Майлыерітінділерді енгізу Майлы (камфораның майдағы ері-сі т.б) ерітінділер тері астына енгізіледі. Бұлшық етке де енгізуге болады. Майлы ерітінділерді КӨК ТАМЫРҒА ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ! Көк тамырға май ерітіндісінің тамшысы түскен жағдайда өте қауіпті асқыну болады - майлы эмболия. Егер май артерияға түссе, ол оның бітелуін туғызады, қоршаған ұлпалардың қоректенуін бұзады және дене бөлігінде некроз пайда болады. Май көк тамырға түскен жағдайда ол қанмен бірге өкпе тамырларына түсіп, бітелуін туғызады және қатты тұншығу ұстамасын тудыртады, науқас өліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, май ұлпаларда өте баяу сорылады.
Төмендегі қағидаларды қатаң есте сақтап қалу керек: Егу алдында майлы ерітіндісі бар ампуланы - 38° С дейін жылыту керек (су моншасында)
Теріні немесе бұлшық етті тескеннен кейін ең бірінші поршеньді өзіне қарай тарту керек. Егер шприцке қан бармаса, дәріні ақырын енгізуге болады, қуысы жалпақ ине алу керек.
Егу жасаған жерге жылытқышты немесе жылыту компресін қою керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер инені енгізгеннен кейін, поршеньді тартқан кезде қан көрінсе, инені суырып алып, басқа залалсыздандырылған инемен ауыстырып, ауасын шығарып, 2-ші әрекеттен бастап жалғастыруыңыз қажет.
Бұлшық етке инъекция жасау Бұлшық етте өте көп қан және лимфа тамырлары бар, сондықтан дәрілер тез және түгелімен сорылады. Дәрілерді тері астына енгізгенде ауырсыну, қиын сорылу жағдайлары болса және тез терапиялың тиімділігіне жету үшін, тері астына енгізуді бұлшық етке енгізумен ауыстырады.
Бұлшық етке егуді көп бұлшық ет тарамдары бар жерлерге және үлкен тамырлардан, жүйкелерден алшақтау жасау керек.
Бұлшық етке егуді жасау үшін ең ыңғайлы жерлер: жамбастың, иықтың, санның бұлшық еттері.
Бұлшық етке егу жасау үшін саңылауы 0,8 - 1,0 мм және ұзындығы 6-8-10 см инелерді қолданады. Иненің ұзындығы терінің шел қабатының жуандығына байланысты болып келеді, енгізгенде ине тері шел қабатын тесіп, бұлшық ет аралығына бару керек.
Бұлшық етке егу жасаудың ең жақсы бөлігі - бөксе бөлігі болып табылады. Бірақ онда құйымшақ жүйкесі және ірі қан тамырлары өтеді, егуді тек қана жоғарғы сыртқы бөлігіне жасайды, яғни бөксені ойша төртке бөліп, жоғарғы сыртқы бөлігіне (1/4 бөлігі) жасайды. Бұлшық етке сульфат, сарысулар және т.б. ерітінділерді енгізеді.