәріні сорып алыңыз.

  5. Инені ауыстырыңыз, шприцті көзіңіздің тұсында ұстап тұрып дәрінің артық мөлшері мен ауасын шығарыңыз.

  6. Спиртке батырылған екі мақта шаригін дайындаңыз.

  7. Егу жасайтын жерді киімнен босатыңыз, екі мақта шаригімен өңдеңіз (алдымен 10х10 см аумақты, кейін 5х5 см аумақты, егу жасайтын орынды). Екінші мақта шаригін тастамай сол қолыңыздың 4-5 саусағымен қысып ұстаңыз.

  8. Сол қолыңызбен егу жасалатын орынның терісін жиырып, оң қолыңызбен шприцті 45° бұрышпен, иненің кесіндісін жоғары қаратып тұрып теріге енгізіңіз. Сол қолыңызды босатып дәріні енгізіңіз.

  9. Екінші мақта шаригін егу жасаған жерге басып тұрып, тез қимылмен инені суырып алыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет