Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


VII.Асқыну: жүйке сабының заңымдануы



бет69/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

VII.Асқыну: жүйке сабының заңымдануы
Асқынудың белгілері: әр түрлі зақымданудың ауырлығына байланысты: жүйкенің қабынуынан салдануына дейін.
Асқынудың себептері: егу жасайтын жерін дұрыс анықтамай инемен механикалық түрде зақымдау. Жүйке сабының қасында дәрілік депосы құралған жағдайда химиялық зақымдану.
Асқынудың алдын-алу: әр түрлі егулерді жасау жерлерін дұрыс анықтау.
Асқынуды емдеу: дәрігердің, нұсқауымен.
VIIІ.Асқыну: тромбофлебит (тромб пайда болуымен тамырдың қабынуы).
Асқынудың белгілері: тамырдың жүрісімен ауырсыну,қан кернеу (гиперемия), инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуі мүмкін.
Асқынудын, себептері: көк тамырдың бір жеріне жиі егу жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда.
Асқынудың алдын-алу: көк тамырларға кезектеп егу жасау және өткір инелерді қолдану.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
IX.Асқыну: некроз (ұлпалардың өлі еттенуі)
Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінде ауырсынудың көтерілуі, ісіну, қан кернеу (гиперемия), гиперемиямен бірге цианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу, жаралар пайда болу.
Асқынудың себептері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10% кальций хлоридін)
Асқынудың алдын-алу: егулерді енгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10% кальций хлориді ерітіндісін - тек қана көк тамырдың ішіне).
Асқынуды емдеу:

  1. егуді тоқтату;

  2. жіберген ерітіндіні шприцке қайтадан барынша сорып алу;

  3. егу жасаған жеріне 0,5% новокаин ерітіндісін енгізуге болады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;

  4. егу жасаған жеріне мұзды мұйықты қою,

Ескерту: 10 % кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде резеңке бұрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсерімен қауіпті.
X.Асқыну: гематома (тері астына қан құйылуы)
Асқынудың белгілері: терінің астында қызару мен қан ұюы пайда болады.
Асқынудың себептері: көк тамырға егуді ұқыпсыз жасағанда, тамырдың екі қабырғасы тесіледі. Өткір емес инелерді пайдаланғанда.
Асқынудың алдын-алу: көк тамырға егу жасаудың техникасын ұқыпты сақтау, өткір инелерді қолдану.
Асқынуларды емдеу:

  1. егуді тоқтату (басқа тамырға жасау).

  2. тамырдың үстін спирттелген мақтамен қысып ұстау.

  3. гематома болған жеріне жартылай спирттелген компресс қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет