ІІІ. Асқыну: иненің сынуы Асқынудың себептері: егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде, ескі инелермен қолданғанда, бұлшық еттері қатты жиырылғанда пайда болады.
Асқынудың алдын-алу: инені толық енгізбей, терінің сыртына шамамен 0,5-0,7 мм қалдыру. Ескі инелерді қолданбау.Егу жасаудың алдында психологиялық кеңесуді өткізу. Емделушіні жатқызып егуді жасау.
Асқынуды емдеу: иненің сынығын емделушіден шығарып алу, болмаса хирургиялық ем.
ІV.Асқыну: майлы эмболиясы Аскынудың белгілері: көк тамырға түскен май - эмбол - қанмен бірге өкпенің тамырларына түседі. Кенеттен тыныс тарылу ұстамасы басталады, цианоз. Осы асқыну жиі өлімге әкеледі.
Асқынудың себептері: тері ішіне және бұлшық етке егу жасағанда иненің ұшы кездейсоқ тамыр ішіне түскенде немесе майлы ерітіндіні қателесіп көк тамырға енгізгенде.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
V.Асқыну: ауа эмболиясы Асқынудың белгілері: белгілері май эмболиясына ұқсас,бірақ өте тез уақытта белгіленеді.
Асқынудың себептері: шприцтің ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде.
Асқынудың алдын-алу: егу жасаудың алдында шприцтің ішінен ауаны ұқыпты шығару.
Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.
Ескерту: егер шприцтің ішінде көпіршіктер көп болып, ине арқылы шықпаса, онда егу жасағанда ерітіндіні түгелімен енгізбей, шприцтің ішінде 1-2 мл қалдыру керек.
VI.Асқыну: қателесіп басқа дәріні енгізу Асқынудың белгілері: әр түрлі болуы мүмкін - ауырсынудан анафилактикалық шокқа дейін.
Асқынудың алдын-алу: нұсқауға назар аударып оқу, егу жасау алдында ампулада немесе флаконда атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып шығу.
Асқынуды емдеу:
егу жасаған жеріне 0,9% натрий хлориді ерітіндісін 50-80 мл енгізу;
егу жасаған жеріне мұзды мұйықты қою;
егер егуді қолдарына немесе аяқтарына жасағанда егу жасаған жерінен жоғары резеңке бұрауды байлау;