Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет61/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз! Дәрі жақсы сіңуі үшін, сол қолыңызбен мақта шаригімен егу жасаған жерді баяу уқалаңыз.
Тері астына егуді жасағанда болатын асқынулар: инфильтрат, абсцесс, жұмсақ ұлпаларда иненің сынығы қалып қоюы, дәрілік эмболия, аллергиялық реакциялар, тері астына қателік жіберіп, басқа дәрі жіберу.


Инсулинді енгізу
Инсулин тері астына тамақтанудан 30 минут бұрын енгізіледі. Инсулин флакондарда 5 мл шығарылады. 1 мл-де 40 Б инсулин бар. Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулин шприцін қолданады. Жиі аралас шприцті де қолданады.
Липодистрофия асқынуын болдырмау үшін егу жасайтьш жерлерін жиі ауыстыру керек.
Мақсаты: инсулинді тері астына енгізу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: инсулиндік шприцтер, (немесе 1-2 мл шприцтер), 70% спирт, мақта шариктері, дәрілік зат – инсулин.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Инсулинді сорып алудың алдында инсулин шкаласы "бөлігінің бағасын" анықтаңыз.
Инсулин шкаласының кішкентай бөлігі 2 бірлікке сәйкес.
2.Пропорцияны пайдаланып, қай бөлікке дейін сізге инсулиннің мөлшерін сорып алу керектігін санаңыз:
1 бөлік - инсулиннің 2 бірлігі.
X бөлік - инсулиннің керек мөлшері
Мысалы: инсулиннің 10 бірлігін сорьіп алу керек:
1 бөлік - инсулин 2 Б
Х-10 Б (бөлік)
3.Аралас шприцті қолданған кезде, басқаша есептеуге болады: 1 мл - 40 Б бар екенін еске алып
0,1мл - 4 Б инсулин
X мл - (керек мөлшері) Б инсулин.
4.Шприцке керек мөлшерінен көбірек сорып алыңыз. Шприцтен ауаны шығарғанда және иненің өткізгіштігін тексергенде инсулин сыртқа шығады.
5.Инсулинді тері астына енгізу үшін қажеттерді дайындаңыз ("Тері астына егуді жасауды" қара).
Есеп: Шприцте 4 Б, 6 Б, 8 Б болу үшін неше мл инсулин сорып алу керек?
Жауап үлгісі:
0,1 мл, 0,15мл, 0,2 мл


Қауіпсіздік техникасының ережесі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер науқас инсулинмен егілгеннен кейін 30 мин соң тамақтанбаса, гипогликемия, естен тану асқынуы дамуы мүмкін. Мейірбике мұндай науқастарға қатаң бақылау жасауы қажет.
Гипогликемия кезіндегі жедел көмек:

  1. Науқасқа тәтті шәй, ақ нан, қант, кәмпит беру;

  2. Естен танған кезде 50 мл - 40 % глюкоза ерітіндісін тамыр ішіне енгізу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет